Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
ойынның балаларға əсері , ойын арқылы бала ойының дамуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
954
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Бапстауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту

» Терең білім — тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл — ой -азаттығымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаев.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз-оқушылардың ақыл-ой күшін, олауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі оқушыларды біліммен қаруландыру, ойды, таным мен шығармашылық қабілеттерді дамыту, ақыл-ой мәдениетін бойға сіңіру міндеттерін алға қояды. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.


Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.


Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;

негізгі ойлау операцияларын меңгерту;

зиялылық біліктерді қалыптастыру;

дүниетанымды қалыптастыру;

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту басқа пәндермен салыстырғанда, математика пәні оқытуда, сыныптан тыс жұмыстарды қазақ халқының ауызша есептерін шығаруда жүзеге асады.
Ұлы дана адамдардың ақыл-ой туралы айтып келген тұжырымдамаларын,
қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалану оқушылардың бойына дүние танымдылық, оймүдделерін дамытуға деген қызығушылықты, соған байланысты іс-әрекет белсенділіген, логикалық ойлау қабілетін арттырады. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік
сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады.
Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдылары қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін
арттырып отыруға көңіл аудару керек. Еңалдымен баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінің білсе,онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға,
бағалауға, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен
ғылыми заңдылықтары түсіну және практикалық міндеттері шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылымибілімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.
Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой
тәсіл амалдары);
3. Бақылау оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қаблеті
қалыптасады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлаудың
өркендету жолдары көп. Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі жас балаға
ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлаудың өркендеткенде,
сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттеулердің көп
болуына қылу керек. әсерленулер, суреттеулер өздері өз болып және
дұрыс ашық болмаса, баланың үғым, жасауға ой шығаруы қажет
болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық
болуы керек. Қанша дегенмен адам, суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қажет жоқ.Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ топқа бөліп
үйретсін. Мысалы: дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ топқа болу
сықылды. Бірақ баланы, заттарды, көріністерді топ топқа бөлгізіп
үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді көшуді естен шығармауға керек.
3. Көріністердің ойлардың аралалығындағы байланыстарды олардың
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін, бұл мысалдардын ереже заң
шығартқызып үйрету сықылды істермен болады.

Назар аударыңыз: Адамға тән алты қасиет:

  1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің

  2. Қиындықта сыналатын қайратың

  3. Ешқашан алдамайтын тапқырлығын

  4. Тек ілгері бастайтын талабың

  5. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің

  6. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің

Мақалды жалғастыр” ойыны Ақыл бастан, ….    ….. . Ақылды адам ерінбейді,
….   ……     …… . Ақыл базарда … . Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.
Ақылсызға …   …, …..  ..    ….. .


Қортынды: ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Үй жұмысы: 1.Жаңа дәріспен танысу,дәрісті жазу. 2.Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар жаса 3.Кез келген пәнді алып,жоспарын жаса(логикалық ойлауын дамытатын тапсырмалар міндетті түрде ).

4.Ақыл –ой туралы даналық сөздер жаз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!