Материалдар / “Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабылеттерін арттыру”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабылеттерін арттыру”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат: жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлау қабілетін кеңейтіп,ой еркіндігіне жол ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
1360
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік

қабылеттерін арттыру”

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы

оқи түседі»
(Питер Клайн)

Алға қойған мақсат: жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлау қабілетін кеңейтіп,ой еркіндігіне жол ашу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: -ізденушілік,зерттеушілік қызметіне сипаттама жасау; -зерттеушіліктің тиімділігін айқындау; -зерттеуді сабақта пайдалану жолдарын көрсету; -зерттеушілікті дамытуды әдебиет,дүниетану пәнін оқытуда қолдану арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету;

Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Қазақстан Республикасының 2017 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге қабілеті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады.Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық,бақылау жасауға талпыныс,өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге  жүретін процесс.

Зерттеу,іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттілігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба- латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі.

                     Зерттеу түрлері:

1)теориялық          2 ) фантастикалық          3) эксперимент

Теориялық Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары.

Фантастикалық- өмірде болмайтын құбылыстар мен заттар жөнінде.

Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді  талап етеді.Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер.Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады .Тәжірибе зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер,байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

Тәжірибе жасау мен зерттеу жұмыстары оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес, топтық, жұптық),оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды.

Тәжірибе жасау мен зерттеудің тиімділігі:

-оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;

-ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;

-өз білімін өздігінен құрастыра алуы;

ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;

-сын тұрғысынан ойлай алуы;

Тәжірибе жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

Дүниетану сабағында жүргізілген тәжірибе жұмыс:

Сабақтың тақырыбы: Ауаның қасиеттері.

1 тәжірибе .

Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.

Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.

Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.

2 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. 

3 тәжірибе.  Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 

4 тәжірибе. Жіңішке май шамның біреуін екіге,үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

 А) Оның біреуін стақанмен жабу.

Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру. 

Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.

Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек.

Осындай кішігірім тәжірибеден бастап оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.

Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

1.дербес ойлау

2.кітаптан оқып білу

3.кино,теле фильмдерден білу

4.интернет желісінен іздеп табу

5.басқа адамдардан сұрап білеу

6.байқау

7.эксперимент жүргізу.

Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:

  • Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
    • Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге
    бейімделеді;
    • Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
    • Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын бөліп
    шығару,өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
    • Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың
    жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.


















































«Павлодар ауданы, Ефремовка орта жалпы білім беру мектебі»ММ

















Баяндама


Тақырыбы: “Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабылеттерін арттыру”
















Орындаған: Хабилхан А.













2017 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!