Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс -тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс -тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда сабақ беретін ұстаздарға арналған көмекші құрал. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың

тиімді әдісі-тәсілдері


XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда.Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі.

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:


1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады;
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады;
3. Практикалық әдіс–практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін»пайдаланылады;
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады;
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады;

6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады;
7.Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік дағдыларынқалыптастырады;
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады;

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін өз сабақтарымда мынадай әдіс-тісілдерді қолданып жүрмін:

-Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдаланып;

-Сабақты түрлендіріп өткізу;

-Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;

-Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;

-Сабаққа қатысты бейнетаспаларды,фильмдерді көрсету;

- Ойын элементтерін қолдану:

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдданудың маңызы зор. 

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

-Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

-Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

-Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі – «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.

Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.«Шет тілін оқытудағы әдістеме » З.Н.Утегулова. 2009 ж. №3 

2.Мектептегі шет тілі №2 2011 ж. «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану»

3.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу ». Петров А.В 2001 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2021
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі