Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2022
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану

Балгабаева Айнаш Есеналиевна

1 курс магистранты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан)


Қазіргі мектептің басты мақсаты – оқушыны қоғамнан лайықты орын алатындай тәрбиелеу және оған барынша пайда әкелетіндей білімдермен қаруландыру. Аталмыш проблеманы шешудің маңызды бағыттарының бірі -оқушылардың ойлау қабілеттерін, оқу жұмысына қызығушылығын, өзіндігі мен шығармашылығын мақсатты түрде дамытуды көздейтін оқытудың әдістері мен формаларын, оқу-әдістемелік материалды жасау және ендіру.

Осыған байланысты оқу үдерісінің құрылымын, оның әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіріп, оқу тапсырмаларын орындау тәсілдері мен барысына үнемі жаңашылдық ендіріп отыру қажеттігі туындайды.

Қазіргі оқу үдерісінде оқушылар білімді дайын күйінде алмай, мұғалімнің бағдары негізінде танымдық әрекетті белсендіретін өз бетінше ізденушілік тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар және басқа да құралдар барысында олардың маңызды бөлігінигеруі тиіс.

Оқушылардың белсенділігін арттыруға оқу-танымдық әрекетті белсенді деп аталатын ұйымдастыру және басқару әдістерінің жиынтығы арқылы қол жеткізуге болады.

Оқытудың белсендіформалары мен әдістері оқушыларда ақпараттық базаның, шығармашылық ойлаудың, практикалық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Бастауыш сынып оқушысы үшін белсенді әрекет түрлерінің бірі - дидактикалық ойын болып қала береді. Дидактикалық ойын осы үдерісті белсендіре отырып, білім алумен қатар тұлғаның көптеген сапаларын дамытуға ықпал етеді.

Соңғы жылдары жүргізілген теориялық зерттеулер мен мектеп тәжірибесі ойын әрекеті - оқыту формасы ретінде оқу үдерісін белсендіруге ұмтылатын әдістеменің, дидактиканың, психологиямен педагогиканың өзекті міндеттеріне толық жауап беретінін көрсетті[ 1].

Дидактикалық ойынкез келген оқу әрекеті сияқты сондай құрылымнан тұрады, яғни оның мақсаты, құралдары, ойын үдерісі және нәтижесі болады. Тәрбиелікпен қатар ол екі мақсатты көздейді–ойын және оқу. Бір жағынан, бұл - қоршаған шындықты модельдеу құралы, екінші жағынан–оқытудың әдістемелік тәсілі. Кез келген ойынның ойындық міндеттеріне, ережелеріне, әрекетіне және құрылымдық компоненттеріне ие бола отырып, оның оқу мақсаты мен оны жүзеге асырудың кейбір шарттары бар.

Ойын кезінде пайда болатын шығармашылық ахуал, еркіндік адам психикасының шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, қобалжу сезімін жоюға, тұлғааралық қарым-қатынасты жеңілдетуге көмектеседі.

Ойын барысындабалалар әлемі ғылым әлемімен бірігеді. Ойында оқушы түрлі білімдер мен мәліметтерді еркін түрде алады. Сондықтан сабақта қиын көрінген нәрсе ойын кезінде оңай игеріледі. Қызығушылық пен рахаттану–ойынның маңызды психологиялық әсері.

Дидактикалық ойындардыңміндеті–оқушылардың танымдық процестерін дамыту және сабақта алған білімдерді бекіту.

Сонымен, дидактикалық ойын–бұл күрделі, көпқырлы құбылыс. Дидактикалық ойындарда білім, білік, дағдыларды игеру ғана жүзеге аспайды, сондай-ақ балалардың барлық психикалық процестері, олардың эмоционалды-еріктік саласы, қабілеттері, қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, салыстыру, ұйымдастыру, қайта құру, сақтау және оны беру біліктері дамиды.

А.И.Сорокина балалар әрекетінің сипатына байланысты дидактикалық ойындардың түрлерін былайша бөледі: ойын-саяхаттар, ойын-тапсырмалар, ойын-сөйлемдер, ойын-жұмбақтар, ойын-әңгімелер[ 2].

Ойын-саяхаттар балалардыңәсерін күшейтуге, жанындағы нәрсеге назар аударуға бағытталған. Оларбайқағыштықты күшейтеді, қиындықты жеңуге көмектеседі.

Ойын-тапсырмалармазмұны бойынша қарапайым, ал мазмұны бойынша – қысқа. Олардың негізінде заттармен, ойыншықтармен, әрекет, сөздік тапсырмалар жатыр.

Ойын-сөйлемдер («не болатын еді...»). Балалардың алдына міндет қойылады және одан кейінгі әрекетті ұғынуды талап ететін жағдаят құрылады. Балалардың ақыл-ой әрекеті белсендіріледі, олар бірін-бірі тыңдауды үйренеді.

Ойын-жұмбақтардың негізінде білімдерді, тапқырлықты тексеру жатыр. Жұмбақ шешу балалардың талдау, жинақтау қабілетін дамытады, тұжырым, қорытынды жасай білуге үйретеді.

Ойын-әңгімелердің негізінде қарым-қатынас жатыр. Мұндай ойын эмоционалдық және ойлау процестерін белсендіруге талап қояды. Ол сұрақтар мен жауаптарды тыңдау, мазмұнына зейін қою, айтылғанды толықтыру, пікір айту біліктерін тәрбиелейді. Ойынның бұл түрін өткізу үшін танымдық материал оңтайлы көлемде берілуі қажет. Танымдық материал тақырыппен, ойынның мазмұнымен анықталады.

Р.К. Гибсон дидактикалық ойынды балалар әрекетінің сипатына қарай:

  • ойын-жарыс (ойын-викторина, ойын-конкурс);

  • сюжеттіөлдік ойындар (ойын-драматизация, ойын-инсценировка, рөлдік, режиссерлік) деп, бөледі.

Бастауыш сынып оқушыларында белсенді түрде басқа адамдарға ақпарат беру және рефлексияның қалыптасуының құралы болып табылатын коммуникативті-тілдікәрекеттер қалыптасады [3].

Шығу тегі жағынан «коммуникативтіқұзыреттілік» ұғымы қарым-қатынас процесімен байланысты адамға қойылатын талаптар жүйесін білдіреді: сауатты сөйлеу, шешендік тәсілдерді білу, әңгімелесушіге жеке дара қатынас жасау және т.б.

Кіші мектеп жасында ересектермен қарым-қатынастың еркін формасы, ынтымақтастығы тікелей емес, жанама түрде міндет, ереже немесе үлгімен жүзеге асырылады, бала мен ересек адамның арасында контекстік қарым-қатынас пайда болады. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру саласы бойынша Л.В. Занков еңбектерін зерттеу негізінде олардың коммуникативті біліктерін қалыптастыру сәттерін балалар қарым-қатынасының дамуындағы үш кезеңнің уақытша шекаралары ретінде қарастыруға болады. Ересектермен қарым-қатынас саласындағы ұқсастық бойынша бұл кезеңдер бастауыш сынып оқушыларының құрдастарымен қарым-қатынасының формасы деп аталды [4].

Бірінші форма – құрдастарымен эмоционалды-практикалық қарым-қатынас. Құрдастарыменқарым-қатынасқа деген қажеттілік мектеп ортасына бейімделу кезеңінде орын алады. Одан әрі балаларда ересектердің іс-әрекетіне қызығушылық және ерекше көңіл аудару, өзінің жетістіктерін көрсету және жауап реакция тудыруға ұмтылыс пайда болады. Мұндай өзара әрекетте еліктеу ерекше орын алады.

Құрдастар қарым-қатынасының келесі формасы – жағдаятты-іскерлік. Ол кіші мектеп жасындағы балаларда жеткілікті қалыптасқан. Ынтымақтастықты қатысудан ажырата білген жөн. Эмоционалды-практикалыққарым-қатынас барысында балалар қатар әрекет етті, бірақ бірге емес, олар үшін құрдастарының зейін аударуы мен қатысуы маңызды болды. Жағдаятты-іскерлік қарым-қатынаста балалар ортақ іспен айналысады, олар өз әрекеттерін келісуі және ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін әріптесінің белсенділігін ескеруі тиіс. Ынтымақтастыққа деген қажеттілік осы жастағы балалардың қарым-қатынасы үшін басты нәрсе болады. Ынтымақтастыққа деген қажеттілікпен бірге құрдасының мойындауы мен сыйлауына деген қажеттілік анық көрінеді.

Бұл кезеңдегі қарым-қатынас құралдарының ішінде тілдік құралдар басым түсе бастайды. Балалар, ересектерге қарағанда, бір-бірімен көбірек сөйлесе бастайды. Егер осы кезеңде ересектермен қарым-қатынаста жағдаяттан тыс байланыстар пайда болса, құрдастарымен жағдаятты қарым-қатынас басым болады: балалар негізінен заттар, әрекеттер немесе әсерлер жайлы өзара әрекет етеді.Он жасқакелгенде жағдаяттан тыс байланыстардың саны біршама артады. Шамамен құрдасына сөздік үндеудің жартысына жағдаяттан тыс болу тән. Балалардың қарым-қатынасында бәсекелестік, жарысушылық бастама сақталады.

Он жасқа қарай балаларда ересектермен қарым-қатынастың төртінші және ең жоғарғы формасы – жағдаяттан тыс-тұлғалық формасы пайда болады. Бірінші және төртінші генетикалық формалар арасындағы айырмашылық – олардың біреуі жағдаятты, екіншісі – жағдаяттан тыс екендігінде[ 5].

Бастауыш сынып оқушыларына тән коммуникативті біліктерді қарастырып көрейік.

Тыңдай білу – адамзаттың маңызды біліктерінің бірі. Мамандардың пікірінше, шамамен он оқушының сегізі тыңдай білмейді. Белсенді тыңдай білу – бұл бастауыш сынып оқушыларының негізгі коммуникативтік біліктерінің бірі, ол балаларда оқу қарым-қатынасы процесінде пайда болады және оның құрылымына тілдік біліктермен қатар тұлғааралық қарым-қатынас біліктері де кіреді. Белсенді тыңдау білігіне:

  • ақпаратты сөйлесушіден немесе өзінен қабылдау, ол кезде оқушы өз эмоциясын көрсетпеуге тырысады;

  • сөйлеушіге қарым-қатынас актісін жалғастыруға «итермелейтін»ынталандырушы қатынас;

  • оның ойының «бір қадам алға» дамуына ықпал ететін сөйлеушіге білінер-білінбес әсер ету жатады.

Өз ойын вербалдандыру білігі– үлкен білімді, мазмұндылықты, әрдайым тыңдаушыға түсінікті болуға ұмтылу білігін, пікірдің айқындығы мен логикалығын қадағалау, өз ойын жеткізудің формасын ойластыру, әрдайым биязы және шынайы сөйлеу, әрқашан сөйлесушінің пікірін есепке алу, қысқа, бірақ мәнерлі сөйлеуге және сөздің сөйлесушіге әсерін бақылауға тырысуды талап ететін қарым-қатынастың күрделі түрі [2].

Сонымен, кіші мектеп жасы үшін мынадай коммуникативтібіліктер тән: тыңдай білу білігі, өз ойын жеткізе білу білігі және дау-дамай жағдаятында өзін ұстай білу білігі. Егер балада осы коммуникативті біліктер қалыптастаған немесе дамудың төмен деңгейінде болса, онда оларды қалыптастырудың осы жас кезеңіне сәйкес келетін белгілі бір құралдарын пайдалану қажет.

Дидактикалық ойындарды қолдану оқуға қызығушылықты арттырып қана қоймайды, сондай-ақ оқыту сапасын, алынған білімдердің беріктігін арттырады.

Коммуникативтіқұзыреттілік – бұл білімдер, біліктер және олармен байланысты көптеген құрамды бөліктер. Өмірде олардың мазмұны тілдік әрекет түрлерінің тыңдалым, айтылым, оқылымжәне жазылым сияқты төрт формасында жүзеге асырылады.

Коммуникативтіқұзыреттіліктіңбірнеше аспектісі немесеқұрылымдық бөліктері бар: коммуникативтіқабілет; коммуникативті білім; коммуникативті біліктер.

Коммуникативтіқабілет– бір жағынан, адамның қарым-қатынасқа табиғи дарындылығы, екінші жағынан, коммуникативтіөнімділік.

Коммуникативтібілім – бұл қарым-қатынас деген не, оның түрлері, даму фазалары, заңдылықтары қандай екендігі жайлы білім.

Коммуникативтіқұзыреттіліктің басты құрамды бөлігі- коммуникативтібіліктер.

Коммуникативтібіліктерді жоғары деңгейде меңгеру әрекеттің сан алуан түрлерінде басқа адамдармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда дидактикалық ойындар оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамытуды ынталандыру құралы болып табылады[ 3].

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттіліктерін қаллыптастыру үшін оқу үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындардың төмендегідей мүмкіндіктері бар:

- дидактикалық ойыноқушыларды жаңа әсерлермен байытады, олардың сөздеріне эмоционалды реңк береді, сөздік қорын белсендіреді және дамытушы рөл атқарады;

- дидактикалық ойынбарлық оқушының белсенді оқуына, «артта қалған» оқушыларды тарту, білімдерін көрсету;

- дидактикалық ойынарқылы тілді оқып үйрену оқушылардың өз бетінше әрекетін жақсартады, ақпараттың 90%-ын есте сақтауға көмектеседі;

- дидактикалық ойынкеремет нәтиже, оқушыға мотивация береді және мақсатқа жол салады;

- дидактикалық ойын–сабақтарда қолайлы орта жасайды және тақырыпты тиімді оқып үйренумотивациясын арттырады;

- дидактикалық ойыноқушының ойлау қабілетін белсендіреді және оны түрлі жауаптарды іздеуге жетелейді[ 4].

Коммуникативтіқұзыреттіліктерді қалыптастыру оқушыны тек сұрақ қоюға үйретуді ғана емес, сонымен бірге оған өз бетінше жауап құрастыруды үйрету, мұқият тыңдау және есту, берілген проблемалар бойынша пікірталасқа белсенді қатысу, басқа адамдардың пікірлеріне сүйене білу,  сыныпта өз көзқарасын дәлелдей білу, әңгімелесушіні тыңдай білу, өз ойын тыңдаушыларға жеткізе білу, оқу іс-әрекетіне кірісу, көмек көрсету, әңгімелесушіге достық қарым-қатынас көрсетуді білдіреді[3].

Бастауыш мектепте «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың қазіргі теориясы мен практикасы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін айқын коммуникативті бағытқа ие. Әдебиеттік оқу сабақтары балалардың ана тілінде қарым-қатынас жасау арқылы жалпыадамзаттық мәдениетке енуін қамтамасыз етеді, егер бұл сабақтарда жоғарыда аталған әдістер мен дидактикалық ойындар кеңінен қолданылса, онда бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.


Әдебиеттер:

1.Кибирева Л. В. Игры на уроках русского языка. 1-4 классы. Дидактический материал / Л.В. Кибирева, Г.И. Мелихова. - М.: Дрофа, 2008. 156 c.

2.Галанжина Е.С. Дидактические и развивающие игры в начальной школе (+ CD-ROM) / Е.С. Галанжина. - М.: Планета, 2011. - 124 c.

3.Нефедова М. Г. Дидактические игры по математике. 1 класс. Разрезные материалы / М.Г. Нефедова. - М.: АСТ, Астрель, Харвест, Планета знаний, 2011. - 162 c.

4. Нищева Н. В. Волшебное дерево.Календарьприроды.Дидактическая игра / Н.В. Нищева. - М.: Детство-Пресс, 2013. 130 c.

5.Запятая О. В. Диагностика сформированности коммуникативных учебных действий у младших школьников / О.В. Запятая. - М.: Учитель, 2013. – 227 c.

РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА ЗАОЧНОГО УЧАСТНИКА КОНФЕРЕНЦИИ


IV Международная научно-практическая конференция

«Управление инновационными процессами

в условиях модернизации образования и науки»

в г. Дюссельдорф (ФРГ) 6–8 апреля 2022 г.

Фамилия

Қазақша / на казахском языке:

Жайлауова

На русском языке:

Жайлауова

InEnglish / на английском языке:

Zhailauova

Имя

Қазақша / на казахском языке:

Манат

На русском языке:

Манат

InEnglish / на английском языке:

Manat

Отчество

(если есть)

Қазақша / на казахском языке:

Кеңесқызы

На русском языке:

Кенесовна

Число, месяц, год рождения

20.11.1964

Ученая степень (если есть)

кандидат педагогических наук

Ученое звание (если есть)

доцент

Должность

профессор

Основное место работы или учебы (полное название организации без сокращений)

Кызылординский университет им.Коркыт ата

Адрес места работы или учебы (с почтовым индексом)

120014 Республика Казахстан

г.Кызылорда, ул.Айтеке би, 29А

Точный почтовый адрес для переписки и получения сертификата (с почтовым индексом)

120016 Республика Казахстан

г.Кызылорда,

ул.А. Алтынбекова, 23

Сотовый телефон

+77016281293

E-mail

mzhailauova@mail.ri

Название статьи

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану

Секция

Общество и личность

Нужен ли сертификат участника (да / нет)

нет




















РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА ЗАОЧНОГО УЧАСТНИКА КОНФЕРЕНЦИИ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!