|
Тақырыбы: |
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту |
|
Жалпы мақсаты: |
Шеберлік — сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мәтінмен жұмысты әр түрлі әдістермен орындатуды таныстыру;
|
|
Оқу нәтижесі: |
Сабақтағы мәтінмен жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында тиімді пайдалану. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Аудио жазба,тренинг,түрлі-түсті стикерлер, маркерлер,қима қағаздар. |
|
Жұмыс кезеңдері |
Кезеңнің мазмұны |
||||||||||
|
Сабақтың басы Тренинг (5 мин) |
«Сәлемдесу» Әр халықтың амандасуы. Әр түрлі түсте жасалған (қызыл,сары,жасыл) қолдарды көрсетемін. Қызыл түсті қол көрсеткенде Тибет халықтарыының амандасуы-тілін көрсету Жасыл түсті көрсеткенде Филипин халықтарының амандасуы-үлкен кісіге басынды иеміз оң қолыңмен амандасу. Сары түсті көрсеткенде Масай тайпасының амандасуы -маңдайына қолыңды қойып «монопо» мен сізді сыйлаймын деп айтамыз. |
||||||||||
|
Топқабөлу (2 мин) |
Мұғалімдерді жеміс түрлері әдісімен топқа бөлу. 1-топ ананас 2-топ абрикос 3-топ алма 4-топ алмұрт 5-топ апельсин Әр топ бір-біріне сәттілік тілей отырып,мимикамен тілектерін көрсетеді.Басқа топтар қандай тілек немесе сәттілік тілеп жатқанын айтып береді. |
||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Мұғалімнің сөзі: Cәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Мен ү.Кәрібаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Газиз Гульнар Телеубековна сіздермен өтетін шебер сыныбымның тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту» .Мектебімізде мәтінмен жұмыс 1 сыныптан бастап қалыптасып келе жатыр. Қазіргі таңда мәтінмен жұмыс барлық пәндерге кірген. Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренуіне сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызда оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударып отырамыз. Бүгін әріптестер сіздермен мектебімізде іс- тәжірибемде қолданып жүрген мәтінмен жұмысымның бірнеше түрлерін ұсынғалы сіздермен бөліскелі отырмын. Топтық жұмыс. Әр топқа мәтінмен жұмыс жасаудың тапсырмаларын беремін және берілген тапсырма бойынша өздері дескриптор құрастырады. 1-топ.Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру Дескриптор Білім алушы -мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды; -мәтіннен сұрақтардың жауабын тауып, астын сызады; -сөйлемдердің құрылымын сақтайды. .
Футбол «Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда «табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863 жылы қазан айында Лондонда алғаш рет футболшылардың одағы құрылды. Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады. 1934 жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы пайда болды. Біздің елімізде футбол ойыны кеңінен тараған. Футбол – ұжымдық ойын. Футбол ойнау үшін өте төзімді болу керек. Қазақстанның «Қайрат » футбол командасы 1959 жылы құрылды. Сол кезден бастап «Қайрат» ел намысын қорғап келеді. 2-топ Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды Дескриптор Білім алушы мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; сұраққа қатысты ойын білдіреді; мәтіннің тақырыбын анықтайды; мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мәтінді түсініп оқы. Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.
Қолына күрек ұстатты:
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-порасы шығып терледі. Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтінге сәйкес келетін тақырыпты таңда.
Маңдай тер Еңбек- түбі береке Мәтіннің негізгі ойын жаз _________________________________________________ 3топ.Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Дескриптор Білім алушы мәтіндердің тақырыбын анықтайды және салыстырады; мәтіндердің негізгі ойын анықтайды және салыстырады; мәтіндердің түрін анықтайды; мәтіндерді салыстыру нәтижесін белгілеп көрсетеді.
4-топ.Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжау Дескриптор Білім алушы тақырып пен тірек сөздердің негізінде оқиғаның мазмұнын болжайды; тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады; мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтайды; сөйлеу барысында лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды; Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжа Тірек сөздер: көктем, жасыл жапырақтар, балалар, құстар, ұя жасау, ағашқа бекіту, торғай , қос балапан, біреуі, жерге түсіп қалу, ұяға салу, шиқылдау, торғайдың енесі, алғыс айтып тұрғандай.
Тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, «Құстарға көмек» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып айт 5-топ. Мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін(басы,негізгібөлім,соңы)анықтау Дескриптор Білім алушы -мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі; -мәтіннің әр бөлігіне сәйкес сурет салады; Мәтінді түсініп оқы. Таңғы шуақ Күн көкжиекке көтерілді. Жердегі тіршілікті ояту үшін көктен күлімдеп қарап, жан-жағына шуақ шашты. Күннің алғашқы шуағы бозторғайға жетті. Ол ұйқысынан оянды да, қанатын қағып- қағып жіберіп , сүйікті әніне басты. Күннің шуағы енді ұйықтап жатқан көжекке түсті. Көжек құлағын тіктеп алып, шық басқан алаңқайға қарай секіре жөнелді. Күн шығысымен айнала жанданып шыға келді. Көктегі күн шаттанып, одан сайын жарқырай түсті.
Әр топ өзара бағалау бойынша бағаланады.
Сергіту
сәті: «Табиғат мінезі»
жаттығуы. Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді
жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша
ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы.
Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда
бәрі жақсы болып тұрды да
кенет, аяқ астынан жеңіл жел
соқты. Жеке жұмыс.Аудиожазбадан «Кішкене бағбан» атты мәтінді тыңдатамын. Тыңдаған мәтіндері бойынша тест орындатамын 1.Мәтін не туралы? А) ағаш отырғызу Ә)бағбан Б)екі дос 2.Садықтың әкесі кім? А) аспазшы Ә)шопан Б)бағбан 3.Қалел қандай бала? А)ойынпаз Ә)еңбекқор Б)жалқау 4.Мәтін бойынша жеміс-жидектер қай мезгілде пісті? А)жаз Ә)күз Б)көктем 5.Мәтінге байланысты мақал-мәтелді тап. А)Еріншектің ертеңі бітпес Ә)Ағаш тамырымен мықты,адам достарымен мықты.Б)Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей. 6. «Бағбан» деген кім? А) аң аулайды Ә)ағаштарды күтіп баптайды Б)құрылысшы Оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы бағалау. |
||||||||||
|
Сабақтың соңы Кері байланыс |
Шеберлік-сыныптың соңында біздің жұмысымызды бағалауды өтінемін. Қатысушылардың практикада алынған дағдыларын көрсетуі, өзіндік анализ, рефлексия және т.
Қорытындылау. Мәтінмен жүргізілетін осындай жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың мәтінді түсініп оқи білуі мен есте сақтауы, мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері туралы білуі, оны тәжірибесіңде пайдалану дағдысы мен мәтіннің түрлері бойынша ауызша, жазбаша жеткізу дағдылары қалыптасады.
|
«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО»КММ
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту
(шебер сынып)
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Газиз Г.Т
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту атты аудандық шебер

шағым қалдыра аласыз