Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық даму ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық даму ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық даму ерекшеліктері туралы
Авторы:
17 Мамыр 2024
258
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық даму ерекшеліктері


Жанат Байжуманова

169 мектеп-лицейі, Алматы қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі


Бастауыш сынып оқушысының эмоционалды жағдайы ол ең алдымен бала психологиясына және оның білім алуының нәтижелі болуымен тікелей байланысты. Өз ісін шынайы сүйе білетін мұғалім ол ең алдымен баланы сүйе білуі қажет, әр оқушыға өз білгенін жеткізу үшін ол өзінің эмоциясына аса назар аудару керек. Осы бағытта біздің шет ел ғалымдары өздерінің ғылыми теорияларын ұсынған, солардың бірі Джеймс пен Лангенің теориясы, егер эмоционалды өмірді биологиялық жағынан қарастырса, психологиялық өмірді бүкіл аумағының өлшемі, бір жағынан психологиялық тәжірибе, содан кейін экологиялық зерттеулер бұл ойдың нақты екенін дәлелдеді.

В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша, эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан қандайда бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады, деп есептеген.

Джеймс белгілі физиологиялық жағдайлар түрлі эмоцияларға тән (әуесқойлық, таңқалу, қорқыныш, ыза, алаңдау). Осыған сәйкес тәндік өзгерістер эмоционалдық органикалық белгісі деп аталады. Джеймс пен Лангенің теориясының дәл осы органикалық өзгерістері эмоционалды алғашқы себептері болды. Алдымен сыртқы себептердің әсерімен организмге, эмоцияға тән өзгерістер болады да, одан кейін эмоционның өзі пайда болады. Бұл теория жағынан аяқталған және өңделген теория болып 2 белгімен қарастырылды: бір жағынан ол шынымен эмоциялық реакцияға нақты ғылыми биологиялық негіз беруі, ал екінші жағынан түсінігі жоқ теорияның кемшіліктерінің жоқ болуымен дәләлденді.

Алғашында Джеймс пен Ланге теориясының «материалистік» екенінде сөз қозғады, олар адамдардың сезімін денесінде болып жатқан органикалық процестерге санасының бейнесін қосқысы келді. Бұл ойларға Джеймс органиканың пайда болуын, адамдардың жанын атасынан қалған төмен эмоциялар деп жауап қайтарды. Ол қорқыныш, ыза, уайым сияқты топтарға жатпайды, бірақ әрине мынадай «субтильді эмоцияларға»: діни сезім, әйел мен еркектің сүйіпеншілігі, эстетикалық уайым және т.б. осылайша Джеймс эмоцияның төмен және жоғарғы аймақтарын айыра білді.

Джеймс пен Лангенің теориясына экспериментальды шабуыл 2 бағытта жүргізілді: физикалық лабаротория мен психикалық лабаротория. У.Кингоның еңбегінде ең бірінші түрлі эмоция жағынан пайда болуы байқалатын тәндік өзгерістер, бір – біріне ұқсас және түрлері бойынша адамдардың жоғарғы эмоционалдық уайымның сапалы айырмашылықтарын түсіндіре алмады. Кингонның Джеймс пен Лангенің теориясына ең күшті контраргументі мынадай болды: миға органикалық сигналдардың келгенінің шынайы емес жасанды тоқталуы эмоцияның пайда болуына кедергі жасамайтыны туралы айтты.

Одан кейінгі зертттеулерде мидың барлық құрылымынан эмоцияның бәрінен бұрын функционалды түрде байланысатын таламустың өзі емес, илпоталамуспен мембикалық жүйенің орталық бөліктері болып табылады: жануарларға жасалған эксперименттерде бұл құрылымдарға тоқтық әсерде ыза мен қорқыныш сияқты эмоцияналдық күймен басқаруға болатынын анықтады.

Линдий мен Хоббтің активационды теориясы.

Эмоционың психологиялық теориясының ары қарай дамуы мидың электрофизикалық зерттеулерінің ықпалы болды. Осы жинаққа негіздеме Линдий мен Хоббтің активационды теориясы пайда болды. Осы теорияға негізделе отырып, эмоционалдық жағдай бас миының төменгі бөлімінің ретикулярлы формациясының ықпалымен анықталады. Эмоция орталық нерв жүйесінің бірқатар құрылымындағы тепе-теңдікті сақтау мен бұзылулардың салдарынан пайда болды. Активационды теория келесі мәліметтерге негізделеді: эмоция кезінде пайда болатын электроэнцефалографикалық бейнесі, ретикулярлы формацияның қызметімен байланысты «активизация жинағы» болып табылады. Ретикулярлы формацияның жұмысы эмоционалдық күйдің динамикалық параметрлерін анықтайды: күшін, ұзақтығын, өзгергіштігін және т.б.

Эмоционалдық және органикалық процестердің өзара байланысын түсіндіретін теориядан кейін эмоционалдық психика мен адамның жүріс – тұрысына ықпалын сипаттайтын теориялар пайда болды. Д.О.Хоббке экперименттік жолмен адамның эмоционалдық қозу дәрежесімен оның практикалық қызметінің табыс дәрежесінің тәуелділігін анықтады. Қызметте жоғарғы нәтижеге жету үшін өте күшті немесе әлсіз эмоциялық қозулар қажет емес. Әрбір адамға толық тиімділікпен қамтамасыз етілген эмоционалдық қозу бар. Эмоционалды қозудың әлсіздігі жұмыстың мотивациясын қамтамасыз етпейді, ал күшті болса оны жойып, басқаруына кедергі жасайды.

Адамның эмоция процесі мен жағдайының динамикасында органикалық және физикалық ықпалдың басқа когнитивті – психикалық факторлар маңызды роль атқарады. Осыған байланысты адамдағы эмоционалды когнитивті процестердің динамикалық ерекшеліктерін түсіндіретін жаңа концепциялар ұсынылды.

Осындай теориялардың ең алғашқысы Л. Фестингердің когнитивті диссонансты теориясы болды. Осыған байланысты адамдарда жағымды эмоционалды уайымдау ойлағаны іске асқанда болса, ал жағымсыз ойлағанмен болып жатқанның нәтижелері үйлеспеуі немес диссонанстың болуымен сипатталады.

Қазіргі психологияда когнитивті диссонанс теориясын адамдардың қылықтарын түрлі эмоционалдық жағдайдағы іс – әрекетін түсіндіруде қолданылатын эмоция да өз алдына әрекет пен қылықтарға сәйкес негізгі себептер түрінде қарастырады. Оның негізіне жататын когнитивті фактор адамның мінез құлық детерминациясына ұласып, органикалық өзгеріске қарағанда аса үлкен роль атқарады.

Қазіргі психологияның зерттеулердің когнитивтік бағыттың басымдылығы эмоциогендік фактор ретінде адам жағдайын беретін саналы бағаны да қарастыруына әкелді. Мұндай бағалаулар эмоционалдық уайымның мінезіне әсер етеді деп болжайды.

С. Шехтердің когнитивті – физикалық теориясы. Жоғарыда эмоцияның пайда болуымен оның динамикалық жағдайлары мен факторлары жөнінде У. Джемсон, У. Кигнон, П. Бардом, Д. Хеббапен және Л. Феспенгердің айтқандарына өзінің ойын С.Шехтер қосты. Ол және оның әріптестері эмоцияның физикалық қозу мен когнитивті бағалау негізінде пайда болатынын айтты. Кейбір жайттар мен жағдаяттар физикалық қозудың пайда болатынына себеп болады және индивидта сол қозуды тудырған жағдаяттың мазмұнын бағалау қажеттігі пайда болды. Индивидпен сезілетін эмоцияның түрі мен сапасы физикалық қозу кезінде туындайтын сезімдерге байланысты емес, ол индивидтің болып жатқан жағдайда бағалануына байланысты болып келеді. Жағдайды индивидтің сезімінің қуаныш па, әлде уайым ба, қорқыныш, желкену немесе т.б. жағдайға байланысты эмоция айтуына ықпал етеді. С. Шехтермен ұсынылған эмоция концепциясы когнитивті физикалық деген атауға ие болды.

Эмоция когнитивті теориясында айтылғандарға дәлелдеме ретінде бағытталған бір эксперименттерде адамдарға дәрі ретінде физикалық сұйықтық берілген. Бір жағдайда берілген «дәрінің» эйфорияға әкелуін айтса, ал екінші ашу ызаның келуін ескертті. Тиісті «дәріні» қолданғаннан соң одан қандай сезімде екенін сұрады. Олар айтқан реакциялар біз ойлағандай сезімдермен сәйкес болып шықты.

Адамның эмоционалдық толқу жиілігімен мінез құлық әр жағдайда қасында жүрген адамның сол жағдайда қалай сезілетініне байланысты екені айтылды. Осыдан эмоционалдық күйдің адамнан адамға берілетінін айтуға болады.

Эмоция теориясы тұлғаның дамуындағы эмоция ролі мен оның ой мен әрекетке ықпалы туралы көп айта алмайды. Көптеген зерттеулер эмоция процесінің тек 1 ғана компонентімен ғана байланысты болды. Бірақ кейбір теориялар эмоция мен ойдың, әрекет пен тұлғалық; өзара қарым – қатынас жеке аспектілерін өңдеді; сонда да көп нәрсені теориялық жағынан да эмпирикалық дәрежеде де жасау керек.

Эмоция мен сезімнің толық тізіміне: құмарлық, қауіпсіздік, алаңдаушылық, ризалық, амандық, үрей, жиереншектік, ыза, кінә, айбындылық, билік, масаттану, менменшілдік, аштық, тәкаппарлық, сенімділік, міндет, адамгершілік, аңсау, аяныш, қамқорлық, қызғаншақтық, табалаушылық, ашу, қызығушылық, әсемдік, жалқаулық, махаббат, кек, үміт, паңдық, наразылық, нәзіктік, жек көрушілік, сенімсіздік, қанағаттанбаушылық, өкпе, мәпелеу, жалғыздық, сақтық, жауапкершілік, уайым, дәмелену, менсінбеу, берілгендік, қуаныш, түңілу, тітіркену, өкіну, қызғаныш, зерігу, меншік, сенімсіздік, тыныштық, әділдік, мұң, сендіру, сыйлау, күлкілі, атақ құмарлық.

Барлығы тізімде 74 атау бар. Кейбір атаулары шектеуі бар болса, ал кейбіреуі бірнеше синонимді болып келеді.

Эмоция мен сезімдер – өзіндік білім. Мысалы: қуаныш эмоция мен эмоция сезімі болуы мүмкін. Егер әлі қажеттіліктердің басы және оның қанағаттануында өзекті болса, онда сезім тәндік сипаттамада болып келеді. Қуаныш эмоциясы қажеттіліктердің жалпы қанағаттануымен байланысты (қарынның ашуы, шөлдеу және т.б), ал қуаныш сезімі нақты объектімен байланысты.

Қоршаған ортаға қарсы адам жағымды сезімдерін бекітіп және күшейтуге тырысады. Сезім эмоцияға қарағанда, сананың қызметімен байланысып, реттеле алады.

Белгілі бір қызметке немесе органикалық қажеттіліктермен қанағаттанбаған кездегі сезімді – құмарлық дейді. Құмарлық адамда ғана кездесетін эмоциялық жағдай. Керек жағдайда өзінің құмарлығын баса алатындар аз.

Барлық эмоциялық жағдайлар (эмоция мен сезімдер) олардың сапасы (жағымды және жағымсыз) тереңділігі, қарқындылығы, ықпал ету ұзақтығына сәйкес айыра аламыз.

Іс әрекеттің белсенділігіне қарай эмоция мен сезім стеникалық және астеникалық болып бөлінеді.

Стеникалық сезімдер белсенді іс әрекетте адамның барлық күшін жұмылдырады. (қуаныш, шабыт, қызығушылық сезімдері және т.б). астеникалық сезімдер күшті әлсіретіп, жансыздандырады (қорланған, басыңқы, т.б сезімдерді тудырады).

Сезінудің эмоционалды тоны – ол біздің сезінуіміздің сапасына қарым – қатынасымыз (бізге гүлдің иісі, көлдің толқыны, күн батыстағы аспан түсі ұнайды,алайда уксус қышқылы сияқты жағымсыз иістер ұнамсыз болып келеді). Жеке тітіркендіргіштерде жиеркенуге тән аурулар пайда болады – идиосинкразия (мысалы шынының үстінен металды затпен сызып өткен дыбыс, бензин иісі т.б)

Эмоционалдық емес – заттық ортадағы болып жатқан өзгерістерге оперативті эмоционалды реакция. (әдемі пейзажды көргенде – шаттану). Эмоционалдық емес сезімдер адамның эмоционалдық қозғыштығымен анықталады. Эмоционалдық емес сезімдердің бір түріне синтония жатады. Синтония – жалпы айналадағы құбылыстарға және басқа адамдардың жағдайына үйлесімді елестете алу қабілеті. (табиғат пен өз – зіңмен үйлесімді болып, басқа адамдарды «сезу»). Бұл эмоционалды үндестік.

Көңіл күй – баланың мінез құлқын бояйтын, ең ұзақ эиоционалды жағдай. Көңіл күй адам өмірінің жалпы тонусын анықтайды. Көңіл күй субъектінің тұлғалық жақтары мен негізгі құндылықтарды қозғайтын ықпалына тәуелді. Көңіл күй басқа эмоционалдық жағдайлар сияқты жағымды және жағымсыз, белгілі бір қарқындылық пен мәнділік, табандылықты қажет етеді. Психологиялық белсенділіктің ең жоғарғы дәрежесі – жігерлілік, қайраттылық, ал төменгі – апатия.

Егер адам өзін – өзі реттеу әдісін игерген болса, онда жағымсыз көңіл күйді саналы түрде жақсартуға болады. Көңіл күйдің түсуі қарапайым организмдегі биохимиялық процестерден немесе ауа райының бұзылуларынан болуы мүмкін.

Адамның эмоционалдық табандылығы түрлі жағдайда мінез құлықтың бірқалыптылығынан болады. Қиындыққа табандылық таныту, басқа адамның мінез құлық шыдамдылық көрсету талерантылық деп аталады. Адам тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз эмоцияларды игеруі сәйкесінше көңіл күйдің тұраұталуына әкеледі.

Мотивациямен бірдей эмоция да адамның негізігі сезімдеріне жатқызылады. (мысалы қуаныш немесе ашу ыза). Эмоция мотивация сияқты мінез құлық реакцияларын тудырады, мотивацияның өзімен бірге де жүреді. Мотивация мен эмоцияның айырмашылығы мотивация организмді белсендіріп, ішкі пайда болған балансты жоюға бағытталған, ал эмоция сырттан келетін мәліметтерге жауап беріп, сол мәліметтің қайнар көзіне бағытталған.

Эмоция сапасы: эмоция белсенділгі

Эмоция белсенділігі нерв жүйесінің вегетативті және толық функциясының орталығына тәуелді. Эмоция дифференциясы: эмоция бейнеленуінде әкелетін жағдайдың анализінеде қорытылады. Мұндай бағалауға белсеенділік сияқты, эмоция сапасы да қшырайды. Егер адам белгісіз эмоция жағдайда болса, онда когнитивті бағалау жағдайында бағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен мынадай жағдай да болады: эмоция жағдайында заттық жағынан да, сана жағынан да бағаланбауы мүмкін. Мұндай жағдайдаға «бала қорқыныштары» жатады. Осындай мәселе туындаған кезде эмоция жағдайының дамуы бас миындағы арнайы нейрональды жолмен жүзеге асады.

Эмоцияның мимикалық бейнеленуі

Әлеуметтік және мәдениет түріне қарамастан адамдар арасындағы эмоция бейнеленуі түрлі жолы бар. Эмоцияны анықтау орталығы бас миының оң жарты шарында орналасқан және түр локализациясының күшті орталығы бар.

Коммуникация және эмоция

Адам және жануарлар арасындағы коммуникациядағы атақты эмоция ролі тлоықтырылады, бірақ эмоциялық жауаптың алдын ала күшеюі мен алдын ала мимиканың күшею мүмкіндігімен жүзеге асады. (мимикалық қайта байланыс гипотезасы)

Көңіл күй эмоциялы жағдай ретінде

Эмоциялық жағдай – көңіл күй – адамдар мен жағдайды бағалауға ықпал етеді, сонымен қатар іс әрекетті мүмкін болатын нәтижесі бағалауда және болжауда ықпал етеді.

Мінез құлық пен эмоция

Белсенділіктің типтік тенденциясы анықтал,ан эмоцияның пайда болуын анықтайды. Агрессивтілік – ашу ызаға қарсы типтік жауап болып табылады. Жануарлардағы агрессивті реакция бас миының нейрональды құрылымымен реттеледі. (гипоталамус) адамда бқл белсенділік бас миының қабыршығымен реттеліп, алынған тәжірибенің бөлігі болуы мүмкін. Әлеуметтік оқыту теориясы бойынша баладағы агрессивті мінез құлық теледидардағы көрсетілген зорлыө зомбылықты көрсетуден пайда болуы мүмкін.

Эмоция белсенділігі:

  • Әлсіз – кенеттен және аз пайда болатын, басөа сезімдерге жеңіл беріледі. Сананың басқаруына қиын беріледі. (ұялшақтық)

  • Орташа – әдетте санамен басқарылады, басқа сезімдерге ықпал етеді.

  • Күшті – санаға берілмейді. Басқа сезімдерді басып кетеді (ыза, махаббат, бақыт)

Эмоция белгілері

Жағымды – адам эмоция белгісіне ұмтылады.

Жағымсыз – адам объектіден ары қмтылады.

Ең қызығы жағымсыз эмоцияға қмылған кезде, мысалы ауруға оны былай түсіндіруге боады: күшті жағымсыз эмоция күшті қозу мотивацияны тудырады. Бұл мотивация нақты мақсатқа ие болып табылады.

Эмционалды ракцияның пайда болуы.

Эмоцияны шақыратын түрлі объектілер бізде қандай тәндік қозулардың түрлерін тудырады? Бұл сұрақ жақында ғана қозғалса да, оны шешуде қызық әрекеттер жасалған. Бұрын индивидумға пайдалы мәнерліліктің кейбір түрлері іс - әрекеттінің әлсіз формасының қайталануын қарастыруға болады. Басқаша жағдайда мәнерліліктің түрлері пайдалы әрекеттердің физикалық қосымшасы болған әлсіз формадағы әрекет болып табылады. Эмоциялық реакцияның осындай мысалы ретінде ашу ыза мен қорқыныш кезінде дем алудың үзік-үзіктігі жатады.

Бұл сұраққа бойынша басқа ғалымдардың болжамдарында Спенсердың дәлелдемелері осындай мен білетіндей ол алғашында пайдалы болған қорқыныш пен ашу ыза кезінде басқа әрекеттер рудименталды болжаған 1ші ғалым.

«Әлсіз дәрежеде сезіну» - жаралану немесе қашу кезінде бірге жүретін психологиялық жағдай,қорқынышты сезіну болып табылады деп айтқан. Бұзылу мен жойылуға бейім құмарлықтармен байланысты бұлшықет жүйесінің қиналуында тістенгеннен, көздің бақырайып қалуынан білінеді- олардың барлығы объектіге зиянын келтіреді. Осылайша, мағыналары түсінікті болған бұл объектінің деректеріне жеке тәжірибесімен біршама фактілерді қосуға болады. әрбір адам өзіндегі ішкі сезімінің қорқыныштан пайда болып, өзін күтіп тұрған кейбір жағымсыз құбылыстарды елестеткенде болатын және ыза деп аталатын ішкі сезімнің азап зиянын тигізетінін біле тұра сондай әрекеттерге барады, әлсіз формада болатын уайымдау принципіне берілген эмоциялық объектімен соқтығысқан кезде, тәжірибеде біршама пайдасын тапты. Тістену, ауыздын үстіңгі жағын көтеру сияқты кішкентай белгілер, Дарвиннің айтуынша үлкен көздері мен тістері бар маймыл текті ата- бабаларымыздан қалған рекшеліктер деп болжаған. Спенсер бойынша мұрын қуысының кеңеюі, ата-бабамыздың күрксте қарсыластың денесін тісімен жұлғанда терең дем алғанда пайда болған дейді.

Вундт пен Бидерит моральдік дәлдік әсерлерінің символикалық жағынан қолданылуы моральдік себептерде реакциялардың аса тиянақтылыған қарастырған. Тәтті, ашты, қышқыл сезімдерінің аналогиясы бар сезімдік әсергк қарым-қатынас іс әрекетімізде көрінеді, тиісті дәмдік әсерлерімізді жеткізгендегі сезімдерімен ұқсас: тік ауыспалы түрде ащы, тұщы, тәттіні білдіретін барлық ішкі сезімдер ауыз қимылының мимикасынмн сипатталуын осындай аналогиялық мимика желкену мен қанағаттану кезінде білінеді. Бастың оңға солға бұрылуы мойындамауды білдірсе, ол көбінесе балалардың келіспеушілік білдіруінде байқалады,осылайша басты изеу де келісудің белгісін білдіреді. Нерв жүйесі сияқты организмнің иын мүшесінде көптеген кездейсоқ реакциялар болуы мүмкін., бұл реакциялар тек жағымды болып дамымайды. Теңіз ауруы, қытықшылдық ұялшақтық, түрлі ішімдік заттарға әуестік кездейсоқ жолмен пайда болатын құбылыстар .

Эмоция (лат тіл «emotion» алаңдау) - индивидтің өміріне маңызды регулятивті фактілер пәні мен жағдайы болып табылады. Ткелей уайым формасында білінетін түрлі пссихологиялық құбылыстар болып табылады.Эмоцияның пайда болуының 2 көзқарасы бар; біреуі сезім мен түйсік болса, 2-сі ойлау мен танымдық процестер. Мұндай жолдар айырмашылықтары Аристотель кезінде болған, «физик құмарын диалектиктен өзгеше анықтаушы еді; мыс ашу ызаны аурудың есесін қайтару деп сипаттаса, сол кезед физик болса, жүректі айналып жүретін жылы заттың қанның қайнауы деп айтушы еді» 2 бағытта біздің күнделікті тәжірибемен зерттеуде көрініс табады. Философиялық және психологиялық теория эмоцияның 1-ші 2ші көзқарасын дамытады, осылайша бірқатар теория эмоцияны сезімге жатқызса, ал ой мен пікірді кездейсоқ еріп жүрген сезімдер ретінде қарастырады. Түрлі эмоциялар түрлі ойлармен айланысты. Ол жекелей болып, белгілі бір нәрсеге бағытталып, эмоцияны тудырған объекті болу керек. Ой бағытты анықтауда ғана емес, оның типін анықтауда шешуші роль атқарады. өкініш, реніш, ұялу немесе басқа да ұқсас сезімдер сезілуі мүмкін, бірақ олар түрлі белгілермен, біз туралы не айтады деген оймен, өткен нәрсеге жауапкершіліепен баланысты. Ой, эмоция, сезім арасындағы байланысты анализдеу таңдаудың бір әдісі-эмоцияның тәсілдеріне назар аударайық.

Біз неге жылаймыз? Чарльз Дарвин «Адам мен жануарларының эмоция белгілері» атты еңбегінде бұл сұраққа эволюционды, фнкционалыд негізін ұсынады. Жастың рефлекторлы шығуы көзді шаңнан және басқа да тітіркендіргіштерден тазартады. Сонымен қатар жас көз бұлшықеттері жиырылғанда пайда болады. Осыдан жастың кейде күлкімен қатты жөтелумен жүретіні де түсінікті болды. Мақсатқа жету кезінде өңделген механизм, басқа да жағдайларда жанданады. И бұл көзқарастан эмоцияналдық жасты кездейсоқ дем алуға әсер етуші нәтиженің салдары ретінде қарастырады.

Басқа да пікірлерді қарастыратын болсақ, американ психологы, фиолософ

У. Джеймс психология принциптері жұмысындағы эмоционалды физиологиялық белгілерге жатқызады: біздің эмоцияны жан – жақты болжауымыз мынадай қандай да бір фактіні қабылдау эмоция деп аталатын психологиялық жағдайды қоздырады; мұндай жағдайы тәндік белгілерді қоздырады. Менің теориям бойынша тәндік өзгерічтер бізді толқытқан фактілерден кейін жүрсе, ал сезіну болып жатқан өзгерістерден болады, ол эмоция... біз уайымдағанна жылап, қорқанымыздан дірілдейміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!