Материалдар / Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқытуда білімленд платформасын қолдану мүмкіндіктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқытуда білімленд платформасын қолдану мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесіндегі оқытудың ең манымал онтайлы платформасы-BilimLand цифрлық білім беру экожүйесі қарастырылған.Платформаны цифрлық білім беру ресусы ретінде қолдана отырып, мүмкіндіктерін айқындап.артықшылықпен кемшілік тұстарын факт бойынша дәйектендіреді.
Авторы:
29 Желтоқсан 2023
128
9 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА BILIMLAND ПЛАТФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оқытудың ең танымал онлайн- платформасы – BilimLand цифрлық білім беру экожүйесі қарастырылған. Платформаны цифрлық білім беру ресурсы ретінде қолдана отырып, мүмкіндіктерін айқындап, артықшылықтары мен кемшілік тұстарын факт бойынша дәйектендіреді. Заманауи цифрлық оқыту технологияларының мәні мен мүмкіндігін жақсырақ түсіну үшін медиа платформаның типтік құрылымы мен мазмұнын қарастыру ұсынылады.

Түйінді сөздер:BilimLand білім беру платформасы, байланыс арналары, цифрлық білім беру ресурстары.

Кіріспе

BilimLand (оқыту білім беру платформасы) - цифрлық мектепте білім беру саласындағы көшбасшы. BilimLand өнімдер мен қызметтерді жедел бейімдеді, сонымен қатар мұғалімдер мен мектеп директорларын, балалар мен олардың ата-аналарын қолдайтын арнайы жобаларды іске қосты. «BilimLand» бастауыш мектептің барлық пәндері бойынша интерактивті жаттығулар, орта және орта мектептерге арналған көптеген курстар әзірленді. Оқушы бір күнде орындай алатын тапсырмалар саны нормаларымен реттеледі, егер қате орындалса, оқушы оны дұрыс орындауды үйренгенге дейін көбірек тапсырмалар алады.

BilimLand цифрлық білім беру экожүйесі – бұл платформа мұғалімге, оқушыға және ата-анаға цифрлық көмекші болып табылады.

Мақсаты– әр баланың қабілеті мен мүмкіндігін ескере отырып, оның сапалы білім алуына жағдай жасау.

Платформаның өзегі: қызықты анимация және видео, симуляторлар мен алуан түрлі интерактивті тапсырмалар мен цифрлық сабақтардың мол қоры. Бұл жүйе оқу процесі мен мазмұнды әр оқушыға бейімдей алады.

Платформа мазмұны: мемлекеттік стандартпен жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес жасалған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қазақстандық және озық халықаралық тәжірибенің синтезі болып табылады.

Жүйенің негізгі бөлігіне тоқталып өтейін. Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірлесе әзірленген онлайн мектеп модулі. Онлайн мектептің мазмұны Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімдері әзірлеген 24 600 цифрлық сабақтан және 500 мыңнан аса тапсырмадан тұрады. Платформа мұғалімнің күнделікті жұмысының көп бөлігін автоматтандыру арқылы оқу процесін жеңілдетіп шығармашылыққа және әр баламен жеке жұмысқа тең мүмкіндік береді. Платформа аясында мұғалім дайын сабақ жоспарларына қол жеткізеді. Үй тапсырмаларын автоматтандырады, оқу жоспарлары мен сабақ кестесін оңай жасақтап, арнаулы конструктордың көмегімен өз материалдарын әзірлей алады. Сондай-ақ біріңғай экожүйе шеңберінде мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстары мен кәсіби дамуға септік ететін ұстаздар қауымдастығы ашылды. Ал оқушылар өздерінің жетістіктерін бақылап, оқу нәтижеларі үшін бонустар мен сыйлықтар алуға мүмкіндік беретін имифкация жүйесіне қосылады.

Әдістеме

BilimLand мектепте оқылатын пәндермен қатар Microsoft, Apple, Adobe және қазіргі жұмыс пен өмірге қажетті басқада танымал құралдарды қолдана білуге, 21 ғасырдың дизайн ойлау, цифрлық маркетинг, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект сияқты маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экожүйе онлайн репетиторлық жүйені электронды және аудио- кітаптардың ең ірі коллекциясы бар онлайн кітапхананы мектеп өмірін автоматтандыру функцияларын Қазақстандық және халықаралық тестілерге дайындық жүйесін, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру платформасын қамтиды.

BilimLand- цифрлық білім беру саласындағы Орталық Азиядаңы ең ірі қызметке айналуды көздейді. Платформа Ташкент қаласының мектептерінде сынықтан сәтті өтті. Қазіргі уақытта Өзбекстанның барлық мектептеріне BilimLand экожүйесін енгізу үшін контент өзбек тіліне аударылуда. BilimLand баршаға қолжетімді сапалы білім.

Мүмкіндіктері:

  • Оқыту ойын түрінде өтеді;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби әдіскерлер әзірлеген бастауыш мектеп математикасының барлық тақырыптары бойынша 700-ден астам тапсырма бар;

  • Әр оқушының немесе бүкіл сыныптың жетістіктерін бақылау;

  • Платформаны планшеттерде, компьютерлерде немесе сыныптағы интерактивті панельде пайдалану;

  • Бүкіл сынып үшін немесе әр оқушы үшін жеке үй тапсырмасын қалыптастыру.


Практикада қолдану

Порталдың материалдары өте сапалы.Оны толық қолдануға болады.Бұл мұғалімге үлкен көмек. Барлық бейне материалдар,интерактивті сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жасалған. Әрі олардың хронометражы да өте қысқа .Бұл оқушыларды зеріктірмейді,біліммен сусындатуға.сабаққа деген қызығушылығын оятуға таптырмайтын тәсіл.

Мысалы,қазақ тілі пәні 3-сынып бойынша тақырыбы «Ахмет Байтұрсынұлы.Негізгі және туынды етістік» екінші сабағын воып қарастырсам.сабаққа шолу жасалған. Арнайы анимациялық фильде кейіпкер Дана мына жерде Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың суреті ңлңнңп тұр,жанында өмірбаяны тұр екен деп басталады.Дана өмірбаян дегеніміз не деген сұрақ арқылы ,өмірбаян жеке адамның өмір жолын баяндайтын құжат екендігі айтылған. Өмірбаян жайында кейіпкер Томирис толық ақпарат береді. Білгенің жөн айдарында негізгі және туынды етістік жайында түсіндірме бар.Қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндірген. Міне осы анимациялық фильмді көріп болған соң,сабақты бекітуде интерактивті тапсырмаларды қызыға орындайды.

Ұсыныстар

Оқытудың осы түрінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамын.

Қашықтықтан білім берудің артықшылықтарына мыналар жатады:

  • Жеке қарқынмен оқыту-оқу жылдамдығын оқушының өзі оның жеке жағдайлары мен қажеттіліктеріне қарай белгілейді.

  • Еркіндік пен икемділік-оқушы сабақтың уақытын, орнын және ұзақтығын өз бетінше жоспарлай алады.

  • Ұтқырлық-оқытушы мен білім алушы арасындағы кері байланысты тиімді іске асыру оқу процесінің табыстылығының негізгі талаптары мен негіздерінің бірі болып табылады.

  • Технологиялылық - білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану.

  • Әлеуметтік теңдік-тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, элитизміне және білім алушының материалдық қамтамасыз етілуіне қарамастан білім алудың тең мүмкіндіктері.

  • Бағдарламаларды әзірлеу-оқу бағдарламалары мен курстары жақсы дамыған.

  • Шығармашылық-білім алушының шығармашылық көрінісі үшін қолайлы жағдайлар. Бірақ айқын кемшіліктер де бар:

  • Білім алушылар мен оқытушы арасында бетпе-бет қарым-қатынастың болмауы. Яғни, жеке көзқарас пен тәрбиеге байланысты барлық сәттер алынып тасталады. Ал жақын жерде білімді эмоционалды түрде бояй алатын адам болмаса, бұл айтарлықтай кемшілік.

  • Бірқатар жеке психологиялық жағдайлардың болуы қажеттілігі. Қашықтықтан оқыту үшін қатаң өзін-өзі тәрбиелеу қажет, ал оның нәтижесі оқушының тәуелсіздігі мен санасына тікелей байланысты.

  • Ақпарат көздеріне үнемі қол жеткізу қажеттілігі. Жақсы техникалық жабдық қажет: компьютер және интернетке кіру.

  • Әдетте, оқушылар практикалық сабақтардың жетіспеушілігін сезінеді.

  • Қашықтықтан білім беруде оқытудың негізі тек жазбаша болып табылады. Кейбіреулер үшін өз білімдерін ауызша түрде жеткізе алмау кедергі болуы мүмкін.

  • Платформа тегін сабақтардың аз санын ұсынады.

Қашықтықтан оқытудың айқын артықшылығы жаңа технологияларды жалпы жеделдетіп игеру және оқытушылар мен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру. Бұл – қазіргі әлемде табысқа жету үшін қажетті маңызды құзыреттердің бірі.

Менің көзқарасым бойынша, мұғаліммен тікелей байланыс және сыныптағы тәжірибе алмасу тіпті ең озық қашықтық технологияларын алмастыра алмайды. Алайда, білім беру процесіне әртүрлі цифрлық ресурстарды сауатты енгізу сабақтарды әлдеқайда қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.


Қолданылған деректер тізімі

  1. Резак Е. В. Білім беру қызметінде электрондық және қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға арналған цифрлық онлайн-платформаларды салыстырмалы талдау // ТОГУ-СТАРТ: жастардың іргелі және қолданбалы зерттеулері. 2021. 435-439 б.

  2. Edunews.kz: Қазақстанда BilimLand платформасының цифрлық білім беру ресурстары тегін қолжетімді болды. http://edunews.kz/lentnews/1093-azastanda-bilimland-platformasyny-cifrly-blm-beru- resurstary-tegn-olzhetmd-boldy.html.

  3. BILIMLAND.KZ: Мұғалім парақшасы туралы. 2019. https://bilim-all.kz/article/10541- BILIMLANDKZ-Mugalim-paraqshasy-turaly.

  4. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

  5. Қашықтықтан оқыту технологиясы білім алудың болашағы бар тәсілі: https://bilimdinews.kz/?p=115010.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!