Материалдар / «Бастауыш сынып оқушыларына төл дыбыстарды дұрыс меңгерту арқылы сауатты жазуға дағдыландыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бастауыш сынып оқушыларына төл дыбыстарды дұрыс меңгерту арқылы сауатты жазуға дағдыландыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету – алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі.Қазақ тілінің төл дыбыстарын үйретуде бастауыш сыныптарында атқарылатын жұмыс түрлеріне көп назар аудару керек.
Авторы:
13 Маусым 2024
220
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бастауыш сынып оқушыларына төл дыбыстарды дұрыс меңгерту


арқылы сауатты жазуға дағдыландыру»


Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, өз бетінше

еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге

үйрету – алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі.Қазақ тілінің

төл дыбыстарын үйретуде бастауыш сыныптарында атқарылатын жұмыс

түрлеріне көп назар аудару керек.

Төл дыбыстарын өткен күннен бастап жазуға да қойылатын

талапты естен шығармау қажет. Оқушыларға балалар кітаптарынан,

журналдардан, өлең, ертегі, әңгіме оқытып, көшіріп жазу дағдысын

қалыптастырған жөн . Сауатты жазуға төселдіру үшін де үлкен ізденіс,

шеберлік керек.Бұл жұмыс жеңілден ауырға қарай күрделеніп

отырады.Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны

көп сөзді естіп, жазуға төселдірген дұрыс.


Қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау,

фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа

түрін таңбалап жазу, әріптерді тану, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету

сауатты жазу дағдаларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға

дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуді

жүзеге асыру.


Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді.Оқу мен

жазудың негізі – ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды.

Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы

(әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым

орфографикалық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс

жазу) қалыптастыруы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын

сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау дыбыстарды

сәйкес әріптермен белгілеу, бейнелеу.

Төл дыбыстарын өту барысында жазудың негізі мен сауатты жазудың

негізі қаланады. Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай:

Төл дыбыспен таныстыру, көрсету, плакатта, дидактикалық

материалдар, дәптердің бетінде жазылуымен таныстыру;

Мұғалім жаңа әріптің ауада және тақтада жазып көрсетеді;

Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу;


Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу;

Сөздерді жазу; дауыстап айту;

Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді.Әр

баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді.Келесі әріпті

бала өзі жазады.Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке

жұмысын жалғастырады. Сөзді дыбыстаудың өлшемі-буын. Әріпті

меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды

дұрыс меңгерген оқушы сауатты жаза біледі.

Жаңа тақырыпты өту барысында суреттерді қолдану , сөз, сөйлем,

шағын әңгімелер жазу, сөзжұмбақты шешу есте сақтаудың тиімді әдісі.

Керекті нүктелердің орнына тиісті әріпті, буынды, сөзді қойып жазу сияқты

тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды.

Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін пән - қазақ тілі пәні болса, сауатты

жазу үшін оқушылар қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс

түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауыш

сыныпта сауаттылықты, әсірес төл дыбыстарын жете меңгермеген оқушы

жоғарғы сыныптарда оны толықтыра алмайды.


Сондықтан оқушының сауатты жазуына әрбір сабақ сайын көңіл

бөліп,олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға

үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни қазақ тілі мен тікелей

байланысты болады.


Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз ойларын ауызша, жазбаша

жеткізе білуге үйрету – әр мұғалімнің міндеті. 1-4 сынып оқушыларын

сауатты жазуға үйретуде ойын түрлерін, дидактикалық, шығармашылық

тапсырмаларды қолдану тиімдірек болады. Оқушыларды сауаттылыққа

үйретудегі  нәтижелі әдістің бірі- сабақ  үстінде ойын элементтерін

пайдалану.Ойын оқушыларды  сабаққа қызықтырады, маиериалды тез

қабылдап, есінде  ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп,

солардың ішінде  сауатты жазуға  үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.

Жұмбақ, жаңылтпаштарды  қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену

оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйретеді,  әрі ойын

дамытады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Әрі таза, көркем, сауатты

жазуға дағдыландыру үшін  сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету,

салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді. Сауатты әрі

каллиграфиялық  дұрыс жазуда  көрнектіліктің  алатын орны ерекше.

Сондықтан әрбір сабақтың  тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған

таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық

материалдардарды пайдалануға көңіл бөліну қажет.

Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты төл дыбыстарды,

әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен

ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем,

қатесіз, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа

үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімгнің

шығармашылық ізденісіне байланысты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!