Материалдар / Бастауыш сыныпта критериалды бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылода қаласы, Жақыпбек Маханбетов ауылы, №143 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Кожан Наргис Николайкызы



Бастауыш сыныпта критериалды бағалау

Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың ( оқушылар, ата- аналар, мектеп әкімшілігі ) барлығына алдын – ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау- өз алдына сұрақтарға жауап іздеп , жан – жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау , қасындағы балалармен пікірлесіп, талдау жасап отыру арқылы білімдері молаяды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып , өзіндік түсінік пайда болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.

Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.

Критерийлер
Дескрипторлар
А Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.

В Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.

С Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Оқушыларды жаратылыстану пәндерінен: тарихи жәдігерлер мен шежіре естеліктерді жинауға, көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуге, дәлелдерді қолдана отырып сұрақтар қоюға, дәйекті ойлауға, пәндік қиындықтарды шешуге, тарихи заңнамалар мен жарғыларды салыстыру айырмашылықтары, ерекшеліктері, ұқсастықтарын талқылауға, тез және берік есте сақтауға үйретуді көздедім.Осы тұста мен өз сабақтарымда көптеген әдіс тәсілдерді қолдана отырып, Оқушыларды ынталандырып, қызықтырып отырдым. Осыны негізге ала отырып Тони Райанның «Болашақтың кілттері» әдісін мен өз сыныбымның деңгейіне қарай «Үш кілт» деп алдым.

Тони Райан жасаған тәсіл – ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекеттер кешені. Ал менің ұсынып отырған «Болашақтың кілттері» Рухани жаңғыру негізінде құрастырылған жеті кілт болып табылады.

«Рухани жаңғыру» кілті жасырылған сөзді болашақта қалай елестетесіз, көз алдыңызға елестетіп көріңіз.

«Ұлы Дала елі» кілті. Дала мәдениеті мен өркениетін еске түсіріңіз, ұлттық тәрбие мен болмысымыз, діліміз бұл қанға сінген қасиет.

«Әліпби» кілті сөздердің тізімін а-дан я-ға дейін тізбектеңіз, егерде латын әліппиімен жасырсаңыз тіптен керемет. Әріптерді қанша алса да қалағанша қолданса болады, бір әріп екі рет келуі мүмкін.

Оқушыларды: тарихи жәдігерлер мен шежіре естеліктерді жинауға, көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуге, дәлелдерді қолдана отырып сұрақтар қоюға, дәйекті ойлауға, пәндік қиындықтарды шешуге, тарихи заңнамалар мен жарғыларды салыстыру айырмашылықтары, ерекшеліктері, ұқсастықтарын талқылауға, тез және берік есте сақтауға үйретуді көздедім

Қорыта келе, мен сөзімді   ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа білім беру  —  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!