Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда патриотизмнің маңыздылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда патриотизмнің маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде жергілікті жерлерге байланысты материалдарды қолдану оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы

бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Аяганова Лайлим Бактыгалиевна


Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда патриотизмнің маңыздылығы.


Бастауыш сыныпқа арналған жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысында ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану пәні бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәнінде ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.

Оқушыларда мынандай мүмкіндіктерді дамыту көзделеді:

  • Ғылыми – зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;

  • Кез- келген қабылданған ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;

  • Өз бетінше қортып, өз бетінше ойлануға ынталандыру;

  • Өмірдегі кез- келген жағдайларға немесе жаһандық мәселелерді шешуге ұсыныс жасау, оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру;

  • Жалпы зерттеу жұмыстарын бұрынғы бағдарламаларда да жүргізіп келгенбіз. Ол кезде бұл жұмыс дарынды, қабілетті оқушының жұмысы саналатын. Ал, қазіргі жаңа бағдарлама бойынша зерттеуге негізделген оқу- белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын педагогикалық құрал болып табылады. Яғни, сыныптағы санаулы бала ғана емес, бүкіл бала өз әлі келгенше ұжымдасып, жұптасып, жекелей зерттеу жүргізі алады. Оқушылар үшін тиімділігі, дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып, талдай алатын, өз ортасында ұсыныс жасап, өз ойын еркін айта алатын тиімді орта қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының зерттеу жасаудағы негізгі мақсаты- неғұрлым жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту арқылы ашық зерттеулерді нәтижелі аяқтау.

Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез- келген пәнде қолдануға болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге оқушы шығады. Ұстаздың міндеті- оқушыға білім мен тәрбие берудің түрлі әдістерін, шығармашылық қабілетін жетілдіріп, дамытуға бағыттау.Ұстаз өзінің оқушысының шығармашылығына ұқыптылықпен қарап, оларды шеберлікпен бағыттап,бірлесе жұмыс істеп отырса ғана шығармашылық табысқа жетеді.

Іздену жұмыстарын бастағанда ең алдымен міндетті түрде қамтылатын мәселе-жергілікті мәліметтерді зерттеу, бақылау, жинақтау болып табылады. Себебі, енді ғана хат таныған оқушыларға үлкен кітаптарды оқып, одан керектісін іріктеп алу қиынға түседі.Әрбір оқушы өз елінің тарихын, табиғатын, мәдениетін білмей өссе, туған жеріне деген сүйіспеншілігі дұрыс қалыптаспайды.Қазіргі дамыған заманның бүкіл әлемді алаңдатып отырған проблема - экология мәселесі біздің ауылымызды айналып өткен жоқ. Яғни, алаңдайтындай мәселелер бізде де баршылық. Бұл мәселелерді түбегейлі шешу оқушы қолынан келмейтіні анық. Бірақ, аз да болса үлесін қосып, табиғатқа жанашырлық таныту керек.

Бала - табиғатынан зерттеуші. Себебі, ол өзін қоршаған ортадағы заттармен құбылыстар жайлы танып, білгісі келеді. Жаңаны танып білу үшін, жан- жағын бақылап, зерттейді. Міне, осындай кезеңде өзіне таныс, күнде көріп жүрген, өз туған елінің табиғаты жайлы іздеп табу қиындық туғызбайды. Оқушы бойындағы зерттеушілік дағдылардың болуы, тек ғылыми жұмыспен айналысу үшін ғана емес, кез- келген оқушы үшін қажет. Өйткені, бұл – баланың жеке тұлғасының қалыптасуына қажетті жағдай.

Мен оқушыларыма зерттеулер жасауға қандай қадам жасадым? Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын қарастыру қажет.Содан барып, зерттеу тақырыбы шығады. Ол үшін оқушыларға сауалнама жүргіземіз. Оқушылардың берген жауаптарына сәйкес, оқушылардың-32% -ы спортқа , 12 % -ы тұлғалар жайлы, 6 % -ы музыкаға, 50 % -ы табиғатқа байланысты білгілері келетінін көрдім. Сондықтан, осы деректерге сүйене отырып, өз ауылымыз жайлы зерттеулер алдым.

Зерттеу жұмысын жүргізуде ең бастысы - белгілі бір нәрсенің белгісіз жағын табу. Зерттеуді жүргізу үшін ең алдымен кітапханамен, мектеп жанындағы және ауыл мұражайларымен танысып, ондағы жәдігерлермен, мәліметтермен жұмыс жасай алу қажет.

  • Туған жер, туған тарих мен үшін өте маңызды. Себебі, мен осы ауылда туып, осы мектепте оқып, осы мектепте 29 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жүрмін. Бір сөзбен айтқанда өз елімнің нағыз патриотымын. Өзімнің алдымда отырған оқушылардың бойынан да патриоттық сезімнің басым болуы үшін көптеген жұмыстарымды әсіресе зерттеу жұмыстарының басым бөлігін туған жерге арнап атқарып келемін. Ең алғаш рет (2014 жылы) зерттеу жұмысын бастағанда, сынып оқушыларын топтарға бөліп, әр топ өз жетекшілерін сайлағаннан кейін, «Туған өлкеге саяхат» тақырыбын бердім. Берілген тапсырма туған жердің жер бедерін , Қызыл Кесік ауыл округіндегі белгілі тарихи орындарды тану, өсімдік, жануар әлемін бақылау, зерттеу, құнды материалдар жинақтау. Ең алдымен «Тарихшылар»сөз алды. Ауылдың тарихи жерлерін слайд жасап көрсетті. 1928 жылы Зайсан уезі таратылып, оның орнына «Қызылтас» ауданы құрылды. Ауданның орталығы ресми түрде Қызыл Кесік ауылы болады.

Осы Қызыл Кесік ауылының түстік батысында тұтас қызыл граниттен тұратын тау «Қызылтас» деп аталады. Әсіресе жауыннан кейін айқындалып қызыл төбелері пышақпен кескендей белдеуленіп, қызарып тұрады. Сол себепті ауыл Қызыл Кесік атанған. Бұл аймақта: Сауытқойған, Баспан, Доланғара, Майлышат, Боранбайшаты, Қубас кезеңі, Қабанбай шаты, Бөгенбай шаты, Қарашаш қыстауы, Қанды шоқы, Найзақалған қалмақтар мен соғыста жан алысып, жан беріскен қанды шайқастардың куәсі болған тарихи орындар жетерлік. Оның ішінде Қабанбай, Бөгенбай, Боранбай есімдері аталатын үш шат – әр қолбасшылардың өз жасақтарымен бекінген жері. [Қ.Егізбаев. Би Боранбай. «Ақсуат арайы» газеті 1993ж 21 шілде] «Қубас» кезеңі Қызыл Кесіктен 6-7 шақырымдай жерде. Қабанбай батыр мініп, талай айқастарда жеңіске жеткізген атақты Қубас аты жан тапсырған жер «Қубас асуы» деп аталып кеткен. [Биғазы Мөдиұлы Жақсыдан шарапат. 2007 жыл]

Би Боранбай Қалқаманұлы – жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ерлігімен де, билігімен де көзге түскен. 16 жасында билік айтқан, яғни батырлығынан бұрын Би атанған.

Өлкетанушылар: Слайд-2

Тауды тіліп, тасты бұзып ағатын асау Боғас өзені Қызыл кесікті қақ жарып өтеді. Ауыл аяғына таманғы жері биік жартасты, жарлауыт, биік қабат болып келеді. Ауыл маңында аласа таулар, жазық далалар, терең суы мол өзендері бар, қысы суық, жазы қоңыржай болып келеді.

Біздің ауылымыз сопақша келген ойпатта орналасқан. Ауылдың ұзындығы 3 км-ге жуық. Жан – жағын аласа төбелер қоршап жатыр. Төменгі жақта Жағалбайлы, Төменгі шат немесе Теріскей деп атап кеткен таулар орналасқан. Осы төменгі шатта тау аралық ойыс орналасқан. Осы ойыс арқылы ауыл ортасынан ағатын Боғас өзені өтеді. Дәл осы жерде Шет Боғас, Орта Боғас қосылады да бұл жер «Үш Өзеннің қосылысы» деп аталып кеткен. Ойыстың ар жағы Теріскей деп, бер жағы Күнгей деп аталады, яғни Теріскей жақтан салқын ауа массалары ойыс арқылы өтіп ауылдың төменгі жағына соғады. Сондықтан ауылды төменгі аймағы орталыққа қарағанда -20С суық болады. Ауа массалары орталыққа жеткенше әлсіреп -20С азаяды. Сонымен, жер бедеріне байланысты ауыл үш түрлі ауа температурасына ие болады. Оны төмендегі диаграммалардан көре аласыздар. Биік тауы, таза ауасы жанға шипа шөптері көп адамдарды өзіне баурайды. Өсімдіктанушы: Слайд- 3

Жеріміз өсімдік түрлеріне өте бай. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін білген. Жанға шипа, дертке дауа емнің бәрі өсімдіктен алынады. Жусан – көпжылдық шөптесін өсімдік. Біздің ауыл маңындағы таулардың баурайында, жол бойында өсе береді. Себебі, жер талғамайды. Тамыры жуан, быртық, өзі тік өседі. Жусанды әсіресе қой-ешкі, жылқы, сиыр сүйсініп жейді. Жаздың алғашқы айлары мен күзде қаулап өскен жусанға тойған қой-ешкі тез семіреді. Сиырдың сүті нәрлі болады, себебі, жусан малдың және адамның ішкі құрылысындағы микробтарды өлтіреді. Жазды күні жаңбырдан соң жусан исі мұрыныңды жарады.

Шұғынық – Қазақстанда сирек кездесетін, саны азайған гүл түрі. Біздің Жағалбайлы тауларының етегінде, сай салада өседі. Тамырын дәрілік шикізат, әдемілігіне және ерте гүлдеуіне байланысты гүл шоғырына жинаудан азайған . Жылда 25 мамыр күні «Соңғы қоңырау» салтанатын көркемдеп оқушылардың құшағынан табылады.

Жануартанушы.Слайд- 4

Біз дүние тану пәнінен оқыған жануарлардың 6 тобы түгел біздің өңірде кездеседі. Әсіресе бунақ денелілер мен құстар өте көп. Сүт коректілердің тауды мекен ететін түрлеріне тоқталсақ: Сарышұнақ – едәуір ірі , сары немесе сұрғылт қоңыр аң. Біздің Боғас өзенінің аңғарын мекен дейді. Оның іні өте терең болмайды. Олар тотасып тіршілік етеді. Ұйқыдан сәуірде тұрып, мамырда балалайды.

Эколог. Слайд- 6

1974 жылы Қазақстанның «Қызыл Кітабы» жарық көріп, оған 169 жануар мен 307 өсімдік түрі енгізілген екен. Осы жануарлар мен өсімдіктердің тығыз мекендеген жерлеріне қорықтар ұйымдастырылған. Ал, біздің ауылымыздың маңайында Қазақстанның қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің бірнеше түрі бар. Оларды біз ұзақ уақыт бойы жинақтап мұғалімдердің басшылығымен. «Қызыл Кесік аумағының Қызыл кітабын» құрастырдық. Осы сабақ соңында «Қызыл кесік өңірінің Қызыл Кітабын» құрастырдық, әкімшілік алдындағы жарнама тақтасына «Боғас» өзенін қорғауға, әр түрлі эмблемалар жасап ілінді.

Туған жердің тұнып тұрған шежіресін, байлығын бағалау мақсатында «1-4 сынып оқушыларына оқуға арналған мәтіндер» жинағын құрастырдым. Бұл жинақта тек өз өңірімізден шыққан ақын- жазушылардың шығармасынан теріліп алынған мәтіндер мен өлеңдер- оқушылардың оқылым дағдысын арттырары сөзсіз.

Осы уақыт аралығында бірнеше зерттеу жұмыстарын нәтижелі аяқтап, жүлделі орындар иелендік. Солардың басым бөлігі туған жерге байланысты:

  1. «Туған топырақты түлету- экожоспар жасау», авторы- Елемесова Ақбота. Аудандық конкурстардың жүлдегері, «Ертіс өңірі» газетінде жарияланды.

  2. «Судың сыры -тереңде», топтық жұмысы, «Ұлан» газетінде жарияланды. Республикалық Microsoft компаниясының VCT жобасының ІІ конкурсының жүлдегері болды.(2009)

  3. «Бақбақ өсімдігі және оның пайдасы», Өскемен қаласы білім беру бөлімі мен Өскемен қаласының әкімдігінің «Оқу- зерттеу экобиоорталығы» конференциясынан жүлделі орын иеленген- Сеңғажиева Наргиз(2013 жыл)

  4. «Біздің өңірдегі қарлығаштардың ерекшеліктері», аудандық «Зерде» ғылыми жобалар сайысында ІІ орын, «Білім және Ғылым» Республикалық жобалар сайысынан ІІ орын, Республикалық «Құстар білгірі» конкурсынан сертификат, Республикалық мұғалімдер әдістемесі басылымында жобасы жарияланған - Қанатова Наргиз

  5. «Кесіртке құйрығын неге үзеді?», «Жас көшбасшы» Республикалық сайысында І орын, Республикалық «100 үздік ғылыми жоба» сайысынан І орын алып, жинаққа ендгізілген- Сейтқажы Әлижан

  6. «Аралар біздің өлкеге қай өңірлерден келеді?», «Самғау» республикалық орталығынан үздік ғылыми жоба сайысынан І орын иеленген- Қариполла Ернұр

  7. «Үй жануарларының адамға тигізер әсері.Мысықтың адам денсаулығына пайдасы мен зияны.», « Иттердің біз білмейтін құпиялары » , «Жас ғалым» республикалық конкурсынан І орын иеленген - жұптық жұмыс.

«Туған жер, туған ел, туған глобал» жобасына мынадай үлес қостым деп айта аламын:

  • Экологиялық басылымдар- альбом, газет, кітапшалар құрастыру. Ата-аналармен бірлесе отырып, «Қызыл кітапқа» енгізілген аң- құстардан «Қызылкесік өңірінің Қызыл кітабын» құрастырдық.

  • Математика сабағында аймақтық компонентке байланысты, экология мазмұнды есептер құрау, шығару.

  • Дүниетану пәнінде оқыған мәліметтерге сүйене отырып, қоректену пирамидасын құру. ( 1кг бидай-1жылда 1тышқанға азық болса, 1жапалақ- 1жылда 1000 тышқан жейді.1 қарлығаш- 1жылда- 1000 000 маса жейді.)

  • Экологиялық сөздіктер құрып, терминдерге түсінік беру. (қышқылжаңбыр, апат т.б)

  • Экологиялық карточкалар, эмблемаларды Еңбекке баулу сабағында жасап, ауылдың «Хабарландыру» тақтасына ілу.

  • «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» айдары бойынша табиғатқа тіл бітіру, яғни өздері дұрыс емес деп шешкен жайттарды тіркеу. (Шағым – арыздар)

  • Табиғи апаттар салдарынан келген бүлінулер т.б. келеңсіз жағдайларды тіркеу. ( айы, жылы, күні, апат түрі, табиғатқа залалы)

  • «Сулы жер- нулы жер» айдарымен Боғас өзенінің ластануын қадағалау.

  • Экологиялық ертегі құрау. Сахналау.

  • Үйдегі үлкен адамдардан елге әйгілі ауыл адамдары жайлы, жер- су аттарының шығу тарихтарын жинақтау.

  • «1-4 сынып оқушыларына оқуға арналған мәтіндер» жинағын құрастырып, оқушылардың оқылым дағдыларын арттырдым.

  • Ауылымызда қыстап қалатын құстардың тізімін жасау.

  • Боғас өзенін таза ұстауға үндеу жариялау.

  • Таңбалы тастар жайлы мәліметтер жинақтау.

Іздену жұмыстарын орындату барысында мұғалім мынандай жетістіктерге жете алады:

  1. Оқушылар өз бетінше әрекет етуге үйренеді

  2. Ақпарат жинақтайды, оны талдауға, жүйелеуге, жинақтауға дағдыланады.

  3. Реферат жазуға, қортынды жасауға машықтанады.

  4. Қосымша әдебиеттер, энциклопедиялармен жұмыс жасауды үйренеді.

  5. Компьютерді пайдалануға, слайд жасауға дағдыланады.

  6. Логикалық ойлау қабілеттері артады.

  7. Өздеріне жүктелген жауапкершіліктерін сезінеді.

  8. Жұмысты қорғау нәтижесінде сәйлеу мәдениеттері дамып, көпшілік ортада өздерін дұрыс ұстауға қалыптасады.

  9. Дұрыс шешім қабылдай білуге үйренеді.

  10. Басқа оқушының жұмысына баға беріп, өз көзқарасын білдіре алады.

  11. Әр түрлі сызба, диаграмма құруға дағдыланады.

  12. Шығармашылық қабілеті дамиды.

  13. Жоғарғы сыныпқа барғанда іздену жұмыстарын орындауға дайын болады.

3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!