Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «СЫНИ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ» МОДУЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «СЫНИ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ» МОДУЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Г.Қ.Батталова
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Демек қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік экономикалық салаларындағы жағдайы түбірінен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы-ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаз қолында.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «ХХІ-ғасырда білім деңгейін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелетіні анық» деп айтқандай, білім беру үрдісін әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын даярлау қажет екендігін баса айтқаны мәлім. Мектептегі мұғалімдердің қазіргі заман талабына қарай, әр мұғалімдер өзінің педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып жаңа формацияға сай негізделген инновациялық технологияларды пайдаланып сабақтарды өткізу тиіс.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылдау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі нені қамтиды?
-
Релеванттық ақпараттар жинауды
-
Дәлелерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
-
Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындыларды;
-
Тәжірибе кезінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды:
Бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Мұғалімнің міндеті-баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолданып жүрмін.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Бүгінгі таңда білім саласында тағы бір өзекті болып отырған мәселе оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Яғни оқушы алған білімін өз өмір сүріп отырған ортада қолдана білу. Оқушы математикадан да, дене тәрбиесінен де, барлық пәннен функционалды сауатты болуы керек. Ал осы функционалды дағдылар мектеп қабырғасында бастауыш кезеңінен –ақ қалыптасады.
«Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген екен Ж.Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп тұруға міндеттіміз.
Әр технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен ғана шектелмей, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген қағидамен, өзім оқып үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің маңызы зор деп ойлаймын.
Сыни тұрғыдан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау екендігіне көзіміз жетіп отыр. Бұл деңгейде ойлау тек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мысалы өз тәжірибемде әдебиеттік оқу пәнінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тиіміділігін көп байқадым.
Бастауыш сынып оқушысы әдебиеттік оқу пәні арқылы мәтінді дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгереді, шығарма авторының көзқарасын түсіну, мәтінді оқырман ретінде қабылдауға тәрбиеленеді, көркем –шығармашылық қабілеттері дамиды. Сөз өнеріне деген қызығушылық, тілдік эстетикалық талғамы қалыптасады. Сөйлеу әрекетінің түрлері жетіліп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани адамгершілікке тәрбиеленеді. Мәтінді оқу сапасы дұрыс, түсініп, шапшаң оқу дағдысы қалыптасады. Ауыз әдебиетінің жанрлары, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары туралы, басты тақырыбы, басты кейіпкерлері және негізгі мазмұны жайлы түсінік қалыптасады. Мәтінді талдап, жанрлық сипаты туралы біліп, шығарма сюжетті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық түрлері: өлеңді мәнерлеп оқу, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу сияқтары машықтары қалыптасады. 2-4 сыныпта әдеби функционалды сауаттылығы «Ауыз әдебиеті үлгілері», «Жазба балалар әдебиеті үлгілері» «Әдеби теориялық білім», «Мәтінмен жұмыс», «Оқу дағдысы» әдеби тілде еркін сөйлеу бағытында қалыптасады. Сонымен қоса оқырмандық мәдениеті, кітапханада жұмыс істей алу, кітап дүкендерінде қажет кітаптарды таңдай алу дағдысы, ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқу, білім сайыстарына қатысу, өз ойын анық нақты баяндау білігі мен функционалды сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін қазіргі жағдайға бейімдеп, озық технологияларды пайдаланып оқыту бүгінгі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Алайда көркем шығармаларды жаңа технологияға негіздеп оқытуға арналған нақты әдістемелік құралдар аз. Сондықтан да өзіміздің «Өрлеу» курсы кезеңіндегі теориялық білімімді, үйренген итерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды жақсы деңгейге жеткізуге болатындығына көз жеткізу үшін әдебиеттік оқу пәнін таңдадым.
ІІІ-деңгей курсының мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде мен 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен тізбектелегн төрт сабақты бірлестік арасында семинар-сабақ етіп өткіздім. Соның ішінде 4-ші өткізген сабағыма тоқтала кетсем деймін. Сабақтың тақырыбы: «Бүріт» Үйге «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, әрі өз сөздерімен әңгімелеп беруге жаттығу тапсырылған. Өз сөздерімен әңгімелету үшін мынадай шығармашылық бағыт берілген. 1. Бетпақ, шөлді жерді суреттеу (1-шумақ). 2.Мергендердің сол кездегі кәсібі (2-3 шумақ). 3.Бөкеннің сұлулығы (4-шумақ). 4.Келе жатқан ақсақ киіктің халі (5-6-шумақ). Осы тапсырманы мен «Менің қалауым» стратегиясын қолдану арқылы сұрадым. Ондағы мақсатым оқушылардың өз қалауларын білу яғни тапсырманың қай бөлігін айтқысы келеді, неліктен сол шумақтан ой өрбіткісі келгенін білу. Оқушылардан сұрау барысында бір оқушыдан: «Өз қалауың бойынша таңдаған шумағыңды әңгімелеп бере ғой» дегенде ол: «Мен Бетпақдалада келе жатқан ақсақ киіктің халін суреттеген жерін әңгімелеп берейін» деп жазған әңгімесін оқыды. «Неліктен осы шумақ саған әңгіме жазуыңа себеп болды?»- деген сауалыма кідірместен «Мен жаралы киіктің әлсіреп, біреуден көмек күткен халін көз алдыма елестеттім. Соны әңгімелеп жазғым келді»- деп жауап берді. Сол кезде мен «Егерде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтіп жатқан төртінші сабағымның өзінде орта, төмен деңгейлі оқушылардан осындай өзіндік пікірлерін қысылмай айтатын дәрежеге жеткенін көрсем, алдағы уақыттарда бұдан да жақсы нәтижеге жететініме сенімді болуыма болады екен» деген ой түйіндедім.
Егерде мен дәстүрлі сарынға салынып, өлеңді соңына дейін жай оқытып, я жаттатып қойсам, бәлкім бұндай оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы сыни ойлауды дамытуға арналған диалог жүрмес те еді. Сондықтан да мен осындай нәтижелерді көре келе әр сабағымда төмен деңгейлі екен деп оқушыны бөле жармай, олардың да қолынан жақсы өнім шығатындарына ерекше назар аударғым келді. Оқушылардың жазған әңгімелері оқушылармен бірлесе жасалған «Табыс критерийі» арқылы бағаланды. Бағалаудың бұл түрі оқушыларға да, маған да ұнады. Өйткені «Табыс критерийі» арқылы оқушылар өздерін бағалаудағы кемшіліктерді жоюға үйренеді.
Сабақтың мағынаны ажырату бөліміне өтпес бұрын оқушыларды сыни ойланып, жүйелі сұрақтар қойып үйрету мақсатында "Қара жәшік"ойыны ойналды. Оқушылар жәшіктің ішіндегі затты табу үшін сұрақтар қойды. Көбіне жоғары деңгейлі оқушының қойған сұрағы ұтқырлау болды. Орта деңгейлі оқушы сұрақтың «иә,жоқ» деген жауап алуға негізделіп қойылу керектігін бірден түсіне алмады. Тек топтағы достарының қойылған сұрақтарын тыңдай отырып, өзі де дұрыс сұрақ қоя білуге үйренді.
Оқушылар «Қара жәшік» ішінен шыққан затқа топта топтастыру жасады. Бүркіт туралы не білетіндерін ортаға салып, талқылап қағаз бетіне түсірді. Бұл жұмыста жоғарғы, орта деңгейлі оқушылар өз топтарына көп үлес қосты. Өздерінің бүркіт туралы қосымша деректерді көп білетінін байқатты. Өйткені олар өздерінде бар ақпаратты тиімді пайдаланды, ойлау жылдамдықтары жақсы, проблемаларды шеше алады және қиындыққа қызығушылық танытатын оқушылар.
Сабағымның мағынаны ажырату кезеңінде мәтінді оқушыларға «Жигсо» стратегиясы арқылы оқытуды жөн көрдім. Бұндағы мақсатым біріншіден, оқушыларды мәтінді өз бетімен түсініп оқып, бірін-бірі оқытуына ықпал жасау. Екіншіден, төмен деңгейлі оқушылар жақсы оқитын оқушының қалтарысында қалмай, өздерінің де мәтіннің бір бөлігін тобына түсіндіріп айтуына жауапты екенін сездіру. Нәтижесінде төмен деңгейлі оқушылар шынымен де тырысып, өз тобына түсінгенін жеткізе алатындай дәрежеде болу үшін достарының талқылауына араласты Топта мәтіннің бір бөлігін ғана талдап жатқанда төмен деңгей оқушының түсіндіруіне қасындағы оқушылар да толықтырулар енгізіп отырды. Ал өз тобына оралғанда төмен деңгейлі оқушы бастапқы достарының көмегімен ұғындырған мәтін бөлігін орта деңгейлі оқушыдан қалмай айтып берді. Бұдан түйгенім, оқушы бірінің тілін бірі жылдам түсінеді екен. Бұл әдістің тиімділігі біріншіден, ұзақ мәтіндерді оқуда уақытты үнемдеу болса, екіншіден, топпен жұмыс істеу барысында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуі, рөлдік жұмыс істеуге дағдылануы.
Оқыған мәтінді бекітер кезде топта «Әңгіме кестесі» толтырылды. Бұл тапсырманы орындауда жоғарғы деңгейлі оқушының басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеті одан әрі шыңдала түсті. Сонымен қатар орта деңгейлі оқушы да тобын алға сүйреп, талдауға шығып, топ бойынша толтырған кестесін қорғап, өзін жаңа бір көшбасшылық қырынан көрсете бастады. Бұрынғыдай жеке оқу, жеке жүру сияқты әдеттерден арылғандай. Өйткені, топпен жұмыс жасау, сабақ кезеңіндегі әр түрлі стратегиялар оның ашылуына, достарымен жақсы қарым-қатынасқа түсуіне зор ықпал жасады деп ойлаймын. Ұяң, өзіне сенімсіз, әр жауабым қате болып қалама деп жүретін төмен деңгейлі оқушы да топтағы балалармен қарым-қатынасқа түсу арқылы сөйлеп үйренді, бойындағы өзіне деген сенімсіздіктен арыла бастады. Қателесе жүріп жол тапқаны, өзіне деген сенімділігінің бола бастауы мені қуантты. Өйткені, адам қателесу арқылы үйренеді. Бандураның өзіндік тиімділікке ықпал ететін төрт факторының да сабақта оқушы бойында қалыптасып жатқанын байқадым. Сабақтың әр кезеңіндегі тапсырмаларда формативті бағалау жүргізіліп отырды
Биыл оқушыларым 4-сыныпқа келді. Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді әр сабақта қолдана жүріп, «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын әдебиеттік оқу пәнінен тереңірек қолданып, тиімділігін көріп келемін.
Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған оқыту мәселелеріне көмектесе алады. Бұл әдістің «сын тұрғысынан ойлау» деп аталғаны сын көқараспен қарау деген мағына емес, талдап, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқу технологиясы. Бұрын да өзіміз білетін әдістерді қолдану арқылы сабақты жүйелеп өтетеінбіз. Дегенмен басты нысана мұғалім мен оқулық болатын. Оқушы тек қабылдаушы ретінде танылды. Ал қазір тың әдістерді жиі пайдаланып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, таным деңгейін кеңейту міндеті тұр. Оқушы мұғалімнің сөзін еш ұқпай тыңдаушыдан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек.
Биылғы оқу жылында әдебиеттік оқу пәнінен «Шыбық» тақырыбында аудандық семинар сабақ өткіздім. Дәл осы пәнді таңдауымның себебі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушыларды қандай да бір биіктерге шығара алдым ба, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда осы пәннен оқушыларымда қандай да бір өзгешелік бар ма? Соны байқау еді. Сабақтың қызығушылықты ояту бөлімінде үй тапсырмасын қорытындылауда 1.Жыланның әрекетін оқи отырып қандай сезімде болдыңдар?
2.Дәуіттің іс-әрекеті өзіңе қандай ой қалдырды?
3. Дәуіттей батылдық сендердің бойларыңда бар ма?
4.Өлеңнен қандай ой түйдіңдер? деген оқушылардың сыни ойлануына мұрындық болатын сұрақтар қойылды. Топқа бөліну түрі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, мәтінге композициялық талдау жасап, бөліктерге бөлу арқылы талдап, оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы сыни ойлауға жетелейтін диалогтік қарым-қатынас өрбіді. Жаңа сабақты қорытындылауда «Алты ойшыл қалпақ» әдісін пайдаландым. Оқушылардың ойлау мен сөйлеу тілін дамытуға осы стратегия өте қолайлы көрінді. Ой толғаныс бөлімінде оқушылар 1-топ Венн диаграммасы, Синквейн, 2-топ Мақал-мәтелдер жазу. Мәтіннің негізгі ойын түйіндейтін мақалды табу, 3-топ. Постер жасау. Ағаш отырғызу жоспары, 4-топ. «Үн парақ» жасыл ел бағдарламасына жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар орындады. Жалпы әдебиеттік оқу пәнінде әр сабақтың ой толғаныс бөліміндегі шығармашылық тапсырмалардың ұтымды беріліп, нәтижелі орындалуы оқушының биік шыңдарға шығуына бастайтыны бірден-бір жолы ма деп ойладым. Өйткені биылғы оқу жылында сынып ішінде шығармашылықпен қызыға жұмыс істеу нәтижесінде үш оқушы республикалық «Зиат» даму орталығының сырттай байқауларына қатысып 1 оқушы 2-орын, екі оқушы қатысушы сертификаттрымен марапатталды. Аудандық «Достық» газетіне 1 оқушым өлеңін жариялады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесінде оқуылар әдіс түрлерін меңгерді, белсенді практикалық іс-әрекетте болды. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қажет болғанда өз көзқарасын өзгерту, топтық тұжырымға келе білу, топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу қасиеттеріне ие болды.
Бастауыш сыныпта барлық пәндерден оқытудағы жаңа әдіс –тәсілдерді қолдануға болады, қолданып келемін де. Тек менің бүгінгі педагогикалық оқуда осы әдебиеттік оқу пәнін таңдап алуымның себебі, жалпы өз зерттеуімде осы пәнді қарстырып жүруімнің өзіндік себебі бар.
Қазіргі PIRLS зерттеуі –бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:
Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;
Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;
оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке
қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке тұлғаға бағытталған
жұмыстардың кемшіліктері;
мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу
іс-әрекетін, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын
технологияларды жақсы меңгере алмауы.
Осындай халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде білім беру
сапасын бағалау жүйесін іске асыру бізде де кезек күттірмейтін
мәселенің бірі. Сондықтан әлеуметтік даму деңгейді анықтайтын түрлі
зерттеулерге қатысу өзіңді бағалаудың негізгі көзі болып
табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін
,
тиімді жұмыс жүйесін құру қажет:
1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма
даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін
талап етеді;
2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер)
қажет;
3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс
іс-шараларда қолдануды арттыру керек.
Қорыта келгенде, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту. Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне , оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
-
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
-
Бастауыш сынып (39) №7 2013ж