Материалдар / Бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
деңгейлік кур оқып жүрген мұғалімдерге керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің тиімділігі

Нурахунова Роза Чукеевна

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

«Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ» КММ


«Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады»,-деген болатын Н.Ә.Назарбаев.

Ал қазақтың заңгер жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңеретін-білім» деп айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз болып табылады. Сондықтанда біз, ешқандай жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек деп ойлаймын.Бұл мақсаттарға жету үшін алдымен мұғалімнің ізденісі,жаңа тәжірибе,жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Сабақта мұғалім әрқашан тиімді әдіс-тәсілдерді үнемі ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық орнап, сабақтың жүргізілуі жоғары деңгейде болатыны сөзсіз екендігіне ерекше сенім артамын.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығар-
машылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру болып табылады. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Мұғалім қажымас қайратының, күш жігерінің, тынымсыз еңбегінің арқасында нәтижеге қол жеткізу үшін көп тер төгеді. Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың арасында аспан мен жердей айырмашылықтың бар екенін енді анық байқадым. Оған дәлелім бұрыңғы дәстүрлі оқыту кезінде басты рөлді үнемі мұғалім тарапынан келетіні және сабақтың тең  жартысында оқушыға түсіндіремін деп өзім көп сөйлеп, уақытты өткізіп алып, оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмайтынын енді түсіндім.Өз тәжірибемнен алатын болсам, сабақ барысында жаңа тақырыпты оқушыға жете меңгертемін деп көп уақытты өзім пайдаланады екенмін. Ол кезде оқушы тарапынан сөйлеу аз екеніне аса мән бермеппін. Дегенмен де оқушыларымның арасында қабілетті, талантты, өзіңе жағаласып, жарысып отыратын оқушылар да болады, бірақ соны ары қарай дамытып,түрлі тапсырмалар беру арқылы алға қарай жетелемеген екенмін. Яғни өз тарапымнан көп қателіктер болғанын енді байқадым.

Осы қателіктерді болдырмау мақсатында,курстан алған білімімді әріптестеріммен бөлісіп, шәкірттеріме тарату үшін сыныптағы оқушыларыммен жаңа форматтағы сабақ жүргізіп көргім келді. Бұл мен үшін, әрине оңай болмады. Ойым жан-жаққа жүгіріп, неден бастарымды, тіпті қай сабақты аларымды білмедім. Әрине бірден топқа бөліну менің сыныбым үшін өте қиын болды.Көп кедергілер кездесіп отырды.Бірақ заман талабы жаңару болғандықтан біріншіден осы жаңа әдіс-тәсілдерді өзім толық білмейінше ,оқушыларымның білім сапасы, топпен жұмыс жасауы тиімді болмайтынына көзім анық жетті. Бірақ күннен-күнге оқушыларым топтарға бөлініп, топпен,жұппен жұмыс істеуге үйрене бастады. Мектептегі іс- тәжірибемді жүзеге асыру үшін, жеті модульдің ішінен «сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» зерттеуге алдым. Бұл модуль жайлы курсқа дейін де естіген болатынмын, біраз элементтерін сабағымда қолданып та жүргенмін. Бірақ бұл технологияны сабақта тиімді пайдалану жүйесін толық білмейтінмін. Мен курста осы тәсілдің сабақта қалай пайдалану жүйесін түсіне отырып, оны іске асыруға асықтым. Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Мен өз ойымды өзгерте отырып, алдымен оқушыны өзгерту үшін ,мұғалім өзгеруі керек екенін білдім. Ол үшін мұғалім жеті модульді жатқа біліп,оны өз тәжірибесінде қолдана алуын жүзеге асыруы керек деп ойладым. Осылайша мен ең алдымен жеті модуль туралы білімімді тереңірек шыңдай түстім.Өзімнің бос уақытымда жеті модульдің әрқайсысына жеке тоқталып,ізденіп,әр модульдің қай сабақта қай бөлімінде пайдаланған тиімдірек болатынын түсіндім.

Қысқа мерзімді жоспарлау арқылы оқыту тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуді ойластырдым.Осы уақыт аралығында жүргізілген жұмысымның нәтижелерін сараптайтын кез келді. Алдыңғы білімді тексеруде оқушылардың жылдам ойлап, нақты жауап беру дағдыларын дамыту мақсатында «миға шабуыл» стратегиясын қолдануды ұйымдастырдым. Бұл стратегияның тез ойлап,ой қорыта білетін оқушыларға тиімді болғанымен, кейбір оқушылар сұрақтарға жауабы болмады.

Ең алдымен, бұл модулді қолданғанда, сыныптағы оқушыларымның белсенділігін, жас ерекшеліктері мен психологиялық жай күйлерін ескергенім жөн деген ойға келдім. Сонымен бірге сыныпта оқушылардың ұйымшылдықпен жұмыс істеулерінде сыныптың ынтымақтастық ахуалын қалыптастыруым керек екенін де қарастырдым. Осы арқылы оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасын оятқым келді.Сыни тұрғысынан ойлаудың мақсаты-барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарыммен пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.Сонымен қатар көп ақпаратты таңдай, жинақтай отырып,ішінен қажетті ақпаратын алуына және өз ойын еркін айта білуге үйретеді.Сыни тұрғыдан ойлаудың ең оңтайлы тәсілі–балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.Оқушылардың кез-келген әңгіменің сапасымен мазмұнын білуі,біз үшін маңызды болып табылады.Бұл модуль оқушылар үшін де ,мұғалімдер үшін де ең қажетті әдіс.Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқуда да ,жазуда да керек тәсіл екеніне көзімді жеткіздім.Қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой- толғаныс бұл сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған сабақтың негізгі құрылымы. Қызығушылығын ояту кезеңі балалардың өткен сабақтағы алған білімі мен жаңа білімін байланыстыра отырып, жаңа сабаққа жол сілтейді. Осы кезеңде оқушылардың жаңа сабақ туралы не білетіндігін, не айта алатындығын анықтауға мүмкіндік туады. 2 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасын жасадым. Сабақ жоспарымды мен алғаш рет жоспарлағанда оқушылардың сабаққа қызығушылығын дамытатын әдістерді пайдалануды жоспарладым.

Алғашқы тақырып бойынша болжаған ойларының ұқсастығы мен айырмашылығын,оның неліктен олай ойлайтынын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ашық айтып, сөйлеп үйренеді. Алдыңғы білімді тексеруде оқушылардың жылдам ойлап, нақты жауап беру дағдыларын дамыту мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын қолдануды ұйымдастыру қажеттігін түсіндім.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Суреттерді аяқтайық» жаттығуы, «Есімдер» жаттығуы, «Тілектер бұрқасыны», «Жүректен-жүрекке» жаттығуы сияқты әдістерді қолдандым.

АКТ-ды пайдалану арқылы көзбен көріп, өздері бір шешімге келеді,білімдерін жинақтайды. Топтық жұмыс істеу барысында мәтін бойынша жоспар құру, постер құру тапсырмасы оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Оқуға ынталанады. Үнемі оқушы мен мұғалім және оқушы мен оқушы арасында диалог жүргізе отырып өзара сұхбаттасуы, өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамиды.Оқушыларды бағалауды «2 жұлдыз,1 тілек», «Көңілді смайлик», «Стикер жабыстыру», «Баспалдақ» әдісі, БББ кестесі, «Бас бармақ»,»Көңілді смайлик», «Шапалақ» әдістері арқылы бағалап отырдым.

Сабағымның қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты түсіну деңгейін білу, өзіндік талдау жасай алуына ықпал ету мақсатында «Білемін Білдім Білгім келеді» стратегиясы арқылы сабақта не білетінін,сабақты қалай түсінгенін,келесі сабаққа не жоспарлау қажеттігін анықтадым. Рефлексия келесі сабағымды жоспарыма түзету енгізуге пайдасын көп тигізетінін білдім.

Болашақта мен сабақтарыма Бағдарламаның жеті модулін қолданып отырсам, оқушыларымды сыни ойлауға жетелейтін, көшбасшылық қасиеттерін оятатын «Мінсіз оқушы» шығуына сенімім мол.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Республикалық ғылыми әдістемелік басылым «Бастауыш сынып»журналдары

  3. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»






















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!