Материалдар / Бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Макала ата-аналарға, ұстаздарға және жас мамандарға көмекші құрал ретінде жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1




Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
"№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі"
КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Турымбетова Жамилахан Мухамедхановна



Бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістері
Баяндама

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне – өзі сенімді,
интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына
үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл –
парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең
өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектеп оқушысы не нәрсені болса
да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз
болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие
әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан
– жақты іздене отыру керек.

Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім
беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім
саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа
инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да
тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.Ол бүгінгі
білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім
беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге
асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы
қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендірудіт міндеттейді. Білім, дағды, іскерліктің
қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға
талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын
біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де
тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің
өзіндік орны ерекше. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын
тың бағдарлама. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және
ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-
жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану –
заман талабы болып отыр. Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің


Page 2

мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру,
оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу
бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап
зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және
сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе
жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта
жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және
оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу,
модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Оқушыларды
заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық
әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.Сол себепті қысқа
мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты
назарды аударып, мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал»
әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардыңт сабаққа деген
қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды
молынан қолдануға тырысамын. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды
пайдалану тиімді. «Алфавит тізбегі» оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін
алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.Мысалы
тақырыбыңыз «Қазақстан»«қала» «Менің достарым»болса, А – Астана Ә-әскер Б-бидай В-
валюта Г-газ Ғ- ғимараттар «Эссе жазу» 3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не
түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс – тәсілдің бірі. «Сұхбат алу»
ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойыншасұхбат құрады.
Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.һ. Әр сабақта топқа бөлу арқылы әр оқушының
жұптық жұмыс,топтық жұмыста өз шеберліктерін көрсете алады. Сабақтарымды қызықты
әрі оқушыларға жан- жақты жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырып отырамын.

«Маршрут» ойыны. Бұл ойын бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін,
алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің
соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-
сабын-нар-рахмет-тарақ, -қарбыз т.б.

«Екі әріп» ойыны. Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол
сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз
сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол
сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не
туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.

«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да,
парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала
болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып
шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге
көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез
келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып,
ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық,
екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка
спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы»,


Page 3

«мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут
уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.

«Қара жәшік» ойыны.Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне
көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік
ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ
оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек

«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді.
Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті
заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.

«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып
шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ
(жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан
шығады.

Қорыта айтқанда, бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа
енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл
өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби
біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз
деп сеніммен айта аламын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!