Материалдар / Бастауыш сынып оқушының бейіндік қабілетін диагностикалаудағы педагогикалық-психологиялық қызметтің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушының бейіндік қабілетін диагностикалаудағы педагогикалық-психологиялық қызметтің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттерге қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»





















РЕФЕРАТ

Тақырып: Бастауыш сынып оқушының бейіндік қабілетін диагностикалаудағы педагогикалық-психологиялық қызметтің рөлі

























Орындаған: Серікханова А.А

Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі ата-ана, мектеп-бастауыш сынып оқушыларының қамқоршылары.

Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсінішпеушілік пайда болады.

Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

Біріншіден, мектеп өміріне кірігу.

Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату.

Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.

Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс.

Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар.

1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.

2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн.

Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғаліммнен қорықпауы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі- ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай да балалар ұжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балалрды жастайынан жаман жолға итермелейміз.

Бірінші кемшілік- адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген.

Екінші кемшілік- ақыл ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды.

Үшінші кемшілік- адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды.

Төртінші кемшілік- медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін.

Бесінші кемшілік-баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы. Мұндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды.

Осы бес кемшілікті жою- балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады.

3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін.

Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады.

Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді.

Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді.

4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсырмасын орындауда қиналуы.

Зерттеуші ғалым-педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп, үй жұмысын орындау тек салтқа айналады.

Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады.

Бірінші – ынтамен оқитындар.

Екінші- жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін деген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін.

Үшінші – сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.

Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу- бастауыш сынып ұстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп, бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін ұстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз.

Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін, жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны ары қарай дамытқан жөн.

Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болуы керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы орайда ол көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге оқытушы, ата-ана болып бірлесіп еңбектеніп, балаға көмектескені абзал. Осы орайда, бастауыш сыныпта жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары мынадай:

Бірінші бағыт- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенім- күрделі. Ол – терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны әрі қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың қиындығына байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмайды. Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет.

Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға болады. Сонымен жеке бала-тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиетерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесі деп білеміз.Ол ұстаз бен ата-ана, жолдас-жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз.

Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға зер салғанымыз дұрыс:

Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз.

Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елдің азаматы ретінде қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.

Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көз жеткізу, соған талпыныс жасату.

Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу.

Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.

Екінші бағыт-қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту, оған жол бермеу.

Осы ойды тарқату үшін мынадай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Біздің мұндағы айтарымыз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды.

Осындай қателіктерден аулақ болу үшін біз мына жағдайларды ескергенді жөн көріп отырмыз:

Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімі оқушыларымен апталық жоспарды бірігіп құру.

Екіншіден, осы құрылған жоспарды орындау.

Үшіншіден, Атқарылған істің нәтижесін талдау.

Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру.

Осыны орындап тұрса мұғалім өктемдікке бармайды, осы ескетілген жағдайлар демократиялық қатынастың бастауы болады.

Бірақ бастауыш сынып оқушылары демократияның не екенін түсінбейді. Сондықтан да демократияға да шектеу қою керек.

Бастауыш сынып оқушылары демократия мен өктемдіктің арасын айыра бермейді. Себебі оларға мұғалімнің айтқаны заң. Сондықтан да мұғалімнің жақсы көрмеген оқушысын олар да жаман көріп, оған күн көрсетпеуі мүмкін.

Баланың жаман қылығын мұғалім оқушыларға және кінәлі оқушыға да түсінікті болатындай етіп ескертіп айтып, жаман қылықтың себебін және неге соқтыратынын талдаған дұрыс.

Үшінші бағыт- әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы бірсөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үңдің, даланың, ауланың немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл- әлеуметтік, ересектіктің заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады. Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал бастауыш сынып оқушысы осы заң-тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау- үлкен шаруаны тындырғанымен бірдей.

Бірақ бастауыш сынып оқушылары 3-4 сыныпқа келгенде, мұғалімнің айтқанын ой елегінен өткізе бастап, оның іс-әрекетін, айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын өзі орындамаса, екі сөзді болса, балаларды бөліп қараса, ондайй мұғалім абыройынан айырылады. Мұндай жағдайда айтқан өсиет, ақыл, тәрбиелік іс-әрекеттің бәрі зая кетеді.

Төртінші бағыт- жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау. Байқап қарасақ, оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты да және екі бөлек. Оқу үлгеріміндегі жетістік- соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік – нәтиже, ал жағдай жасау-соған жетудің жолы.

Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының шегі жоқ. Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек, оқушының жетістіктен жетістікке жете беруіне ат салысуы тиіс. Бұл жерде мұғалім жетекші. Жетістік уақытша, қысқа, көп уақытқа, ұзақ болуы мүмкін. Ал оның өміршің болуы да мұғалімге байланысты. Жетістікті дер кезінде байқап бекіту қажет.

Оқудағы жетістіктің қуанышқа айналуы, жетістіктің бекітілуі баланың өзіндік және жас ерекшелігіне де байланысты.

Ұл мен қыздың, бастауыш сынып оқушысы мен жасөспірімдердің оқудағы жетістікке қуануы әр түрлі. Оны өмірден алған мысалдармен дәлелдеу керек.

Мәселен, бастауыш сынып оқушысы жетістікке қуанғанымен мәніне жете бермейді, бағалай алмайды. Жасөспірімдер жетістікке қуана да алады, түсінеді, мән береді, бірақ нәтижесіне, себебіне жете бермейді. Ал жоғары сынып оқушылары жетістікке қуанады, бағалайды, түп нәтижесіне үңіледі.

Қыздардың қуануы мен ұлдардың қуануы бөлек. Қыздардың қуануы сыртқа көрінеді, ал ұлдар іштей қуанады, сыртқа білдірткісі келмейді.

Ата-ана, мұғалім балалардың оқудағы, т.б. жағдайдағы жетістікке қалай қуанатынын күні бұрын болжауы, соған назар аударуы тиіс. Жетістікке жағдай жасау-дәрігердің науқасты дәрімен емдегенімен бірдей болуы тиіс. Дәрігердің науқасқа дәрінің қалай әсер ететінін күні бұрын болжағанындай ересектер де баланың жетістігіне жағдай жасағанда, соның қандай нәтижесі болатынын болжағаны жөн.

Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған ортасы- ата-ана, ұстаз, жора-жолдастары көреді, солар қуанышқа ортақтасады. Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп, жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді.

Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген, жетістіктің нәтижесін болжауға болатын ұстаздың ұйымдастырған іс-әрекеті. Жетістік кейде ойламаған жерде пайда болуы мүмкін. Бірақ ұстаз сол мүмкіндікті пайдалана біліп, әрі қарай дамытуы, бекітуі керек.

Жетістіктің үш түрі бар:

Біріншісі-күні бұрын болжауға болмайтын жетістік.

Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жету үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап, көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу. Мұндай болмағанда бала жолдан таюы мүмкін.

Осындай жағдай ересектерде де болуы мүмкін. Бірақ ересектер жеңіс пен жеңіліске талдау жасай біледі. Ал бала оны жасай алмайды.

Екіншісі- күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып оқушысының қандай да бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. «Мен осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім»,- деген қуаныш оны алға жетелейді. Жетістікті қандай бір болжап, осылай болады дегенмен жетістіктің аты жетістік, ол жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек. «Осылай боларына сенгенмін»,-деп ұстаз демеу берсе бала қанаттанады.

Үшіншісі-қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын оның жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың кемшілігі де бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп, жетістіктен басы айналып, біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады.

Мектеп жасына дейінгі балаға қамқорлық керек. Қызметтестік үлкендердің қамқорлығымен жүреді. Мектеп жасына дейінгі балалар шамасына қарай тәрбиешіге көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл жастағыларға ересектердің қамқорлығы басым болады.

Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік айшықталып көріне бастайды. Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер, мұғалімдер атқарады. Мұны біз тәлімгерлік-қызметтестік дейміз. Бірақ бұл кезеңде балаларға қызметтестікке араласуға мүмкіндік береміз.

Серіктестік-қызметтестіктің бір түрі. Оны бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірімдердің 5-6 сыныбында байқауға болады. Серіктестік қызметтестікке бір табан жақын. Дегенмен мұнда да ересектер негізгі жетекші рөлді атқарады.

Қызметтестіктің ең жоғарғы түрі – достық. Қызметтестік қатынас достық қатынасқа ұласуы мүмкін. Бұл негізінде жасөспірімдіктен жастық шаққа ұласқанда болады. Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі болып табылады.

Бірақ қызметтестік-достық толық тең құқықтықта болмайды және жіберілмейді де. Мұғалім- әр уақытта мұғалім. Ол оқушымен арақашықтықты сақтай білуі тиіс.

Біз осы арақатынасты мысал-жағдайлар арқылы талдай отырып, оқушыларды бірнеше топқа бөліп қарайың.

Мәселен, мұғалім мен оқушылардың бірігіп қызмет жасап, жетістікке жетудің жағдайын жасау жолында "Үміттің ақталуына байланысты қуанышқа" бөленген оқушылар тобы болады. Олардың көптен күткен жеңіс-қуанышы орындалады. Оның орындалуына бала, ата-ана, мұғалім де ат салысады. Осының орындалуына баланың оқуға деген құнттылығы, орындауға жұмсалған күш-жігері және жұмыстың нәтижесі себеп болады. Бұл қуанышқа барлығы ортаң. Сондықтан барлығына ортаң тең қуаныш. Сонымен осы "Үміттің ақталуына байланысты қуаныш иелерін" топтарға жіктеп көрейік.

Бірінші топ "Сенімділер" немесе "Өз ісіне тыңғылықтылар" деп аталады. Мұндай топ оқушылардың кез келген жас кезеңдерінде кездеседі. Мұндайларға жауапкершілігі бар, оқуға деген қабілеті жоғары, үй тапсырмасын ұқыпты орындайтын, қоғам жұмысына берілген, өз ісіне берік, абыройы жоғары, өзіне-өзі сенген оқушылар жатады. Бұл аталған оқушылар негізінен ата-анасының балаға деген қамқоры педагогикалың тұрғыдан дұрыс қатынас жасай алатын отбасынан шығады. Бұл оқушылардың оқудағы жетістік-қуанышы берік, бала өзі-өзіне сенімді.

Бірақ мұндай оқушылар да сүрінуі мүмкін. Оған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Баланың өзі кемшілікті талдауға шамасы келеді. Ондай оқушылар өз қиындығын өзі жеңіп шыға алады. Бұлар 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!