БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Бастауыш сынып мұғалімі Сембаева Жулдуз
Толеубаевна
Тақырыптың
өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды
қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін
арттыру.
Жұмыстың
мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей
отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді,
интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын,
нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және
даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория.
Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен
тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни
білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады.
Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып
отыр.
ІІ Негізгі
бөлім.
1. Тақырыптың ғылыми – теориялық негізі.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-
экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде
мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын
жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды
қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер
оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден
төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке
шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі
қарастырылған.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені
мәлім.
Бір нешеуін атап айтатын
болсақ:
• Жобалау
технологиясы- педагогтың интеллектуалдық,
кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы
қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей
əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре
отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе
білу, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына
бейімдеу қажет. Бұл технология əлемдік педагогикада жаңалық емес.
Ағылшын тілінен аударғанда "cooperative learning" - бірге үйрену
деген мағынаны білдіреді. Жобалау технологиясы - оқушылардың
жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы
меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында
АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған
- Джон Дьюи атты психолог . Бұл технологияның негізі өз жұмысының
жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау . "Өзіне
көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі
киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек
үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл
мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген екен
Хилпатрик.
• Дамыта оқыту
технологиясы оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік
қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны
дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік
беріледі.
Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол
– өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан
күрделіге» деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы
стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын
стратегиялар өте көп .
Сабақта пайдаланатын стратегиялар
түрі:
1. Негізгі ойды
суреттеу
2.
Топтастыру
3. Бес жол
өлең
4. Эссе
жазу
5. Болжам
кестесі
6. Галереяға
саяхат
7. ЖИГСО -
2
8. Автор
орындығы
9. Венн диаграмма
т.б
Аталған стратегияларды пайдалануға болады. Соның ішінде мен
«Джигсо» әдісіне тоқталғым келеді. Бұл әдісті мен Жаратылыстану,
дүниетану, әдебиеттік оқу сабақтарында
қолданаын.
Ол оқушылар арасындағы нәсілдік негіздегі
дауларды азайту және оқыту үдерісін жақсарту мақсатында
пайдаланылатын Джигсо (ағыл. Jigsaw – басқатырғыш ) оқыту әдісін
әзірледі .
Мен жаратылыс тану сабағында
оқушылардың барлығына бірдей мәтінді беріп 8 минут уақыт бердім.
Олардың міндеттері оқушылар берілген мәтінді түсініп оқу. Оқып
біткенен кейін қалаған бір оқушыға менің орныма мәтінді тусіндіріп
беруді тапсырдым. Осы кезде өзіне сенімді оқушы шығып мәтін не
жайында екенін айтып берді. Қалған оқушылар мұқият тыңдап қалып
қалған жерлерін толықтырыа отырды. Бұл Джигсо әдісінде оқушы
көшбасшылыққа ұмтылады.
Мозайкалық оқыту әдісн
әдебиеттік оқу пәнінде жаңа тақырыпты өткенде қолданған ыңғайлы.
Оқушыларға мәтінді төрт топқа төрт бөлікке бөліп беремін. Оны оқып
талқылауға уақыт беремін. Уақыт аяқталғанда әр топтан 2 оқушыдан
басқа топтарға барып мәтінді түсіндіріп береді . Солай 3 топта
өздерінің бөліктерін түсіндіріп береді ең соңында топтағы жауапты
бір оқушы барлық оқушыға түсіндіріп
береді.
Осылай мазайкалық әдісті
сабақтарда қолдануға болады.
ІІІ Қорытынды бөлім.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері,
ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар –
жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда
оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық
қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы,
бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын
ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.