Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
3029
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары


Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы

«Еңбек ауылындағы мектепке

дейінгі шағын орталығы бар

22 орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – жылдам оқу. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Психологтардың пікірі бойынша оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Ал осы жағдайлардың ішінде ең күшті орын алатыны балалардың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, мысалы оқу үлгерімі нашар 3-сынып оқушысы минутына 37 сөз оқыса, орта есеппен үй тапсырмасы сол күнгі дайындалатын барлық пән бойынша 4 бет, яғни 3000 сөз болады екен. Сонда 3000-ды 37-ге бөлсек 80 минут мәтінді оқу керек. Ал бір рет оқығанда бала ұға қоймайды. Ол осы мәтінді 3 рет оқыса, оған 4 сағат уақыт керек. Әрине, бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді. Әдетте, кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, еске сақтау қабілет де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Олай болса, жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін қарастыра жүргізген жұмыстардың негізінде мынадай ұсыныстар жасаймыз. Бұл ұсыныстарды кез келген мектептің жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқуға жаттығу жұмыстары бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді. 

Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:

1) тақырыпты оқып шыққаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі;

2) сөздің астарын, мағынасын ұғынбау;

3) көру аймағының аздығы (бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі)

4) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының) қосарланып қатысып отыруы.

Міне осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек

Ол үшін сабақтарда:

1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд есте қалғанын сұрау

2) екі бағанға сөздер жазып, оқытып қайталап сұрау

3) мағынасы қарама-қарсы сөздер айтудан жарыс ұйымдастыру

4) жаңылтпаштар оқыту

5) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру

6) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу

7) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау

Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді. Оқу шапшаңдығын жетілдіруде авторлардың бipi (И, В. Федоренко) алдыңғы орынға оқушының оперативті жады мен зейінін шығарса, eкіншici- ерекше жаттығулар жүйесі мен оларды бірнеше дүркін қайталауды ( В. Н. Зайцев), үшіншici – ақпаратты құндылықтық тәсілді (А. М. Кушнир ), төртіншісі- оқу дағдысының әртүрлі сапаларын есепке алу ерекшелігін ( М. И. Оморокова ) шығарады. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В.Н.Зайцевтің «Резервы обучения чтению» жүйесі. Аталған технология шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін құрайды.

Оқушының оқу жылдамдығын арттырудағы мақсат:

Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою, оқылым және жазылым дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеу арқылы айтылым , балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту арқылы оқылым дағдыларын , оқырмандық мәдениетке баулу,

Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

-ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

-шығармашылық қабілетін дамыту;

-көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

А) Әріптерді тастамай түгел оқу;

Ә) Әріптердің орнын ауыстырмау;

Б) артық әріп қоспау;

В) басқа әріппен алмастырмау.

Осы бағытта өз тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді ұсынғым келеді.

1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Балаларға қандай да 6ip біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі 6ip уақыт аралығында, олармен күнде - күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жәйттерді жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға бармайсың...». Баласының - оқу шапшаңдығының төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді. Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір - екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды. Ұйықтар алдында тағы 6ip рет оқиды. Бұндай дайындық біp отырғанда 6ip жарым-екі сағаттан оқуға қарағанда әлдеқайда тиімді.

2. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы 6ip мезгілде, бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, 6ipeyлepi тез оқыса, енді 6ipi баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір тапсырмалардың мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түpiн пайдалану өте тиімді.

3. Әр сабақтағы бес минуттық оқу.

Егер мұғалімнің үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 25 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүниетану т.б.) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.

4. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы cәттepi адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады, сегіз caғaт ұйқының барысында адам coл cәттің әсерінде болады

5. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады.

6.Көру диктанттарын жаздырту. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Ол калайша? Мәселен, оқушы 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқиды. Үшінші-төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бipiншi сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсіне алмайды. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жаттықтыру керек. Бұт профессор И.Т. Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады . Әp6ip 18 жинаққа 6 сөйлемнен енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: Taқтaғa 6 сөйлемнен тұратын бipiнші жинақ ілінеді.(Әрине алдын ала) Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде ,бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып еске сақтайды.(Арнайы көрсетілім уакыты беріледі) Берілген уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Оқушылар дәптерлеріне есте сақтағандарын жазады. Осылайша келесі сейлемдер ашылып отырылады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар есіне сақтай алмай не icтepiн білмей қалады.

Мұндай жағдайда балаға «әзірше көршіңнен карап алып жаз», «келесі сөйлемді өзің eciңe сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Бастапқы кезде 6ip жинақты үш күн, үш рет қайталатып жаздыруға болады. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Бұл жұмыстың ерекшелігі 6ipiншi жинақта әpin саны 8-10, сөз саны 2-5 болса,18-ші жинақта бала 46 әріптен тұратын, 7-10 сөзден тұратын сөйлемді алғашкы жинақтағы көрсетілім уақытындай мезгілде есте сақтап, жазуға дағдыланады.

7.Бірнеше дүркін оқу.

В.Н.Зайцев И.Т.Федоренко мен И.Т.Пальченконың жүйесінен үш типті жаттығуларды бөліп алады.:

а) бірнеше дүркін оқу;

ә) жаңылтпаш қарқынымен оқу;

б) мәтіннің таныс емес бөлігіне өте отырып, мәнерлеп оқу;

Уақыт өте береді, баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін белгілеп отырады, оқу жылдамдығының динамикасын байқап отырады. Сыныптағы басқа оқушылардан шапшаңырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70 сөз оқитынға қарағанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөздей қосса, екіншілері екі есе көп 30 сөздей қосады. Минутына 20 сөз +15 сөз Минутына 70 сөз + 30 сөз . Баланың оқу жылдамдығын арттыру мақсатында осы тәсілдерді жүйелі қолдансаңыз, нәтиже берері сөзсіз.




Пайдаланған әдебиеттер:



  1. В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению"

  2. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике - М.,1995.

  3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.,1996.

  4. Оморокова М.И., Рапопорт И.А., Посталовский И.З. Преодоление трудностей: Из опыта обучения чтению.-М. Просвещение, 1990.

  5. М.И. Оморокованың іс-тәжірибесінен алынған тренажерлар.

  6. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттыру.

  7. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі

2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!