Материалдар / Бастауыш сыныптарда «Сатылай кешенді талдау» технологиясын тіл сабақтарында оқыту тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда «Сатылай кешенді талдау» технологиясын тіл сабақтарында оқыту тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
- әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1415
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Заман талабы:білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс


1

Автордың толық аты-жөні, тегі

Хафизова Ардак Нагимбековна


2

Жұмыс орны

Оңай Шонаев атындағы орта мектебі


3

Қызметі

Ұлттық мектептегі бастауыш сынып мұғалімі

4

Ғылыми дәрежесі,лауазымы

I санатты бастауыш сынып мұғалімі


5

Жұмыс бағыты

Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды енгізу

6

Мақаланың атауы

Бастауыш сыныптарда «Сатылай кешенді талдау» технологиясын тіл сабақтарында оқыту тиімділігі

7

Байланыс телефондары

Ұялы телефон:87014059069


8

Электрондық почтасы E-mail

65.ardak@mail.ru




























Бастауыш сыныптарда «Сатылай кешенді талдау» технологиясын тіл сабақтарында оқыту тиімділігі

Хафизова Ардақ Нагимбековна

Атырау облысы,

Махамбет ауданы,

Оңай Шонаев атындағы орта мектебі

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»

Н.Ә.Назарбаев

Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәдениетке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін бүгінгі таңда жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.

Жас ұрпақты ой-өрісі кең, жаны бай, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, қоғамнан өз орнын тапқан, іскер де қабілетті, шығармашыл тұлға деп білуіміз керек. Осы мақсаттарға жетуде бүгінде оқыту үрдісіне еніп жатқан өзгерістер баршылық. Солардың бірі – сатылай кешенді талдау технологиясы

«Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық – психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі » деген болатын Н.А. Оразахынова.[5]

Өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенемін. Дәстүрлі оқыту жүйесінде білім салаларын оқыту – тілдің ең кіші бөлігі фонетикадан басталатыны белгілі. Сатылай кешенді талдау технологиясында дәл осы дәстүрді сақтайды. Сондықтан да сатылай кешенді талдау қазақ тілінің төл технологиясы екендігін мойындаймын. Тілдің әр саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүйемен беріледі.Тілдік талдау осы жүйені игере ала отырып сатылы түрде жүргізіледі

Сатылы кешенді талдау оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, әдебиет пәнінен де өлеңдерді талдаулар жасауға көп көмегін тигізеді. Оқушылардың жылдам әрі жүйелі сөйлеуін, өз ойын жинақтап айтуға,ережелерді дәл, нақты жауап беруге, қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді. Бұл технология дидактиканың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жас ерекшеліктерін есепке алу, теорияның практикамен байланысы ұстанымдарын басшылыққа алады. [4] Қазіргі қазақ тілінде тілдік талдаудың фонетикалық, сөзжасамдық түрлері жүргізілсе, әдебиет пәнінде өлеңнің теориялық білімдерін нығайтуға, танымдық деңгейін көтеруге ықпал етеді. Талдау тапсырмаларын бере отырып, оқушылардың білімінде тиянақсыздық байқалып жүрген күрделі, меңгеруде қиындық келтіретін тақырыптарға қоса көңіл бөлуге мүмкіндік мол.

Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы. Бұл талдауда тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастырған сызба басшылыққа алынады. Талдау белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.[6] Талдауды жақсы меңгерген оқушылар қазақ тілінен де, әдебиет пәнінен де әртүрлі ұғымдарды анық ажырата білуге дағдыланады . Мұндай талдаумен жұмыс істеген оқушыға шығармашылық дағдыны қалыптастыру оңайға түседі.

XXI-ғасыр иновация мен индустрия заманы.Біздің еліміз өндірістің қай саласында да жаңа технологияны пайдалану арқылы нәтижеге жетіп жатқаны белгілі. Сол сияқты білім саласында ұстаздар қауымы жаңа технологиямен қарулануда. Бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған негізгі мәселелер «Оқушыны оқуға,ойлануға қалай үйрету керек?»,«Оқушыға нені үйрету керек?»,«Қалай өз өмірінің менеджері болуға талпыну керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. Қазіргі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірбиеге енгізілуде.Оқушы бойындағы сан қырлы қасиеттер мен ерекшеліктерді ашуға, жеке мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасауымызға бағыттап, оның қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға зор ықпал етеді, білім-білік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Елбасымыздың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда, өсім, реформалар,даму»атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсете отырып, бүгінгі ұстаздар алдында XXI-ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаларды тәрбиелеп, оқыту ісі тұр делінген. Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді пайдалануы шарт. Мен де, өз баяндамамда Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын өз сабақтарымда қалай қолданып жүргендігім жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын. «Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер – ғалым Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова.

СКТТ -ның мақсаты:

1.Барлық оқушыны табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру

2.Білім алуға деген ынтасымен іскерлігін арттыру, оқу танымдылық белсенділімен оқытуды жеделдету.

3.Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденіске жетелеу.

Білім беру технологияларын оқушылардың қабілеті мен уақыт сұранысына орай қолдану білім сапасын арттырып, оны өз ойын жинақтап айтуға, білімін тілдік қатынаста дұрыс қолдануға үйретеді.

Бастауыш сыныптарда дыбыстарды үйретуде дауысты дыбыстарға мінездеме берудің мынадай тәсілі бар:

DrawObject1 DrawObject2 DrawObject4 DrawObject3 1.Ереже


2.Тілдің қатысына қарай:жуан,жіңішке


3.Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:ашық,жартылай ашық,қысаң


4.Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік,езулік

А дауысты дыбысына дыбыстық мінездеме береміз.

1.А-дауысты дыбыс.Себебі,бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

2.Тілдің қатысына қарай –тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып,үсті сәл дөңестенеді.

3.Жақтың ашылу қарай ашылу дәрежесіне қарай-ашық дауысты дыбыс.Себебі,бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып,ауа еркін шығады.

4.Ерін мен езудің қатысына қарай-езулік дауысты дыбыс.Себебі,бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып,езу артқа қарай тартылады.[3]

2.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

Сөздерге фонологиялық талдаулар жасау.

Бұл 2сыныптағы әдебиет пәнінен Ф.Оңғарсынованың «Әже»өлеңіндегі сөзге сөз сөзсазындық талдау жасау.

DrawObject12 DrawObject9 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject7 DrawObject8 Әжелер

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай–жіңішке

буынды сөз Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар

жіңішке дауыстылар.

2.Бұл сөз: Ә-же-лер болып үш буынға бөлінеді.Себебі сөздің

құрамында үш дауысты дыбыс бар.Ә-же буындары

-ашық буындар. Себебі ә буыны жалғыз дауысты дыбыстан

тұр;же буыны дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа

аяқталып тұр;лер буыны-бітеу буын.Себебі буын дауыссыз

дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3.Бұл сөз үш буыннан тұрғанымен

DrawObject13 Әже- болып бір жағдайда ғана тасымалданады.Себебі жалғыз

лер дауысты дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге

болмайды. Тасымал буын жігіне сәйкес емес.

4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге

қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына

қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін лер

буынындағы е дауысты дыбысына түсіп тұр.

х х /

Әжелер

Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа» деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай түғызуды мақсат тұтады. Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:

1 деңгей:

Бұл деңгейде оқушымен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап айту, есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни коммуникативті әрекеттер орындалады.

2 деңгей:

Бұл деңгейде іс әрекет айтылым-жазылым түрінде жүзеге асады.Оқушы талдауды ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады. Ал дұрыс баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.

3 деңгей:

Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылу,жазылу,тыңдалу әрекеттері қатар жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де, оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.

4 деңгей:

Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл деңгейде оқушылар алдыңғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады.

5 деңгей:

Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша орындалады. Оқушылар бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын арқылы жалғастырып кетуге дағдыланады. Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.

6 деңгей:

Жад жазу. Бұл деңгейде оқушылардың СКТ арқылы меңгерген теориялық білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық сауаттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және қорытынды шығарамыз.

7деңгей:

Уақытқа талдау: «өте жылдам»-3 минут; «жылдам»-5 минут; «баяу»-

8 минут;

8 деңгей:

Компьютерлік талдау.

9 деңгей:

Ашық тест

10 деңгей:

Шығармашылық жұмыс.

СКТ-да оқушы ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, оқушыны болжамнан сөйлеуден құтқарады.

Сатылай кешенді талдаудың өзіндік ерекшеліктерін сабақтарда қолдану.

1-ерекшелігі: Тілдік талдаулар жасай отырып, теориялық материалдар да жаңашыл бір жүйемен беріліп отырады. Бұлай берілген жұмыстар оқушыларға да мұғалімдерге де түсінікті де қызықты. Өйткені етістік категориясын үйренуге берілген теориялық білім мектеп оқулығындағы жүйені қайталау емес, жаңа бағытта берілген, әрі ақпаратты технологияның кез- келген түрімен де оқытуға оңтайлы және практикалық жағынан тиімді. Егер практикалық жұмыс болмаса, теориялық білім құр жаттанды болып қалатыны барлығымызға да белгілі. Осыны болдырмау мақсатында тапсырмалар белгілі бір жүйемен жасалып, СКТ-ның 7-ші деңгейі (уақытқа талдау) қолданылады. Оқушылар теориялық білімнен кейін берілетін әр түрлі тапсырмаларды осы деңгей негізінде орындайды. Тапсырмалар: қайталау, дамыту және бекіту болып бөлінеді, ал бағалауда ерекше критерийлерге ие, мысалы:

1.Сөйлемдерді сәйкестендіре отырып, салыстыр. (3 минут – 5 балл)

2. Сөйлемдерді оқып, түрлеріне сәйкес сұрақтар қой. (5 минут – 6 балл)

3. Тест. Сұрақтарға дұрыс жауап таңдау: (8 минут -10 балл) секілді бағалау критерийлері тапсырмалар деңгейіне байланысты.[30-35]

2- ерекшілігі: Оқушылар қазақ тілінде теориялық білімдерін кеңейте, білім –білік дағдыларын арттыра отырып, қазақ тілінің әр түрлі талдауларын қайталайды. Бұл жағдайда көзден тыс қалар емес, себебі ОСКТТ-ның басты міндеттерінің бірі қайталауға негізделген. Осы қайталау арқылы ол алдын алған білімдерін пысықтап, жылдамдықпен тапсырманы орындауға дағдыланады.

Қазақ тілі 3 сынып

Тақырыбы: Сөйлем.

Мақсаты:

а)білімділігі:Оқушыларға сөйлем туралы синтаксистік түсінік қалыптастыру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.

ә) дамытушылығы: Таным белсенділігін арттыру, сатылай кешенді талдауға баулу..

б) тәрбиелігі: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау топтастыру, топпен жұмыс,сатылай кешенді талдау технологиясы,Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: дидактикалық ойындар, сызбалар, слайд.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлім


Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

Н.Ә.Назарбаев

II.Өткен сабақты еске түсіру.

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтін түрлерін ата.

  3. Мәтін неден құралады?

Ребус шешу

,,,, , , ,,,,



Сөйлем

Сынып 3 топқа бөлінеді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаға жауап береді. I-топ әңгімелесу,

II-сипаттау, III-пайымдау.

Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлем». Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жазыңыздар.

III. Жаңа сабақ.

1.Екі бағанды салыстыру

2.Қай бағандағы сөздер сөйлем?

3.Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?

4.Неліктен?

5.Сөйлемді көшіріп жазу.

қDrawObject14 ара бидай Қара бидай себілді.

қоңыржай аймақ Қоңыржай аймақта өседі.

өзеннің суы Өзеннің суы молаяды.

IY.Жұмбақ шешу

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын (сөйлем)


V.«Жүйрік ойлы,тапқыр кім?»

« Сөйлем» сөзіне сатылай кешенді талдау жасау

1 топ. Дауысты дыбыстарға сатылай кешенді талдау жасау.

2 топ. Дауыссыз дыбыстарға сатылай кешенді талдау жасау.

3топ. Сөзсазындық талдау жасау.


DrawObject15 DrawObject16 -дауысты дыбыс.

DrawObject17 Берілген: Сөйлем О=--------=?

2 (ө,е)

шешуі: 6о=--------------(й)

4 (с, л, м)


а) Тілдің қатысына қарай:

DrawObject18 DrawObject19 О жоқ

DrawObject20 2 = ------------------------------------------

2(ө, е) тіл алды немесе жіңішке. Себебі бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:

DrawObject21 DrawObject22 О жоқ

DrawObject23 2 = ------------------------------------------

2 (ө,е) жартылай ашық

Себебі бұл дыбыс айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады.

б) Ерін мен езудің қатысына қарай:

DrawObject24 DrawObject25 1(ө) еріндік.

  1. =DrawObject26 -------------------------------------------------------------------------

DrawObject28 DrawObject27 1(е) езулік


Себебі бұл дыбыс айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.

Себебі бұл дыбыс айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

DrawObject29 -дауыссыз дыбыс.

DrawObject30

DrawObject31 Берілген сөйлем. О=---- ------=?

2(ө, е)

Шешуі: 6о=-----------------; (й)

3(с, л, м)

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай:

DrawObject32 1(с) қатаң + ұяң жоқ.Себебі бұл дыбыс тек салдырдан тұр.

  1. =DrawObject33 DrawObject34

DrawObject35 2(л, м) үнді .Себебі бұл дыбыс айтқанда салдырдан гөрі үн

басым.

ә) Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай:

DrawObject39 DrawObject38 DrawObject36 DrawObject37 1(с) ызың +1(л) ауыз жолды

3DrawObject40 DrawObject41 =

DrawObject43 DrawObject42 1(м) мұрын жолды

Себебі бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.

Себебі бұл дыбысты айтқанда ауа ауыз арқылы шығады.

Себебі бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады

б) Жасалу орны мен дыбыс мүшелерінің қатысына қарай:


3DrawObject47 DrawObject46 DrawObject45 DrawObject44 =1 (м) ерін +1 (с) тіс + 1(л) тіл алды ;

Сөйлем сөзінен сөзсазындық талдау жасау.


DrawObject49 DrawObject48 DrawObject50 DrawObject51 Сөйлем


  1. Бұл сөз айтылу, жазылуы жолына қарай жіңішке буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.


  1. БDrawObject52 ұл сөз: сөй-лем болып екі буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Сөй-лем буындары бітеу буындар. Себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

  2. Бұл сөз: сөй-

лем болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі, буын жігіне сәйкес тасымалданған.

Сөйлем

Ана тілі пәнінен сатылай кешенді талдаудың үлгілері

БDrawObject57 DrawObject59 DrawObject56 DrawObject55 DrawObject53 DrawObject58 DrawObject54 ерілгені: Мәтінді сатылай кешенді талдау

Тақырыбы:

  1. Авторы


  1. Мәтін



  1. Мәтінге ат қою


  1. Негізгі ой



  1. Мәтін түрлері

  1. Әңгімелеу мәтіні

  2. Сипаттау мәтіні

  3. Пайымдау мәтіні


  1. Өз пікірім


Әдебиеттік оқу 2- сынып


Тақырыбы:Ф. Оңғарсынова «Жылу»

Өлеңді сатылай кешенді талдау:1.Авторы:қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері,ақын, жалынды көркемсөз шебері Ф.Оңғарсынова

2.Тақырыбы:Жылу

3.Жанр түрі:поэзия(өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы:анаға сый,құрмет көрсету.

5.Шумақ:4шумақты ,себебі:аяқталған синтаксистік біртұтас ой.

6.Тармақ:16 тармақты,себебі өлеңнің әр жолы.

7.Буын саны:7-8 буынды,себебі:дауысты дыбысқа байланысты

8.Ұйқас түрі:қара өлең ұйқасы(а-а-б-а),себебі өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.

9.Түсіндірме сөздік: өң-бет,ажар,түс. нәрлі-тәтті

10.Тәрбиелік мәні:ана жылуын сезінуге,мейірімділікке тәрбиелеуге үйренді.

Міне,осы жоғарыда айтылған СКТТ-мен 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Н.А.Оразахынованың«Сатылай кешенді талдау» технлогиясы бойынша үш деңгейін оқып,сабақтарымда технологияның тиімділігін ұғынған соң қолдана бастадым. Бұл әрекетке итермелеген басты бір жағдай,сол жылдары білім жүйесінде қарқынды дамып келе жатқан 4-ші сыныптардағы мемлекетаралық бақылау (МАБ) еді.Осы білім сынақтарында СКТ-ды тиімді пайдалана білдім.Әдебиет сабағының күре тамыры көркем өлеңмен, мысалмен жұмыс жасау деп білемін. Сөз құдіретін баяндау,түсіндіру жолымен ғана емес,өлеңді бастауыш сынып оқушыларына саралап,поэзия тілін ұғынуға үйретеді

Бүгінгі таңда Қазақстан алдыңғы дамушы әлем мемлекеттері қоғамының құрамына кіріп отыр. Бұл жетістік ғылым беру саласының алдына аса зор міндеттерді артып отыр, соның ең бастысы білім беру үрдісін 21 ғасырдың жаңа талаптарына сай сәйкестендіру болып табылады.[1]

Бірақ кез келген технологияны білім беру және тәрбиелеу жүйесіне ендіріп лайықтандыру оңай іс емес, себебі кейбір технологиялар білім беруде тиімді болғанымен, оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеу жүйесіне сәйкес етпей, білім беруде де қайшылықтары көп кездеседі. Ал бұл процесті тиімді ұйымдастырудың бірден бір жолы – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын білім беру және тәрбие жүйесіне толығымен енгізуді жөн көремін.

Қорытындылай келе, СКТТ бойынша жұмыс оқушы үшін де, мұғалім үшін де берері мол. Бұдан шығар нәтиже:

  • оқушының қабілеті анықталады;

  • интелектуалдық деңгейі жоғарылайды;

  • оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

  • мұғалімнің қабілетті оқушылармен жұмыс істеу іс- тәжірибесі қалыптасады;

  • мұғалім үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек етеді.

Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзіндік орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы тиімді рөл атқарады. Технологияға қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе деп қараудан арылып, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн.  Cатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ үрдісінде бүкіл тарау бойынша берілген білім түгелімен қайталанып, қорытылады; сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, түрлі әдебиеттер мен сөздіктер, анықтамалар және мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; көп сөзділіктен аулақ болады; оқушылардың ынтымақтаса,топтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.Сонымен қатар ,интерактивті тақта,компьютермен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артырып,әр оқушының жазу сауаттылығымен қатар ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру.Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, танымдық ұлттық ойындар қолданылып, ондай ойындардың басқа түрлерін өздеріне құрастырып жасауына бағыт-бағдар беріліп отырады.

 Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, қазіргі жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.












Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Білім кілті» №4, 2006ж - 23 бет

  2. «Мектеп» №3, 2010ж 6-7 бет

  3. М.Е.Абдукодирова «Тіл дамыту» 1-2 сынып - 17,18, 21 бет

  4. Н.А.Оразахынова «Практикалық қазақ тілі» - 30,35 бет

  5. Н.А.Оразахынова «Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай- кешенді талдау» - 3,28,31 бет

  6. Н.А.Оразахынова «Білім-ой азығы» - 12,38,42 бет



























11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!