Материалдар / Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл құрал бастауыш сынып мұғалімдері мен жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде құрастырылып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасының кейбір әдіс-тәсілдері қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
5764
68 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Казталов аудандық білім беру бөлімі


Аудандық әдістемелік кабинет







«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»


(Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімдаріне арналған әдістемелік құрал)
















Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы










Казталов 2017ж


Казталов аудандық білім беру бөлімінің

әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама №







Пікір жазғандар:


А. С. Қанатова– Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің

оқу ісі меңгерушісі

Н.Ф. Темірғалиева - Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің

І санатты бастауыш сыныптар мұғалімі




















Бұл жинақ бастауыш ұстаздарына көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Жинақта психологиялық дайындықтар,ширату,топқа бөлу жаттығулары , қалыптастырушы бағалау және кері байланыс түрлері мен пәндер бойынша дидактикалық ойындар қамтылған.







КІРІСПЕ

Білім беру саласының дербестігін жақсарту , білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсеңді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиымды пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де , мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді . Білім беру жүйесіндегі өзгерістер : «педагогикалық технологиялар », «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең менгеруге оқып – үйренуге жетелейді. Бүгінгі таңда , бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану , әдебиет сабақтарына ; топқа бөліп оқыту , рөлдік ойын элементтерін , пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері , оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады . Сондықтан өзім оқыған, үйренген, курстар мен семинарларға қатысу барысында көрген көптеген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибемде қолдану арқылы олардың тиіміділігіне көз жеткізе отырып, осы тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтауды ұйғардым. Бұл жинақталған әдістемелік құралды«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» деп атадым.

Әдістемелік құралдың мақсаты:

  • Мұғалімдер үшін сабақ жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану;педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

  • Мұғалімге көмекші құрал ретінде әдіс-тәсілдердің қолжетімді болуы;

Міндеттері:

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкескелетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

  • Оқытутың тиімді әдіс- тәсілдерін өз тәжірибесіне пайдалана алады;

  • Әдіс-тәсілдер арқылы балалардың ұжымда , топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігіне, сөйлеуде, аналитикалық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігіне жол ашылады.



Осы әдістемелік құралымды жинақтай отырып мен өз тәжірибемдегі әдіс-тәсілдерді төмендегіше бөлімдерге бөліп, топтастырдым:

3

тараулар

мақсаты

І

Психологиялық дайындық және ширату жаттығулары.

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, назарын сабаққа аудару,топтарға бөлужұмыстарына қолдану; сыныпта қолайлы психологиялық қолайлы ықпал туғызу. Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

ІІ

Шаттық шеңбері.

Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

ІІІ



Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.


-Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу-Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге

оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету.



4



.Дидактикалық ойындар.


Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі.



І бөлім.

Психологиялық дайындық және ширату жаттығулары.

Мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, назарын сабаққа аудару,топтарға бөлу жұмыстарына қолдану; сыныпта қолайлы психологиялық ықпал туғызу.

Сәлемдесу
Жылы – жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын
Жылы – жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшағыма қысайын.
*************

Әрбір ісің-тірлік,тірек,адамдық,

Әрбір сөзің- шындық,бірлік,адалдық.

Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат,

Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат.

Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер










Ширату жаттығулары.

Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.


«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

Ара” жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады.

«Көбелек» жаттығуы»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

«Жеңілден-ауырға»

Түсті қағаздар үлестіріледі. Есімдерін қағаздың сыртына жазады (қатысушыларға көрініп тұру керек).қатысушылар шеңбер жасап тұрады да есімін атап, өзінің сүйікті тағамын қосып атайды. Мысалы: Гүлмира-манты, келесі кісі өз есімімен тамағын атап,алдыңғы кісінің есімімен тамағын қосып айтады. Гүлмира-манты, Бағдагүл-асқабақ, т.с.с..

«Кемедегі адамдар» (топқа бөлуге)

Қатысушылар саппен тұрады,ойын бастаушы команда береді:

  1. Капитан (саппен жүру)

  2. Маяк (екі адам қол ұстасу)

  3. Судағы адам (екі адам ортасына бір адамды алып тұрады)

  4. Түскі ас. (төрт адамнан бірігеді)

  5. Шлёпка (5 адам тізбектеліп тұрады)`

«Саяхатқа шығу» (топқа бөлуге)

Ойын бастаушы: Өзін «Лидермін» деп есептейтін 5 кісі ортаға шықсын деп айтады. Ола «Рюкзак» таңдайды, «Рюкзак»-«палатка» таңдайды, «палатка»-«От жағушыны» таңдайды, -«От жағушы»- тамақ пісірушіні таңдайды.

«Өлең жолдары» (топқа бөлуге)

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бірнеше өлеңнің тақырыбы, шумағы бөлек- бөлек қима қағаздарға жзылған, үлестіріледі. Бірінші өлеңнің 6

тақырыбы аталады. Одан соң шумағы әр жолы ретімен оқылып, құрылып шығу керек.

Мысалы: «ҚЫС»(1)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,(2)

Соқыр, мылқау, танымас, тірі жанды.(3)

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,(4)

Басқан жері сықырлап келіп қалды..(5) осылай,5 адамнан топ құралады.

«Стақандағы таяқша» әдісі.»(топқа бөлу)

Оқушылар шеңбер жасап тұрады, алдын ала таяқшаларға1-4ке дкейінгі нөмірлер мен оқушылардың аттары жапсырылып, стақанға салынып тұрады. Ұсынылған таяқшаларды оқушылар бір-бірден суырады және сандарына қарай оқушылар төрт топқа топтасады. Мысалы: Гүлнұр-1, Мейрамгүл-1, Айдос -1, Руслан-1, т.с.с.


ІІ бөлім.

Шаттық шеңбері

Мақсаты:

Көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне достық, сыйластық қарым-қатынасқа баулу; қоршаған ортаны танып-білу;


Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

***


Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

***

Күн шуағын жинаймын.

Достарыма сыйлаймын.

Күн жылуын аямасын,

Шуағымен аяласын.

Достық деген бәйтеректі

Барлық бала саяласын.

***



7

Достарым, кең тұрыңдар,

Бақыт сонда ұғыңдар.

Қол ұстасып , күліпдеп

Шаттық шеңбер құрыңдар

***

Кел достарым ,келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

***

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері.

Қол ұстасып

Тұрайықшы, кел бері.


Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз. ( тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! ( қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады)
және де тағы:

Қайырлы таң

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

***

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!

Денемізді ширатып
Ауамен, күнмен сүмен біз

Шынығамыз қорықпаймыз




8

Айналдырып әдетке
Шынығамыз күнде біз.

***

Қол ұстасып алайық
Киіз үйді құрайық.
Қазша қанат жаяйық.
Аққуша мойнымызды созайық.
Құсша қанат қағайық
Алақанды соғайық
Орнымызды табайық.

***

Күнмен бірге тұрамыз ,                
Құспен бірге ән саламыз            
Қайырлы таң! Ашық күн!          
Көңілді біз тұрамыз.               

Күлім қағып қолымды,
1,2,3, деп соғайын


*****************

Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын
Жылы-жылы жүзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын

***

Кел балалар ортаға!

Үлкен шеңбер құрайық!

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

9







Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Достарымды көргенде!

Қуана қарсы аламын!

Қолымыздан ұстасып!

Жылулықты алайық!

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек?

  ***

Көңілді боп жүрейік             

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Еліміз тыныш болсын

***

Алтын таңның шуағы,

Бақыт үшін туады.

Қайырлы таң, қонақтарым,

Жарық күннің тұрағы!  

*** 

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Келетін жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылақ.

***

Көңіл өсіп кеңейсін,

Ортақ ойы, арманы,

10

Жақсы дәстүр көбейсін!

Ал балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Кабақ шытқан не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Күлімдеп күн бүгін,                                      

*** 

Армысың асыл күн,

Армысың асыл жыр.

Армысың көк аспан,

Армысың достарым,

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым!



Қайырлы таң, құсқа, аңға да,

Қайырлы таң ,жайдары жанға да,

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын!

***

Таңғы шуақ

Қайырлы таң»

Құстар ән салды,

Таңғы шуақ ашылды,

Күн саулесі ашылды.

«Тұрыңдар» деп шақырды.

***

Достармен бірге біз,

Күлімдейік күлейік.

11



Қолды созып күнге біз.

Ашық болсын күніміз,

Биікке тұрсын туымыз.

Биікке тұрсын туымыз.

Тату-дос халықтар

Бақытты болсын балалар!

***

Армысың , асыл күн!

Армысың,асыл жыл,

Армысың,көк аспан!

Армысың , жан досым!

Жылуыма жылу қос.

***

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық!

Күнге қарап шуақтанып,

Суға қарап нәр алып,

Табиғаттан шабыттанып

Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

***

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса,

Салем саған,Жер-ана!

Салем саған,Нұрлы күн!

***

12



Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.



Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын

Қайырлы күн,Қайырлы таң!

Қуанышты күн бүгін!

***

Достарды біз қолдаймыз.

Қиын шақта қолдаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз!

***

Салем » ,дейміз ,-Алтын Күн,

- «Салем»,-дейміз,-Жер -ана.

- «Салем»,-дейміз баршаңа,-деп,бір-біріне тілектерін айтады.

***

Орнымыздан тұрамыз

Күнге шаттана қараймыз,

Қуана қолымызды соғамыз,

Осылай күнге жылу шашамыз.

***

Қайырлы таң, күніміз!

Қайырлы таң ауамыз!

Қайырлы таң ауамыз!

Қайырлы таң ,Жер шары!

***

13



«Отбасы» туралы шаттық шеңбер

Мына саусақ-анашым!

Мына саусақ-әкешім!

Мына саусақ-әжем ғой!

Мына саусақ-атам ғой.

Мына саусақ-мен өзім!

Осы менің отбасым.

***

Амансыз ба!-дейміз барлық адамға,

Амандасу парыз маған, саған да!

Бәлкім, содан ұзарды жасымыз,

Ауырмаймыз мен де,сен де, бәріміз!

***

«Жарық берген,жылу берген,

Рахмет саған, күн көзі!

Таза ауа сыйлаған,

Рахмет саған, асапан!

Рахмет саған ,самал жел,

Салқындығын сақтаған!

Рахмет саған ,анашым!

Маған әркез панасың!»

***

суретке сәйкес жылы лебіздерін білдіреді.

-Зарина, күндей күліп жүр (күннің суреті)

-Назым, гүлдей әдемі бол(гүлдің сурет)

-Жанель, судай таза бол(судың суреті)

-Асылжан, ағаштай мықты бол(ағаштың суреті)

14

Балалар шеңбер бойына тұрып бір біріне қарап тілектерін айтады.

-Сен әдептісің.

-Сен мейрімдісің.

-Сен қамқорсың.

-Сен ақкөңілсің.

-Сен шыншылсың.

***

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне,мен!

Доспын енді сенімен.

***

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген!

***

Балдырған баламыз,

Қашан да ,қайда да

Бір-бірімізбен

Бірлікте боламыз.

***

Барлығымыз табиғатты сүйеміз.

Үлкендердің табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз.

Бейбіт өмір баршамызға тілеміз.



15

ІІІ тарау

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.

Мақсаты:

-Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу,формативті бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу;

-Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;



1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер:

«Ассоцияция» әдісі

1-қадам

Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу

2-қадам

Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру

3-қадам

Сол тақырып бойынша жазғандарына тұсаукесер жасау

4-қадам

Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау


«Ротация» әдісі


1-қадам

Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

Әр топ оз сұрақтарына жауап беру

3-қадам

Сағат тілімен орындарын алмастыру

4-қадам

Барлық топтардың жауаптары талқылану





16

«Автор орындығы» әдісі


1-қадам Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу

3-қадам: аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру


«Алты телпек» әдісі


Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді)

«Сары телпек» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)

«Қара телпек» - сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады)

«Көк телпек» - аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады)

«Қызыл телпек» - сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады)

«Жүк журналы» әдісі

1-қадам: Сабақ

2-қадамТақырып бойынша болжамды «Жүк журналының сол жағына жазу»

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?

3-қадам Жұмыс жұбын құру

4-қадам Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлімімен жұмыс жасап «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, ал екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

5-қадам:

«Жүк журналының» екі жағын салыстыру, ақпартты қосу, жазғандарын сыныппен талдауға дайындық

«Қара жәшік» әдісі

1-қадам: Қара жәшік дайындалады.

2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады

3-қадам:

Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды

4-қадам: жасырын зат табылады


17

«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі

1-қадам

Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу

2-қадам Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады

3-қадам

Әрқайсына тапсырма үлестіріледі

4-қадам топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)

5-қадам

Үй тобында мәселе талқыланады

6-қадам Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады.

7-қадам

«қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады.

8-қадам

1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек—кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады.

9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады


«Қатесін тап»

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).


3 таяқша” әдісі


Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

18

«Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы:  оқушылар  топтарға өз еркімен, қалауымен  бөлінеді.  Әр  топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне  лақтырады. Алған сұрақтарына  жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

«Коллаж әңгіме»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

2.Формативті бағалау түрлері:

Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.


  1. «Қолмен белгі беру» әдісі.

Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.

  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)



  1. «Өзін-өзі бағалау»

Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды.

19

Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.

Объект 3



«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.


20

2 жұлдыз, 1 тілек.

Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.


Смайликтер

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет


Шаршылар

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.

Shape1 Shape3 Shape2






Басбармақ

Оқушылар түсінгендерін қол белгілері арқылы көрсетеді.



21


«Ойды аяқта». Бұл әдісті мен интерактивті тақтаға суретін слайд түрінде қою арқылы өткіземін. Оқушыларым сол бойынша бүгінгі сабақта не бігені туралы, өзіне қиын болған жай туралы, үйренгені туралы және сабақ барысында қолынан келген, өзі орындай алған тапсырма туралы ойын жүйелейді.

Shape4

  1. Нені жақсы түсіндім?

  2. Маған не қиын болды?

  3. Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді..



3.Кері байланыс


Кері байланыс бутерброды

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

І) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

ІІ) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

22


«Не жақсы?»

Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»

«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»

«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»

«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»


«Неге? Неге? Неге?» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

23



«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.





Picture 3










24





Picture 1




«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.


ІҮ бөлім.

Дидактикалық ойындар.

Мақсаты:

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

25


«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.


«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады


«Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.


«Қар кесегі»

Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады


«Бұзық телефон» ойыны

Ойын бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.


«Бэкроним» әдісі

Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.


«Менің сөзім»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.


26

Қорытыныды

Қорыта айтқанда, «еліміздің болашағы-білімді ұрпақ қолында» десек,

олардың дұрыс ой түйіп, өздігінен ой қабылдай білуге үйренуі үшін өз пікірлерін, көзқарастарын ашық айтуға, нәтижеге жету үшін жұмыстана білуге үйрету қажет. Бұл тұрғыда осы жаңаша тиімді әдіс-тәсілдер көмек ететіні сөзсіз.

Мен осы әдістемеде көрсетілгендей, үнемі әр сабағымды бастар алдында психологиялық жаттығулармен бастау арқылы олардың көңіл-күйлерін сабаққа сай көтеріп, бір-біріне тілектерін арнату арқылы оларды адамгершілік құндылықтар мен сыйластыққа үйреттім. Алғашында олар бір-біріне сөйлеуге ұялатын, немес «осы дұрыс емес болып қала ма?»-деп қысылыстары болатын. Қазір еркін және ойларын тез жинақы түрде жеткізе алады. Ал, топқа бөлінгенде бұрын әр кім өз досымен бөлінгісі келетін, өкпелейтін, қазір әділ түрде өздері топ құрауға ынталады.шаттық шеңберін тек сабақ басталғанда ғана емес, сабақтың ортасында да немесе тақырыпқа сай іріктеп алып та өткіземін. Бұл арқылы олар қоршаған ортаның құндылығын түсінуге, сезімталдыққа үйреніп келеді, оқушылардың әсерленгіш, қиялдағыш болуына да үлесі зор.

Жаңартылған оқу бағдарламасы талаптарына сай пайдаланатын әдістер де сан алуан. Оларды өз сабағыма ыңғайлап, іріктеп пайдалану арқылы мен сынып ұжымын бірігіп жұмыстануға, топта бір-бірін түзетуге және талқылауға, жұпта өзін және бірін-бірі бағалауға үйренді. Кері байланыс арқылы мен өткізген сабағым оқушылар үшін қаншалықты түсінікті болды, оқу мақсаттары орындалды ма, оқушы қай жерде қиналды, қай жерді тағы толықтыру керек деген сауалдарға жауап аламын. Ал, дидактикалық ойындар менің өз тәжірибемде бастауыш сыныптар үшін сабақтың ажырамас бір бөлшегіне айналды. Ойындарды іріктеп алу арқылы мен біріншіден, оқушылардың сабақта зерікпеуін және қызығушылықтарын арттырсам, екіншіден, сабақты бекітуде оларды ойната отырып бір-бірін түзеуге, толықтыруға, талдау жасауға үйреттім.

Қандай әдіс-тәсілдерді пайдалансақ та оқушының белсенділігін, мақ-сатқа ұмтылуын, ақпаратты өзі іздеп табуын, шапшағаңдығы мен еркін-дігін , шығармашылдығын , көңіл-күйінің көтеріңкі болуын қамтамасыз етуіміз басты назарда болуы тиіс.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда шы-ғармашылық сабақтарды өткізудің алатын маңызы ерекше.

Кітапшамда топтастырылған дидактикалық материалдарды күнделікті және ашық сабақтарымда түрлендіріп қолданып отырамын.Сондықтан әріптестеріме де көмегі тиері сөзсіз.



27


Өз іс-тәжірибем бойынша оқу-тәрбие барысындағы шаралардан көріністер






















Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

  2. Жұмабаева Ә. Е. «Сауат ашу» оқыту әдістемесі.

  3. Жақыпова Г.Ш.» Математика: Мұғалімге арналған нұсқаулық»

  4. «Бастауыш сынып мұғалімеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»

  5. «Бастауыш сыныпта оқыту: барлық пәндер бойынша» журналдары.
















































МАЗМҰНЫ

























































Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

М.М. Темірғалиева құрастырған: «Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік құралына


П І К І Р


Көп жылдардан бастауыш білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мұғалім Меңдігүл Мұханбетжанқызы сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылықтарын арттыруда үнемі ізденіспен әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырады. Жаңашыл мұғалім жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде білім жетілдіру курсынан өтіп, өз сабақтарында жаңаша әдіс –тәсілдері мен түрлі ойын әдістерін әріптестерімен бөлісіп отырады.

Бұл әдістемелік еңбегін мұғалім әріптестеріне көмек ретінде ұсына отырып, өз сабақтарында қолданатын әдістері мен дидактикалық ойындарын тарауларға бөле отырып жинақтаған.Ұсынылған әдіс тәсілдер сұрыптап қолдану арқылы мұғалімге сабақ сапасын арттыруға, жұптық, жеке, топтық жұмыстары арқылы шығармашылықтарын арттыруға оң ықпалын тигізетіні мұғалімнің іс-тәжірибесі арқылы тиімді көрсетілген.

Топтастырылған материалдар оқушылардың теориялық білімін тереңдетуге, байқағыштықтарын дамытуға, сөз қорларын молайтуға, айналадағы дүниеге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік тудырады.

Дидактикалық ойындардың орындалу барысында оқушыларға берер тәрбиелік мәні де зор. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қайсарлыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, өзара қарым –қатынасты, мәдениетті болуға тәрбиелейді. Сондықтан оқушылардың сауаттылығын арттырып, есте сақтау, қызығушылық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда , Егеменді еліміздің жан-жақты, мәдениетті болашағын тәрбиелеуге көмегі болар деген ойдамын.




Темірғалиева Назым Фатихқызы

І санатты бастауыш сынып мұғалімі








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!