Материалдар / Бастауыш сыныпта АКТ тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта АКТ тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәні сабағында ақпараттық-коммуникативті технологияларды (АКТ) тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту жолдары туралы әдістеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1241
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәні сабағында ақпараттық-коммуникативті технологияларды (АКТ) тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту жолдары

ХХІ ғасыр ˗ білім мен ғылымның, дамыған техниканың дәуірі. Кезінде Абылай ханның өзі: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік,» ˗ деп болашақ ұрпақ үшін білім алудың маңызын ескеріп өткен. Шынымен де, қазіргі уақытта дамыған әлем елдері бір˗бірімен күш таластырып емес, ғылыми жетістіктерімен бәсекеге түсуде. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты,» ˗ деп, жастарды білім жолына шақырады. Осыған орай мектеп мұғалімдері, орта арнаулы және жоғары оқу орындары оқытушыларының алдында тұрған үлкен міндет ˗ өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, олардың бойында заман талабына сай құзыреттерді қалыптастыру.

Техниканың дамуы ілгері басқан бұл заманда оқушылардың өздері күнделікті өмірде смартфон, теледидар, планшет, ғаламторға қосылған компьютер сынды көптеген заманауи «гаджеттерді» емін˗еркін пайдаланып үйренген. Сол себепті мұғалімдерге оқу үдерісі кезінде балаларға жай ғана ауызша түсіндіру, оқулықтағы ережелер мен жаттығуларды орындау, тақтада жұмыс жасату сияқты бұрынғыдай дәстүрлі жолдармен олардың назарын шоғырландырып оқыту қиынға соқты. Міне, осы кезде ақпараттық˗коммуникативті технологиялар (АКТ) педагогтар үшін үлкен қолғабыс болады.

«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады» [1].

«Ақпараттық˗коммуникативті технологиялар» дегенімізде ойымызға бірден компьютер және интербелсенді тақта түседі. Шын мәнінде бұл дұрыс емес. Ақпаратты жеткізу мен қабылдауды жеңілдету әрі соған сай тиісті қарым˗қатынас орнатуда пайдаланылатын құралдардың саны анағұрлым көп. Тарихқа үңілетін болсақ, сонау тайпалық˗рулық кезеңде адамдардың үңгірлердің қабырғаларына түрлі белгілерді салып, не қағазға (тақтайға) сурет салу арқылы өзара хабар алмаса бастауы, кейінгі кезеңдерде радио, теледидар, электронды есептеуіш машиналардың пайда болуы, бертін келе ұялы телефон, ғаламтор, электронды оқулықтардың таралуы сынды жаңа өнертабыстардың барлығы біздің бүгінгі зерттеу жұмысымыздың нысаны ˗ АКТ қатарына жатады.

Бақылауға алынған оқушылар:

Оқушылар

Оқушылар сипаттамасы

Күтілетін нәтиже

А оқушылар

Сабақта өте коммуникативті, оқушылармен қарым-қатынасы белсенді, шапшаң және кез-келген жағдайда оңтайлы шешім қабылдай алады.

Түрлі әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар арқылы коммуникативті қарым-қатынастарын одан әрі жетілдіру

В оқушылар

Мінезі тұйық. Оқушылармен қарым-қатынасы орташа, Топта жақсы тіл табыса алады, тек өз ойын жеткізе алмайды.

Көпшілікпен жұмыс жасауды жақсарту

С оқушылар

Мінезі тұрақты емес. Топта сыныптастарымен тіл табыса алмайды, жұмысқа араласа алмайды.

А оқушыларымен топтастырып, коммуникативті қабілеттерін арттыру. Ынтымақтасқан орта құру.

Тренер қызметі: сабақты бақылайды, сабаққа сараптама жасайды. Бақылау жүргізеді.

Ақпараттық әдістемелік материалдар қарым˗қатынастық байланыс құралдарын қолдану арқылы білім беруді жетілдіруді мақсат етеді. Мультимедиялық оқулықтар, біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіншілік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Білім мен ғылымның дамуын басты назарға алған қазіргі заманның талаптарына сай қоғамды ақпараттандыруда мұғалімдердің ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану бойынша біліктілігін көтеру білім беру саласындағы негізгі міндеттердің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [2] деп атап көрсетілген. Сол себепті білім беру саласында қызмет ететін барлық оқытушылар бүгінгі таңда АКТ технологиясына бет бұрып, оны оқу үдерісінде белсене пайдалану үстінде.

Жалпы алғанда, қандай болмасын пәнді не пәндер тоғысын оқытқанда ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдалану келесідей мүмкіндіктер мен артықшылықтарды береді:

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • Жаңа материалды қабылдау және игеру үрдісін жеңілдетеді;

  • Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық әрекеттерін белсендендіреді;

  • Мұғалімнің уақытын үнемдейді;

  • Оқушылар мен оқытушылардың бойында ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық құзыреттілік дағдыларын қалыптастырады.

Жаратылыстану пәні тұрғысынан қарайтын болсақ, мұндағы АКТ ролі орасан зор. Жаратылыстану әлемдегі қызық мәліметтерге бай әрі қызықты пәндердің бірі болумен қатар өз ішінде түрлі заңдылықтарға бағынған күрделі жүйе болып табылады. Мұғалімдер үшін қанша оқушылардың ішінде әрқайсысына осындай өсімдіктер, жануарлар, адам, табиғат физикасы, жер және ғарыш бөлімдерін түсіндіру қиынға соғады. Міне, осындайда ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдалану мәселенің таптырмас шешімі болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгілерінің бірі – интербелсенді тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтар. Қазіргі кезде ғаламтор желісінде еліміздің түкпір˗түкпірінен жиналған мұғалімдер арнайы сайттар мен парақшаларды ашып, онда өздерінің тәжірибелерімен бөліседі, әсіресе білікті ұстаздардың онлайн сабақтары жас мамандарға және жалпы мұғалімдерге үлкен көмекші құрал қызметін атқарады. Интербелсенді тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

  • мультимедиялық құралдар (аудио˗, бейне˗материалдар мен теледидар, радио, электрондық оқулықтарды);

  • компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интербелсенді тақта);

  • анықтамалық мәліметтер (сөздіктер, энциклопедиялар, ғылыми еңбектер, электронды жаттығулар жинақтары);

  • ғаламтор және басқа да көрнекі ақпараттық материалдарды сабақта қолдану айтарлықтай оң нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, үлкен зейінмен тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылай бекітуге мүмкіндік береді.

«Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері және оқытудың коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол ˗ әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді» [3].

Жаратылыстану сабағында берілген материалды ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты мынадай оқу әрекетінің түрлерін бөліп қарастыруға болады:

1) эмпирикалық әрекет:

- интербелсенді тақтада слайд арқылы көрсетілген не шынайы суретті иллюстрацияларға назар аударып, «миға шабуыл» жасау;

- жекеленген жаттығуларды презентация не басқа да қызықты формада ұсыну арқылы зейінін аудару;

- тақырыпқа сай белгілі бір мәтінді ұсынып, мағынасына ерекше назар аударуды/талдауды/сөздікпен жұмыс жасауды және т.б. қажет ететін сөздерді айрықша белгілеу арқылы ой қозғау;

- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;

2) жаттығуды/ережені/қосымша материалды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет:

- жаттығуды абстрактілі ойлау;

- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;

- ережені оқып, өз сөздерімен түрлендіріп жеткізу;

-қосымша материалдармен танысып, танымдық әрекетін белсендендіру;

3) жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет:

- таңдалған жаттығу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- бұрыннан таныс жаттығу түрлерін жасау;

- берілген жаттығуды бағалау;

- жаңа тақырып бойынша өздеріне бұрыннан белгілі мәліметтерді сызбаға түсіру;

4) белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық әрекет:

- дағдыны таныс жағдайда қолдану;

- жаңа, үйреншікті емес жағдайда дағды қалыптастыру.

Сонымен қатар дәл осы ақпараттық құралдардың көмегімен жаратылыстану сабақтарында «Ойлан, тап», «Кім жүйрік?», «Бірігіп жаса», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сынды танымдық зияткерлік ойындарды өткізу арқылы да оқушыларды жаратылыстану пәні бойынша алған білімдерін сынап қана қоймай, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін, оны әрі қарай терең зерделеуге деген ынтасын да арттыруға болары хақ. Ал қазақ тілі және әдебиеті, дүниетану және басқа да пәндермен сабақтастыра отыра кіріктірілген сабақтарды өткізу арқылы мұғалім оқушылардың ізденімпаздық әрекетін арттырады әрі өзінің кәсіби˗шеберлігін шыңдайды. Сондай˗ақ түрлі тақырыптарға зерттеу жұмысы сабағы, «квест» сабағы, саяхат не ойын сабақтары кезінде оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым сынды төрт маңызды әрекетін белсендендіріп, тақырып бойынша тиісті арнаға «бұруға» болады.

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын оятады, өз бетімен жұмыс істеуге, пікірталас ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға ықпал тигізеді. Ал оқытушы үшін ол келесідей артықшылықтармен ерекшеленеді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі артады, жас мамандардың қызығушылығын арттырады, ғаламтор жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс˗тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс˗тәсілдерін игеруге қол жеткізеді, оқытушы сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

Елбасымыз: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет,» ˗ деп, атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру үдерісінде ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдаланудың практикалық маңызы өте зор және бұл технология жылдан˗жылға әрі қарай дамып, болашақта да үлкен сұранысқа ие болатындығы сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Р.Ж.Бахтиярова. - Пән сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты: Орал, 2014.

  2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

  3. Насыритдинова Г.Н. жаратылыстану сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы. Ғаламтордағы нұсқасы: http://www.rusnauka.com/9_SNP_2015/Philologia/1_187867.doc.htm



3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!