Материалдар / "Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: мүмкіндігі шектелген балаларды қалыпты дамыған балалар ұжымына интеграциялау және оларды дамыту; қалыпты дамыған оқушылардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға гумандық қатынастарын қалыптастыру, өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығырақ көрсетуге ынталандыру. Міндеттері: - арнайы педагогикалық көмекті, баланың тұрған жеріне жақындату; - дамуында кемістігі бар балаларды біріктіру нәтижесінде өзін қоршаған ортасындағы қалыпты балалармен тең құқылы болуын қамтамасыз ету; - ата – аналарға қажетті мағлұматтарды, кеңестерді жиі беріп отыру; -жалпы мектепке біріктірілген сыныптармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді әрдайым әдістемелік тұрғыдан қолдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
710
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың

әдіс-тәсілдері



Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының құдіретті факторы ретінде білім беру жүйесін модернизациялауға ерекше назар аударылып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі» мәселесі қойылады. Мемлекет басшысы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажеттігін атап өткен, “оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуі тиіс» деген.

Сондықтан бүгінгі таңда денсаулығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, әлеуметтік бейімделуге, қоғамда өз орынын табуға толық жағдай жасайтын білім алуға тиісті екендігін ерекше айту қажет. Арнайы білім беру мекемелеріндегі жағдайлар мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан, әллеуметтік ортадан бөлектеніп қалуына әкеліп отыр. Олардың қоғамның басқа бөлігі мен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері өте аз.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті бағыттары қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығы айтылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету - педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - дан 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген.

Бастауыш сыныптарда инклюзивті оқытудың моделі зерттелінетін үдерістің құрылымын және олардың өзара байланыстарын сипаттайды.

Мақсаты: мүмкіндігі шектелген балаларды қалыпты дамыған балалар ұжымына интеграциялау және оларды дамыту; қалыпты дамыған оқушылардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға гумандық қатынастарын қалыптастыру, өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығырақ көрсетуге ынталандыру.

Міндеттері:

- арнайы педагогикалық көмекті, баланың тұрған жеріне жақындату;

- дамуында кемістігі бар балаларды біріктіру нәтижесінде өзін қоршаған ортасындағы қалыпты балалармен тең құқылы болуын қамтамасыз ету;

- ата – аналарға қажетті мағлұматтарды, кеңестерді жиі беріп отыру;

-жалпы мектепке біріктірілген сыныптармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді әрдайым әдістемелік тұрғыдан қолдау.

Инклюзивті оқыту түрлері:

- әрдайым жүретін толық түрде біріктіріп оқыту;

- әрдайым жүретін толық емес біріктіріп оқыту.

- әрдайым жүретін бөлшекті біріктіріп оқыту.

- дүркін біріктіріп оқыту.

Мұғалімнің инклюзивті оқытуға кәсіби құзіреттілігі

- мотивациялық;

- когнитивтік;

- рефлексті;

- операциялық.

Құрылу деңгейлері:

- информациялы бағытталған;

- квазикәсіптік;

- қызметтік.

Ұйымдастыру формалары: жеке-даралық, жеке-жұптық; топтық, ұжымдық; кіріктірілген сабақтар; жарыстар; көрмелер; мейрамдар; үйірмелер.

Әдістері: тәрбиелеп оқыту; дәстүрлі; белсенді; жекелей келу; интербелсенді әдістер тобы.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:

көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;

есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;

ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;

қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;

сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.

Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың даму ерекшеліктері туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың арнайы әдістемесін меңгеру қажет.

Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі.

Балалардың психикалық қасиеттерінің даму деңгейін зерттеуге арналған әдістемелер үш топтамаға бөлінген.

Бірінші топтамада 3-6 жас аралығындағы балалардың психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері берілген.

Бұл тапсырмалардың басым көпшілігі балалардың саусақтарының майда қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, баланың тапсырманы орындау туралы нұсқауды тыңдап,оның мағынасына түсінуі, өз әрекеттерін ерікпен мақсатты түрде басқара алатындығы,бүтін нәрсенің құрамды бөліктерін қабылдауы,көлемін,пішінін және түрі мен түсін ажырата алуы.

Екінші топтамада 7-10 жас аралығындағы балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеуге арналған материалдар берілген.Бұл жас кезеңіндегі балалардың оқу әрекетке қажетті есте сақтау тәсілдері қалыптасқа,өзінің тәртібін реттеу дағдысы,саусақтарының моторикасының жетілгендігі,оқу мотивациясының қалыптасқандығы және белсенді пайдаланылатын сөздік қорының жеткіліктігімен сипатталады.Осы аталған және басқа қасиеттері жинақта берілген тапсырмалардың көмегімен бағалап шығуға болады.Балалардың мектепке даярлығын зерттеу барысында бұл жерде берілген тапсырмаларды толық орындату міндетті емес.

Үшінші топтамада балалардың танымдық әрекеттерін дамыту әдістемелері жинақталған.

Ұсынылған тапсырмаларды және осы үлгімен жасалған жаттығуларды үлгерімі төмен балалардың танымдық әрекетін дамытуға болады. Үлгермеушіліктің себебіне байланысты ол балалардың ішінде түзету шараларының көмегімен басқалардың қатарына қосуға болатындары,немесе оларды оқытуды балалар саны аз,бағдарламаны баяу темппен оқытатын теңестіру сыныптарында оқыту қажет болады. Патологиялық ауытқулар ми

зақымдалуымен немесе генотиппен байланысты психоз ауруларының байқалуы,психофизиологиялық дамудағы ақаулықтарға байланысты орын алған кемтарлықтардың түрлері орын алғанда,оны комиссиялық зерттеу дәлелдегенде бала арнайы мектептерге жіберіледі. Барлық басқа ауытқулар бойынша мектеп психологы арнайы коррекциялық шаралар көмегімен балалардың дамуын нормативтерге жұмыстарын жүргізеді.

Зейін процесін дамытуға арналған ойындар:

1.«Не өзгерді?» ойыны

Үстелдің үстіне үш-төрт ойыншық қойып, балаға оларды мұқият қарап шығуға мүмкіндік беріңіз( бір-екі минут).Содан кейін одан теріс қарап тұруын өтініп,ойыншықтардың біреуін алып тастаңыз.Бала бері қарағанда,онда не өзгеріс бар екенін сұраңыз.Ойынды күрделендіруге болады: ойыншықтардың санын бес – жетіге дейін өзгерту,бір-біріне ұқсас ойыншықтарды қою (мысалы,бес ойыншықтың үшеуі бір-бірінен кішкене ғана айырмашылығы бар машиналар), ойыншықтардың ешқайсысын алып тастамай,екеуінін орындарын ауыстыру және т.с.с. Біріне бірі кезектесіп тапсырма беріп ойынды жарысқа айналдыруға болады.

2.«Балық, құс, аң» ойыны Бұл ойынға бірнеше адам қатысқан жөн. Жүргізуші (алдымен бұл ересек адам болу керек) кезекпен әр ойыншыны көрсетіп: «Балық, құс, аң, балық, құс ...» Санамақ қай ойыншыда аяқталса (жүргізуші үшке дейін санайды) сол ойынға қатысушы осындай жағдайда құстарды атауы тиіс.

Құс атаулары қайталанбауы керек. Егер жауап дұрыс болса,жүргізуші ойынды жалғастырады. Егер жауап қате болса немесе құстың атауы қайталанса (жауапты кешіктірген жағдайды ойын бұзылған болып табылады), бала өзінің «айып белгісін» жүргізушіге қалдырып ойынан шығады. Ойын бір ойыншы қалғанша жалғаса береді. Бұл екеуі әр «айып белгісін» берген бала не істеу керектігін ортаға салады.

Бұл ойынды әртүрлі вариантта етіп,мысалы балалар гүлдің, ағаштың, жемістің және т.с.с. түрлерін атауын шарт етіп жүргізуге болады.

3.«Шапшаң бол» ойыны

Зейіннің бір нәрседен екінші нәрсеге ауыстыру қабілетін неше түрлі дене жаттығуларын орындату барысында қалыптастыруға болады. Жаттығуларды орындай отырып, бала психологтың нұсқауы бойынша бір қимылдан екіншісіне жылдам ауысып әрекет жасауы керек: секіру, тоқтау, адымдау.

4.«Үш сайыс»ойыны

Бұл сайыс балалардың бір іс-әрекеттен екіншісіне алмасуда зейінділігін сақтау қабілетін жетілдіреді.Балаларға алдымен үш-төрт текшеден қарапайым үйді жылдам құру, содан жатқа бір өлеңді оқып беруі керек. Бұл ойынды берілетін тапсырмалар мен жұмыс түрлерін өзгертіп түрлендіріп,бірнеше рет пайдалануға болады. Барлық жағдайда тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен олардың сапасы бағаланады.

5.«Ұқсастық пен айырмашылық»

Балаларға бірнеше заттарды салыстырып, олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын айтып беру ұсынылады. Мысалы: су мен сүт; сиыр мен жылқы; самолет пен поезд; шөп пен ағаш; қайық пен пароход; қыс пен жаз т.с.с. Салыстыруды жеңілдету үшін аталған заттардың суреттерін көрсетуге болады.

Ii вариант (тесттерді оқи алатындарға арналған).

Бірінші сыныпта оқып жүрген балалардың ішінде дамуынды дағдарыс бар деп табылғандарының ішінде санасы сақталған, оқу дағдылары төмен деп бағаланған балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстар олардың таным әрекеттерін жетілдіру арқылы оқу мазмұнын меңгере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Сондықтан оқитын балалармен олардың жазу, оқу, жазылған тексттермен жұмыс жасау дағдыларын нығайтуға арналған жаттығулар жүргізіледі.

Балалардың жасына және таным процестерінің даму деңгейіне байланысты коррекция жасауға арналған жаттығуларды іріктеп алғанда ең қарапайымдарынан бастап оларды біртіндеп қиындату керек.

1.«Пирамида» әдістемесі

Материалдар:төрт бөліктен тұратын екі пирамида. Олардың біреуінің шығырықтары қара түсті, екіншісінікі - түрлі түсті.

Зерттеу мақсаты: баланың көлем мен түр-түсті ажырата білуін анықтау, әрекетінің тиімділігін, қызығушылығының тұрақтылығын, үлкендердің көмегімен пайдалануы, үйрене алатындығын, моторикасының үйлесімділігін бағалау.

Орындау ережесі. Баланың алдына бір түсті шығырықтары бар пирамида қойылып, оған:» пирамиданы жина, шығырықтарды діңгекке тіз» - деген тапсырма беріледі. Бала тапсырманы дұрыс орындағаннан соң оның алдына түрлі түсті шығырықтар қойылып, одан түрлі түсті пирамиданы жинау ұсынылады. Балаға қосымша сұрақтар қойылып, қызыл түсті, көк түсті, сары түсті шығырықтарды тауып алу керек екені айтылады.

Бағалау шкаласы.

Дамуы нормадағы балалар:

Дамуында ауытқуы бар балалар түрлі-түсті пирамидаға қызығушылық білдіреді, дегенмен тапсырманың мағынасына түсінбестен пішіндермен өрескіл әрекеттер жасайды,шығырықтарды лақтырып, онымен үстелді ұрып, мақсатты әрекет жасауға кіріспейді. Төрт жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, дегенмен пішіндерді орналастыру ретін дұрыс таба алмайды. Тапсырманы орындау ретін ауызша түсіндіргеннің нәтижесі төмен болады, сондықтан бірнеше рет орындау ретін көрсетіп беру керек. Бір түсті пирамиданы жинағаннан соң түрлі пирамидамен сол амалды орындауға қиналады. Саусақтарының қимылы үйлесімсіз, шығырықтарды екі-үш саусағымен алуға қиналып, кейде екі қолымен ұстайды.

2. «Текшелерден пішіндер құрастыру» әдістемесі

Материалдар: текшелер, пирамидалар, лега.

Зерттеу мақсаты: баланың көлем мен түр-түсті ажырата білуін анықтау, әрекетінің тиімділігін, қызығушылығының тұрақтылығын, үлкендердің сөзбен айтқан тапсырмасы бойынша пішіндер құруды үйрене алатындығын бағалау.

Орындау ережесі. Текшелер немесе текше тәрізді жиналатын пирамида, лега т.с.с. ойыншықтарды бірінің үстіне бірін үйлесімді орналастырып неше түрлі фигуралар жасау тапсырылады.

Бағалау шкаласы.

Дамуында ауытқуы бар балалар құрылыс материалдарына қызығушылық білдіреді, ал көрсетілген үлгі бойынша жасайтын фигуралардын мағынасына түсінбегендіктен пішіндермен мақсатсыз әрекеттер жасап,тапсырманы орындамайды. Бес жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, дегенмен пішіндерді үйлесімді орналыстыра алмағандықтан құрылысы құлап қала береді. Тапсырманы орындату үшін оны қалай жасау ретін бірнеше рет қайталап көрсетіп беру керек. Саусақтарының майда қимылы үйлеімсіз, барлық пішіндерді екі қолымен ұстайды.

3. «Геометриялық пішіндерді тап» әдістемесі

Материалдар: қатты қағаздан жасалған бірнеш дөңгелек, үшбұрыш және төртбұрыштар. Пішін түрлі-түсті болуы керек.

Зерттеу мақсаты: балалардың геометриялық пішіндерді білуін, түр-түсті ажыратуы, пішіні бірдейлерін табуы, оларды дұрыс атауы, ауызша берген тапсырманың мағынасына түсінуі және үлгіні қайталай алуын бағалау.

Орындау ережесі. Балаға түрлі-түсті геометриялық пішіндер жинағы көрсетіледі.Олар дөңгелек, үшбұрыш және төртбұрыш. Балаға келесі нұсқау беріледі: «Мына жерге барлық дөңгелектерді, мына жерге барлық үшбұрыштарды, ал мыны жерге барлық төртбұрыштарды жинап шық». Бұл тапсырманы орындап болғаннан соң пішіндерді жақсылап араластырып, оларды қызыл, көк және ақ түс топтарға бөліп қою тапсырылады. Тапсырмаларды осылайша бірнеше вариантта орындатуға болады.

Бағалау шкаласы.

Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар пішіндерді кескініне қарап топтастыруға қиналады, олар түрлі-түсті пішіндермен неше түрлі амалдар жасап, оларды ретсіз топтастырады. Бес жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, пішіндерді үлкендердің көмегімен кескіндеріне жіне түр-түстеріне қарай дұрыс топтастырып шығады.

4.«Ортақ қасиетін тап» әдістемесі

Материалдар: бір текті заттар салынған.

Мақсаты: баланың зейінділігін бағалау

Балаға көрсетіліп, оның ішінен сөзбен айтылған нәрсенің суретін тауып беру тапсырылады. Карточкада бейнеленген заттардың бір-біріне ұқсас белгілері көп болуы керек. Мысалы: алма, қарбыз, анар, доп, шар, т.б. дөңгелек денелі заттар салынған.

Бағалау шкаласы.

Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар сөзбен белгіленген заттардың біразын дұрыс табады,ортақ қасиетін табуға қиналады, оларға тапсырманы бірнеше рет қайталап,пішіні қандай екенін айтып бергеннен соң олар дөңгелек екенін пайымдайды.

5. «Не қайда орналасқан» әдістемесі

Материалдар: неше түрлі ойыншықтар

Зерттеу мақсаты: баланың кеңістікті меңгергенін бағалау.

Орындау ережесі. Баладан өзінің алдындағы заттарды үлгідегі ретпен қоюы:қуыршақ оң жақта,аю сол жақта.Сосын аюды үстелдің астынатығып қойып,орындықтың астынанқағазды алып шығуын,үсті мен астының қайсысы екенін,алға қарай немесе артқа қарай жүрудің не екенін,қорапың ішінде немесе астында не жатқанын анықтау үшін сұрақтар қойылады.

Бағалау шкаласы.

Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар кеңістіктің атауларын жаңылыстырып, бағытты дұрыс анықтауға қиналады, оларға тапсырманы бірнеше рет қайталап, оң, сол жақ, асты, үсті дегенді қайта-қайта түсіндіріп отыру қажет болады.

Бастауыш сыныптарда мүмкіндігі шектелген балаларды инклюзивті оқыту қазіргі таңда білім беруді дамытудың өзекті бағыттарының біріне айналғандығын айтқым келеді.













Арқылық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Кейкі батыр атындағы

4 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!