Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабақтарында Wordwall -ды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру»

Ашурова Гульнур Казезовна

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Катонқарағай ауданы білім бөлімінің

«Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі


Мазмұны:


1.Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын

арттырудың теориялық негіздері.....................................................................3

    1. Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың

теориялық негіздері.......................................................................................4

2. Ақпараттық технологиялар арқылы қазақ тілінен функционалдық

сауаттылығын арттыру.................................................................................4


3. Қорытынды........................................................................................................5



Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................6







  1. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негіздері.


Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру- білім беру процесінің негізі болып табылады. Білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.

Жалпы функционалдық сауаттылық жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы.Осы талаптарға сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу ,жаратылыстану ғылымындағы ,математикалық, денсаулық мәселесіндегі,құқықтық және цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Осы принциптерді негізге ала отырып ұстаздық жолыма қойған мақсатым:

  • Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақтарда қолдану.

  • Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру.

  • Ақпараттық оқыту технологиясын сабақтарда қолдана отырып, оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функционалдық сауаттылықтарын арттыру.

  • Оқушыларды зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.

Функционалдық сауаттылық- мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс –әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай- ақ тұлғаралық қарым- қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

1.1 Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз келешек ұрпақ тағдырына жауаптымыз Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу, жазу сауаттылықтарын арттыру үшін қазақ тілінен мынадай теориялық негіздерді басшылыққа аламын:

  • Өмірдің күнделікті мәселелерін шешуге бағытталған;

  • Оқу мен жазудың базалық қарапайым деңгейі;

  • Тұлғаның жағдаятқа қатысты танылуы;

  • Сауатсыздықты қарқындылықпен жою тәсілдерін іздеу;

2. Ақпараттық технологиялар арқылы қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып, білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы ғана қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалдық сауаттылығын көрсете алады.Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда педагогикалық, психологиялық негіздермен бірге ақпараттық технологияларды белсенді қолдану қажеттігін заман талабы көрсетіп отыр. Ақпараттық технология арқылы оқушылардың қазақ тілінен функционалдық- коммуникативтік грамматикасын, білімін құзыреттілік негізінде бағалауды жүзеге асыру. Қазіргі таңда интернет желісінде білім беру жүйесіне арналған сан алуан түрлі ресурстар көп.

Өзім сабақ беретін 4-сыныптың қазақ тілі сабағындағы функционалдық сауаттылығын арттыруға бағдарламаға сәйкес тапсырмаларды қолдану арқылы жүзеге асырамын. Яғни, қазақ тілі пәнінен сәйкес тақырыптар бойынша «Wordwall» платформасы арқылы тапсырмалар тізбегін құрастырдым. [1]


«Wordwall» платформасы- өзіңіздің оқу ресурстарыңызды құрудың қарапайым тәсілі. «Wordwall» платформасы бұл сыныпқа арналған сабақ нұсқаларын жасауға мүмкіндік беретін онлайн платформа. Мұнда көптеген: викториналар, сәйкестендіру,тест, ақиқат пен жалған,сөзжұмбақтар т.б [2]

Бұл платформаны сабақтың ұйымдастырушылық,қайталау, жаңа тақырыпты игеру, практикум, бекіту,қорытындылау,талдау кезеңдерінде қолдануға болады.

Басты ерекшеліктері:

  1. Көптеген сабаққа арналған ақпараттық әдіс – тәсілдер.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

  3. Әдемі әрі түсінікті, жеңіл интерфейс

3. Қорытынды

Қорытындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға әртүрлі ақпараттық ресурстарды пайдалану мұғалімнің мақсатына жету жолын жеңілдетеді.
















Қолданылған әдебиеттер:

1. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» Т.Е.Баяғанова «Бастауыш сынып» журналы №4 2019жыл 6 бет

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары(ҚР Үкіметінің 2012жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы)

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептер»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж , 7 бет

4. « Tag: Woordwall платформасы басты ерекшеліктері» https://barinbil.kz

5. «Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастырудың негізі» Г. Егинбаева «Қазақстан мектебі» журналы №8, 2021 тамыз 25 бет




















1-қосымша

1)Фонетика https://wordwall.net/resource/54969979

2) Фонетика https://wordwall.net/resource/54942343

3) Сөйлеу мәдениеті https://wordwall.net/resource/54963609

4) Буын үндестігі https://wordwall.net/ru/resource/54973754

5) Дұрыс жазылған сөзді тап https://wordwall.net/ru/resource/54978967

6) Сөйлем https://wordwall.net/ru/resource/54974871

7) Ақиқат жалған https://wordwall.net/ru/resource/54972023

8) Мәтін түрлері https://wordwall.net/ru/resource/54975519

9) Зат есімнің септелуі https://wordwall.net/ru/resource/54978230

10) Зат есімнің септелуі https://wordwall.net/ru/resource/54977005

11) Сөз таптары https://wordwall.net/ru/resource/54979275

12) Айтылым https://wordwall.net/ru/resource/54978639

13) Cөзжұмбақ https://wordwall.net/ru/resource/54975908

14) Тыйым сөздер https://wordwall.net/ru/resource/54976088

15)Мақалды жалғастыр https://wordwall.net/ru/resource/54976233























2-қосымша

Фонетика Сөйлеу мәдениеті

Буын үндестігі Дұрыс жазылған сөзді тап Сөйлем



Ақиқат пен жалған Мәтін түрлері Зат есімнің септелуі

Айтылым,сөзжұмбақтар, мақал –мәтелдер, тыйым сөздер









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі