«Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқытуға үйрету»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқытуға үйрету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары: - сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру; - үйретілген сөздің жеңілділігін; - бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі; - сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу; - сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқытуға үйрету»

Бастауыш мектеп түлектері төрт жыл ішінде тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т. Г. Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен - өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы - оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым. Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс, сөздерді бұзбай, сөз қалдырмай, сөз аяғын жеп қоймай, әрбір сөзді дұрыс, анық оқу. Мәнерлеп оқуды үйретуде паузалардың орындалуына мән беру керек. Мысалы: тыныс белгілеріне байланысты және тыныс белгісіне байланыссыз паузалар да болады. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқыса, түсініксіз, әрі құлаққа жағымсыз естіледі.  Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап болмайынша, мәнерлеп оқу мүмкін емес. 2-3-сыныптарда оқушылардың бірінің қатесін екіншісіне тапқызу тәсілі тиімді. Таспаға жазылап алынған көркем сөзді тыңдату, кейде жақсы мәнерлеп оқылған мен нашар оқылған мәтінді қатар жазып алып салыстырудың пайдасы бар. Әңгіме, ертегі, мысалдарды рөлге бөліп оқытқанда балалар қызығып оқиды. Сыныптан тыс оқудың түрі мен әдісі әр түрлі. Бірде кітапты талдау, бірде бірігіп кітап оқу, өздері ұнаған үзінділерін оқыту, бірде ойын, бірде инсценировка – ертеңгілік түрінде болып келеді. 
Шапшаң оқу. Балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай, ақырында мәтіннің тұтас мазмұнын түсінбей қалады. Оқу-жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек. Бірақ барған сайын балалардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте сауатты оқуға жақындау керек. Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, белгілі шамадан тыс кетпеу керек. Ушинский мәтіннің мағынасын түсінбей, құр сыдыртып оқуға қарсы болған. Ол бұл жөнінде: «Оқу шапшаңдығы түсіну шапшаңдығымен қатар дамуы керек». «Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі-ақ шапшаң оқи бастайды, сондықтан оқытудың алғашқы кезінде шапшаң оқудың қажеті жоқ, тіпті ол зиян келтіреді». 
Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Дауыс ырғағын келтірмей шапшаң оқитын болса, керек емес жерге пауза жасап, пауза жасайтын жерді қосып жіберіп, бала мәтінді өзі де, тыңдаушы да түсінбейтін етіп оқитын болады. Шапшаң оқу үшін тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Шапшаң оқуға машықтандырудың ең сенімді жолы – мәтінді қайра-қайра оқыту, бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қайра қызығып оқытатын болуы шарт. Бұрын оқыған мәтінді қайта оқытқызу үшін сол мәтінге байланысты басқа бір тапсырма берілген болу керек немесе балалардың өздері қайта оқуға қалап алған мәтін болу керек. Бір мәтінді қайта оқытқанда балалар ол оқуды құр бекер оқу деп санамай, белгілі бір тапсырмаға қатысы бар оқу деп қарайтыны болу керек. Шапшаң оқуға машықтандыру үшін қайра оқыттыруға ертегілердің мәтіндері өте қолайлы, өйткені ертегілерде бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын жерлер көп болады. 
Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері
Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – жылдам оқу. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Психологтардың пікірі бойынша оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Ал осы жағдайлардың ішінде ең күшті орын алатыны балалардың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, мысалы оқу үлгерімі нашар 3-сынып оқушысы минутына 37 сөз оқыса, орта есеппен үй тапсырмасы сол күнгі дайындалатын барлық пән бойынша 4 бет, яғни 3000 сөз болады екен. Сонда 3000-ды 37-ге бөлсек 80 минут мәтінді оқу керек. Ал бір рет оқығанда бала ұға қоймайды. Ол осы мәтінді 3 рет оқыса, оған 4 сағат уақыт керек. Әрине, бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді. Әдетте, кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, еске сақтау қабілет де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Олай болса, жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін қарастыра жүргізген жұмыстардың негізінде мынадай ұсыныстар жасаймыз. Бұл ұсыныстарды кез келген мектептің жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқуға жаттығу жұмыстары бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді. 

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
- үйретілген сөздің жеңілділігін;
- бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
- сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
- сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымына сәйкестілігін есепке алу және т. б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.07.2024
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі