Материалдар / Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2022
485
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш сынып балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, ойын дұрыс айтуға салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру – әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақта қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялармен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.

Жаңа технологиялар баланы тек үйретуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.

Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі

"Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту" технологиясы. Сонымен қатар"Ойын арқылы оқыту"технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды.Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы:

Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.

Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.

Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы .

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан ерекшеліктері:

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .

Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.

Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау  жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданылады:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/

Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/

әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,

мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/

Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/

Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы

Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/

Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін  ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.

Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.

Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Қорыта келгенде. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.


















Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!