Материалдар / Бастауыш сыныптарда оқыту тәсілдерін тиімді пайдалану. БАЯНДАМА+СЛАЙД
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда оқыту тәсілдерін тиімді пайдалану. БАЯНДАМА+СЛАЙД

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда оқыту тәсілдерін тиімді пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2024
212
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














Бастауыш сыныптарда оқыту

тәсілдерін тиімді пайдалану




























2023-2024 оқу жылы


Өзектілігі: Білім беру саласының дербестігін жақсарту , білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсеңді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиымды пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де , мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді . Білім беру жүйесіндегі өзгерістер : «педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең менгеруге оқып – үйренуге жетелейді. Бүгінгі таңда , бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану , әдебиет сабақтарына ; топқа бөліп оқыту , рөлдік ойын элементтерін , пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері , оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады . Сондықтан өзім оқыған, үйренген, курстар мен семинарларға қатысу барысында көрген көптеген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибемде қолдану арқылы олардың тиіміділігіне көз жеткізе отырып, осы тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтауды ұйғардым.

Мақсаты :

  • Мұғалімдер үшін сабақ жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану;

  • Педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

  • Мұғалімге көмекші құрал ретінде әдіс-тәсілдердің қолжетімді болуы;

Міндеттері:

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкескелетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

  • Оқытутың тиімді әдіс- тәсілдерін өз тәжірибесіне пайдалана алады;

  • Әдіс-тәсілдер арқылы балалардың ұжымда , топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігіне, сөйлеуде, аналитикалық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігіне жол ашылады.













Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов.


Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.
Жаңа технологиялар баланы тек үйретуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.
Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор. Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту» технологиясы. Сонымен қатар «Ойын арқылы оқыту»технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды.Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.

Ширату жаттығулары.

Мақсаты: оқушыларды сабақ алдында топқа оңай бөлінуін қамтамасыз ету.

Ара” жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады.


«Көбелек» жаттығуы»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.


«Жеңілден-ауырға»

Түсті қағаздар үлестіріледі. Есімдерін қағаздың сыртына жазады (қатысушыларға көрініп тұру керек).қатысушылар шеңбер жасап тұрады да есімін атап, өзінің сүйікті тағамын қосып атайды. Мысалы: Гүлмира-манты, келесі кісі өз есімімен тамағын атап,алдыңғы кісінің есімімен тамағын қосып айтады. Гүлмира-манты, Бағдагүл-асқабақ, т.с.с..


«Кемедегі адамдар» (топқа бөлуге)

Қатысушылар саппен тұрады,ойын бастаушы команда береді:

  1. Капитан (саппен жүру)

  2. Маяк (екі адам қол ұстасу)

  3. Судағы адам (екі адам ортасына бір адамды алып тұрады)

  4. Түскі ас. (төрт адамнан бірігеді)

  5. Шлёпка (5 адам тізбектеліп тұрады)`


«Саяхатқа шығу» (топқа бөлуге)

Ойын бастаушы: Өзін «Лидермін» деп есептейтін 5 кісі ортаға шықсын деп айтады. Ола «Рюкзак» таңдайды, «Рюкзак»-«палатка» таңдайды, «палатка»-«От жағушыны» таңдайды, -«От жағушы»- тамақ пісірушіні таңдайды.


«Өлең жолдары» (топқа бөлуге)

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бірнеше өлеңнің тақырыбы, шумағы бөлек- бөлек қима қағаздарға жзылған, үлестіріледі. Бірінші өлеңнің тақырыбы аталады. Одан соң шумағы әр жолы ретімен оқылып, құрылып шығу керек.

Мысалы: «ҚЫС»(1)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,(2)

Соқыр, мылқау, танымас, тірі жанды.(3)

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,(4)

Басқан жері сықырлап келіп қалды..(5) осылай,5 адамнан топ құралады.





Пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.

Мақсаты:

-Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу,формативті бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу;

-Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;



1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер:

«Ассоцияция» әдісі

1-қадам

Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу

2-қадам

Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру

3-қадам

Сол тақырып бойынша жазғандарына тұсаукесер жасау

4-қадам

Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау


«Ротация» әдісі


1-қадам

Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

Әр топ оз сұрақтарына жауап беру

3-қадам

Сағат тілімен орындарын алмастыру

4-қадам

Барлық топтардың жауаптары талқылану


«Автор орындығы» әдісі


1-қадам Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу

3-қадам: аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру


«Алты телпек» әдісі


Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді)

«Сары телпек» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)

«Қара телпек» - сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады)

«Көк телпек» - аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады)

«Қызыл телпек» - сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады)

«Қара жәшік» әдісі

1-қадам: Қара жәшік дайындалады.

2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады

3-қадам:

Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды

4-қадам: жасырын зат табылады




«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.






«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.


Дидактикалық ойындар.

Мақсаты:

Ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыру,белсінділікке баулу;


«Сен жалғастыр» ойыны

 
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. 
Мұғалім сөздің басты буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. 
Мысалы, Ә-ЖЕ, ТА-ЗА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б. 

«Достасқан буындар».


Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

«Адасқан әріптер»ойыны

Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға

«Жалғасын тап» ойыны.

Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...


«Синтаксистік касса» ойыны.


Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.


«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.

Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).


«Кедергіден өту» ойыны.


Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.



«Алтын айт» ойыны.

Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.


Тәрбиелеп отырған жеткіншектеріміз еліміздің ертеңгі өмірінде, жеке тұлға болып қалыптасып, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен ой қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешуде оқыту мазмұнындағы әдіс - тәсілдердің де озығын пайдаланған жөн. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып, оқушылардың танымдық үрдістерін (белсенді қабылдау, ауызша – қисынды сөйлеу, ойлау, есте сақтау) арттыру бағытында, зерікпейтіндей етіп өткізу керек.

Жалпы білім беру барысында ұстазға шеберлік, төзімділік, талапшылдық қасиеттер өте қажет екенін ескере жүріп, оқушыларға түрлі әдіс - тәсілдер қолданып, оқулықтан, тақырыптан басқа да қосымша материалдарды пайдаланып, оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, сауатын ашып, жақсы оқуларына мүмкіндік беруге тырысамын..

Әр маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс - тәсілдерді жетік білуі, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайда қолданып отыру, атқарған жұмысымыздың нәтижесін көрсетеді.

























Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

  2. Сағымбекова Г.«Ойыннан- оқуға». Бастауыш мектеп №3-2002ж. 

  3. Төленова Ү. «Ойын- тәрбие құралы». Бастауыш мектеп №10- 2000ж.

  4. Жұмабаева Ә. Е. «Сауат ашу» оқыту әдістемесі.

  5. Жақыпова Г.Ш.» Математика: Мұғалімге арналған нұсқаулық»

  6. «Бастауыш сынып мұғалімеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»

  7. «Бастауыш сыныпта оқыту: барлық пәндер бойынша» журналдары.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!