Материалдар / БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
966
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ

Зейін- адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп - обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады.Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады.

Адамның кез келген мақсатты іс-әрекеті зейін арқылы жүзеге асады. Зейіннің келесі түрлері бар: ырықсыз(еріксіз), ырықты(ерікті) және үйреншікті зейін. Еріксіз зейін адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар мен құбылыстарға бағытталады. Ерікті зейін мақсатты іс-әрекеттерді орындаумен байланысты. Ал үйреншікті зейін адамның іс-әрекетінің өмір тәжірибесінде қалыптасып отыратын түрі.

Адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті обьектіге жинақтай алатын болады.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өз Жолдауында еліміздің президенті Н.Назарбаев былайша атап өтті: "...Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.  Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпімен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оны бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін дүниетануды, одан соң басқа сабақты қарауға көшеді. Осы көріністердің бәрінен де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектіге бағыт алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ әуен, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.
Сабақ басталар алдында өтілетін тақырыптың мақсатын айтқан пайдалы. Балалар өздерінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру керек. Бұл іске жұмылдыру болады, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Материалдың оқудағы, өмірдегі маңыздылығын айтқан жөн. Ырықты зейін осылай қалыптасады. Ырықсыз зейінді ырықтыға аудару үшін: жарқын, эмоцияға толы, нақтылы деректер мен мысалдарға құрылған мұғалімнің қызықты әңгімесі, көрнекті құралдар, иллюстрациялар қажет. Баланы өзін - өзі қадағалай білуіне үйреткен жөн.Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларды түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деген.
Оқушылардың зейінін дүрыс қалыптастыруға мүғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мүғалімнің өз зейіні дүрыс үйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып түрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мүғалім оқушылардың зейінін дүрыс тәрбиелей алмайды.Мүғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дүрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, үқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мүғалім: "Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгірмейді" дейтін болса, бүл алдымен оның сабақты дүрыс үйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жүмысындағы кемшілігі болып табылады.

Сабақ үрдісінде зейінді тәрбиелеу жолдары - өзара әңгіме, сұрақ қою, орындалған тапсырманы ұжымдық түрде қорытындылау, берілген тапсырма бастауыш сынып оқушысының бала күшіне сәйкес келуін қадағалап, ал, сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары, ойын сәттері зейінді қалпына келтіретін әдістер болып табылады.Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет.  Бастауыш сынып оқушыларының зейінін аударуы үшін обьектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің тұрақтылығы дамиды. Төмендегідей жаттығулар бала зейінін дамытуға қажетті деп ойлаймын. Мысалы:

«Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.

«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.

«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.

«Кім жылдам?» Берілген мәтіндегі жиі кездесетін әріпті тез және нақты сызу қажет, мысалы, А немесе Е. Бағалаған кезде жіберілген уақыт пен жіберілген қателер саны есептеледі. Сызылмаған әріп көлемі аз болса, соғұрлым бағалау жоғары болады. Жіберілген қателер саны көрсетілген әріптерге бөлініп, 100-ге көбейтіледі. Уақытына қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы, бір әріпті сызып, екіншісінің астын сызып, үшіншісін шеңбермен сызыуға болады.

«Қателерді түзету» жаттығуы. Жүргізуші қағаз парағына сөздердегі әріптер тасталып кеткен және орындары ауыстырылып жазылған бірнеше сөйлем жазады. Оқушыға мәтінді оқып, 1 рет қана қатесін тез арада қызыл сиямен жөндеу бұйырылады. Содан соң ол парақты басқа оқушыға береді, ол қалған қателерді басқа түстегі сиямен түзейді. Жарысты қос адаммен де өткізуге болады.

«Ең зейінді» жаттығуы. Оқушылар жарты шеңбер болып тұрады. Арасынан бір оқушы жүргізуші болып таңдалынып алынады. Жүргізуші тұрған оқушылардың тұрысын есіне сақтап алады. Содан соң теріс айналып тұрып, қатысушылардың тұру ретімен айтып шығуы тиіс. Жүргізуші болып келесі оқушы болады. Ойын осылай жалғаса береді.

Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі.

Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру»- деп жазды. Осындай психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды, шығармашылық пен дарындылық пайда болады. Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ