Материалдар / Бастауыш сыныптарда "Жобалық оқыту" әдісін қолдану

Бастауыш сыныптарда "Жобалық оқыту" әдісін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжириб алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
101
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда "Жобалық оқыту" әдісін қолдану. Баяндама

10.02.2012Редакция

«Естігенімді  —  ұмытамын,  көргенімді — есте  сақтаймын,
өз  істегенімді  — меңгеремін»   Конфуций

Жоспары:

І.  Кіріспе 1. Жаңа формация мектебінде – жаңа талаптар
ІІ. Негізгі  бөлім:

  1. «Жобалық  оқыту»  әдісі – жаңа  ғасыр  технологиясы.

  2. Жобалық  оқыту  әдісінің  кезеңдері.

  3. Жобалық  оқыту  технологиясы  бастауыш   сыныптың оқу –тәрбие үрдісінде   (сабақтар, тәрбие шарасы үлгілері)

ІІІ. Қорытынды бөлім    Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу  —  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың алдында  тұрған негізгі  проблемалары:

  1. Баланы  оқи  білуге  үйрету;

  2. Баланы  ойлауға  үйрету;

  3. Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау;

Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып, мұғалімнің  қызметінің мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр  педагогтың  міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалық  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жұмыс  мақсаты: бастауыш  сынып  оқушыларына  жобалық  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, сабақтары  барысында  және   сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың  шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.

Міндеттері:

—     оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

—     жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәбие

үрдісінде қолдану;

—     оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

—     оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми

көзқарасын қалыптастыру;

—     оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

—         оқушының шығармашылығын дамыту;

—         оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.

ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі – мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес. Ағылшын  тілінен  аударғанда  «cooperative  learning» — «бірге үйрену», ал  латын тілінен аударғанда «projectus» —  «алдын  ала»  деген  мағынаны  білдіреді  деген  екі  ұғым  бар.

Жобалау  технологиясы – ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде пайда  болған.  Оның  негізін  қалаған  — Джон Дьюи  атты  психолог  және  педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  — Колумбия  университеті  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша, балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ол   кейін  өзі киетін көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе – бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»  деген  екен  Килпатрик.

     Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге  асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада,   Англияда, Австралияда  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты. Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде   ол  кең  тамырын  тереңге  жая  бастады.

Уақыт  өте  келе  еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі  біртіндеп  «тәртіпке  бағынып», білім  беру  әдістемесі  құрамына  табыспен  еніп  отыр.

Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек – оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін  мектеп  қабырғасынан  шыққанда  нақты  проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға  үйрету.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.

Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.  Оны  салыстырып  көрелік:

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ