Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін зейін түрлерін анықтау. Әдістемелер мен коррекциялық жұмыстар жүогізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
938
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАНЫ













Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері












Оқушы: Сейсенбекова Томирис Шалқарқызы

Жетекші:Орынғалиева Гүлім Қазбекқызы






2020-2021 оқу жылы





«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 7 «А» сынып оқушысы Сейсенбекова Томирис Шалқарқызының ғылыми жұмысына

Пікір

7 «А» сынып оқушысы Сейсенбекова Томирис Шалқарқызы «Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жұмысын жасады.Қашықтықтан оқытуға байланысты тапсырманы онлайн (аудиожазба, видеожазба, you tube,, Whats App, Google) интернет желісін пайдалана отырып көптеген мағлұматтар алды. Сондай –ақ қашықтықтан онлайн пікіралмасуға белсене қатысты.

















Жетекші мұғалім: Орынғалиева Гүлім Қазбекқызы













Аннотация

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі- ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»,- дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті деп ойлаймын, өйтені ізденімпаз шығармашыл, еңбекқор ұстаз ғана ертеңіне орасан үлес қосар жеке тұлға қалыптастыра алады. Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылу, іздену, өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орынын табуға көмектеседі.


Аннотация

Если мы говорим, что у страны, которая не воспитала поколение, достойное завтрашнего дня, нет будущего, то работа учителя по воспитанию этого поколения - большая работа. «Потомки страны, не уважающей своего учителя, умрут», - гласит народная мудрость. В связи с этим я считаю, что творчество и исследования - отличная задача для каждого учителя, потому что любознательный, творческий, трудолюбивый учитель может сформировать личность, которая внесет большой вклад в будущее. Творчество - это стремление к самопознанию в реальной жизни, поиск верного жизненного пути, человек должен научиться правильно мыслить и самостоятельно принимать качественные решения, помогает развивать способности человека и находить свое место в жизни.



Anotation

If we say that there is no future for a country that has not brought up a worthy generation, then the work of a teacher in bringing up that generation is a great work. "The descendants of a country that does not respect its teacher will die," says folk wisdom. In this regard, I think that creativity and research is a great task for every teacher, because an inquisitive, creative, hard-working teacher can form an individual who will make a great contribution to the future. Creativity is the pursuit of self-knowledge in real life, the search for the right path in life, a person must learn to think correctly and make quality decisions on their own.





МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................................6

1.1Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері..........................7

1.2Бастауыш сынып оқушыларындағы зейін түрлерінің жетілдіру шарттары..................................................................................................................8

1.3Бастауыш сынып оқушылары зейінінің қасиеттерін анықтау жолдары..................................................................................................................13

1.4 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту......................................15

2 –ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...........................................................................................................18

2.1Бастауыш сынып оқушылары зейінінің таңдамалық сипатын зерттеу диагностикасы.......................................................................................................19

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуға байланысты............... жүргізілген түзету жұмыстары............................................................................24


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................27

ҰСЫНЫС.............................................................................................................28












Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» – делінген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»бағдарламасының ІІІ- блогында «Мектеп жасындағы балалардың психологиясы» бөлімінде, «Балалардың психологиялық жас ерекшеліктері»- талаптары қойылған.

Әр баланың өзіне ғана тән танымдық іс- әрекет ерекшеліктерін айта кеткен жөн, әрбіреуі жекелей тәсілді қажет етеді, бірақ мұғалім әр түрлі себептермен

оны үнемі жүзеге асыра алмайды. Тіпті мынадай жағдайда да мұғалімнің кәсіби педагогикалық дайындығының төмен сапасынан және кәсіби тосқауылдың болуынан олардың әрекеті нәтижесіз болады. Мектепте психологтың болуы ондағы мәселелерді шешуге және мектеп өмірін түсінуге, өсіп келе жатқан жеке тұлға дамуына көп жәрдемдеседі. Қазіргі заманғы педагогикалық сала қызметкерлерін дайындаудың негізгі кемшіліктері олардың диагностика әдістерімен, танымдық сферасымен, балалардың жеке ерекшеліктерімен қаруланбауы болып табылады. Қазіргі заман мұғаліміне баланың жеке бас ерекшеліктерін білу үшін психология төңірегінде терең білімге ие болуы қажет. Сабақ жоспарын құру процесіне баланың қабілеттерін қабілеттерін даму процесіне бағыттай алуы қажет, көбінесе бұл қабілеттер зейіннің даму ерекшеліктеріне әкеледі. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Зейін туралы көп тараған теориялардың бірін Т. Рибо ұсынды



5

Оның айтуы бойынша, зейіннің осындай интенсивтілігі және ұзақтығы эмоционалды жағдай объектісінің интенсивтілігі және ұзақтығына негізделген. Сондай-ақ ырықсыз зейін жалпы эффективті күйге тәуелді. Зейін жағдайы әрқашанда тек эмоционалды күйзелістермен ғана емес, сонымен қатар дене өлшемінің және ағзаның физиологиялық жағдайының белгілі өлшемдерімен қатар жүреді.

Т. Рибо үшін психикалық үрдістердің және қалыптардың физиологиялық өзара байланысы ерекше болды, және де осы жағдай, бізді қызықтыратын көріністері оның трактатында айтылды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Т. Рибо концепциясын психофизикалық деп атауға болады. Қозғалыстың зейін актісіндегі маңыздылығын Т. Рибо келесі түрде көрсетті. Қозғалыс физиологиялық тұрғыда берілген сана қалпына күш бере отырып оны күшейтед [25].

Сезім мүшелері үшін, зейін, көру және есту, басқару және көрумен байланысты қозғалыстарды шоғырландыру және тежеу болып табылады.Ұсынылып отырған күш зейінді жинақтайды және тежейді, әрқашанда дене негізіне сүйенеді. Т. Рибоның ойы бойынша, зейіннің қозғалыс нәтижелігі мыналардан құралады: кейбір түйсіктер, ойлар, есте сақтаулар. Бұл құрылымдар басқа қозғалыс белсенділіктерімен салыстырғанда ерекше интенсителінеді және нақты болады. Қимыл-қозғалыстарды басқару – ырықты зейін құпиясы болып табылады. Қажетті қозғалысты ырықты түрде қайталау негізінде зейінімізді осы қозғалысқа аударамыз. Т. Рибо ұсынған зейіннің моторлы теориясының сипаттары осындай.

Зейін құрылым түсінігімен байланыстыратын тағы бір теорияны Д.Н. Узнадзе ұсынды. Оның құрылым туралы теориясы бастапқыда тәжірибе әсерінен ағзада пайда болатын және келесі әсерлерге реакцияларын анықтайтын алғашқы құрылымның ерекше қалпымен ұштасты. Мысалы, егер адамның қолынан көлемі бойынша бірдей, салмағы жағынан әртүрлі екі бірдей шар ұстатсақ, ол адам шарлардың салмақтарын әртүрлі бағалайды. Қайталанған жағдайда, қолына бұрын түскен жеңіл шар барлық қатынаста бірдей болып көрінеді. Осындай иллюзия байқалатын адамдарда, заттардың салмақтарын қабылдауы бойынша белгілі бір құрылым қалыптасты делінеді

Д.Н. Узнадзенің ойы бойынша, құрылым зейін үрдісімен тікелей байланысты және адамның ішкі зейін жағдайын көрсетеді. Импульсивті мінез құлық жағдайында көрсетіледі.


6

Зейіннің болмауымен байланысты субъектінің белгілі психикалық қатарының, сезімдерінің ойларының, образдарының пайда болуы осылайша түсіндіріледі. Әрбір белгі құрылым жағдайының өзектілігі негізінде субъект саласында бітқатар күйзелістер, психикалық мазмұндар туады.

Зерттеудің обьектісі: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін зерттеу

Зерттеудің мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бақылай отырып, оқу үлгеріміне ықпалын және даму ерекшеліктеріне байланысты диагностикалау;

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің даму жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1.Бастауыш сынып оқушылары зейінінің таңдамалық сипатын зерттеу диагностикасын жүргізу.

2.Бастауыш сынып оқушылары зейін деңгейін анықтау диагностикасын жүргізу.

3.Бастауыш сынып оқушылары зейінінің ауысуын бағалау.

4.Зерттеу нәтижелерін талдау және қорытынды шығару.

Зерттеудің теориялық қолданымы: Бастауыш төменгі сынып оқушыларының зейінінің өнімділік, тұрақтылық, ауысуы және көлемі сияқты қасиеттерін бағалау. Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттеріне байланысты әдістемелер жүргізу. Зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, жүргізілген зерттеулердің барлығына стандарттау, зерттеудің мақсаттарына сәйкес тестілер (сынақ), шкалалар қолдану. Зерттеу материалдарын өңдеуде статистикалық есептеулер жасау .

Зерттеудің практикалық қолданылымы: Бастауыш сынып оқушыларының зейініне әдістемелер жүргізу арқылы олардың орта буынға дайындығын анықтау. Зейінді дамыту жұмыстарын жүргізу.Зейіннің психологиялық феномен ретіндегі мәнін анықтау. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлерін, зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы анықтамалар келтіру. Зейін туралы философтардың талдаулары. Мектептегі оқу-тәрбие істері бойынша балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамыту нәтижелерін бағалау. Оқушылардың көңіл- күйіне баса назар аудара отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру.

Зерттеудің базасы: «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің

4 «А» сынып оқушылары

7

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой-пікірлері


Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.

Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс [132].

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын орындайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихты, одан кейін географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, басқа істермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді.

8

Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды»[145].

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді.

И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек.

9

Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады.

А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.[133].

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.







10

1.2Бастауыш сынып оқушыларында зейін түрлерінің жетілу шарттары

Бастауыш сынып оқушысы өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Ондай болу үшін, өзін, тұлғалығын, білімдері, икемділіктері және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процессуалдық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиісті. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.

Зейіннің негізгі түрлері:

Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл ескі түрлі атау, да мәні ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.

Пассивті зейін объектіге бағытталған санын шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.

Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіш ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады.

Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі қызыл түстің көзге әсер ету

коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды.

Оқушыларды байқаудың көрсеткіштері бойынша, зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу оқуды жақсы үлгеріміне әсер ететін фактор ретінде болды. Сонымен бірге үлгерімінің зейін қасиеттерін дамытуға ықпалы да болады.

Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда оқуда жақсы үлгере алатындары көрінді.

Зейіндерінің қасиеттері төмен дамыған оқушылардың үлгерімдері және қылықтары жайлы әңгіме ерекше зерттеуді талап етеді.

Осылай өзін-өзі бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның - өзінің даралығына, қылығына тұлғалық ерекшеліктеріне зейінінің дамуы негізінде ғана болады.

Өзін-өзі бақылауды ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.

11

Зейіннің күшті жақтары оқу–тәрбие үрдісінде т. б. іс-әрекеттің түрлерін орындауда өзін-өзі бақылауды алғы жоспарға жетелеп негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады.

Зейіннің іс-әрекеттегі бақылаушы функциясы зерттеп талдаған ғалым П. Я. Гальперин өзінің тұжырымдарында жеке адамның еріктік сферасын дамытудың ерекше маңызды рөл атқаратынын атаған.

Оның пайымдауынша ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі құрылымы жағынан өте күрделі үрдіс.

Ерікті амал – мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.

Ондай әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:

- мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі);

- мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну (мақсат қою);

- ниет-тілектердің пайда болуы;

- ниеттер тартысы және оның бірін қалау;

- тоқтамға келу үшін мүмкіндіктерінің бірін қалау;

- тоқтамға келген шешімді орындау.

Еріктің осы аталған кезеңдері зейіннің келесі сапалық жақтарымен тығыз байланыста болған көптеген зерттеулерден белгілі.

Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне тартып алады. Кез келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалылығы да еріксіз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.

Адамның таным әрекетіне көңіл-күйге қатты әсерлер ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер, т.б. Адамды таңдандырып, сүсіндіретін құбылыстар да зейінді өзіне ырықсыз аударады. Көркемөнер туындыларының да адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты бо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!