Материалдар / Бастауыш сыныптарға музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарға музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал гуманитарлық/педагогикалық колледждердің, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы "Музыкалық білім беру" мамандықтарында оқитын студенттерге музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәнінен қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
1947
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарға музыкалық тәрбие берудің

мақсаты мен міндеттері


Бастауыш сыныптардағы музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына, дидактикалық қағидаларына тікелей бағынышты. Оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру түрлерін, тәрбиелеу міндеттерінің оқыту үдерісіндегі түрлі мәселелердің шешілу жолын көрсетуі керек.

Тәрбиенің басты саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, әрі зерттеу салалары – адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап,бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту.

Музыканы оқыту дегеніміз – оқытудың, оқу үдерісінің межеленген мақсатының жүзеге асу дәрежесі. Музыканы оқыту үдерісінің өзіне тән функциялары бар. Олар: музыканы оқытудың білімділік, музыканы оқытудың тәрбиелік, музыканы оқытудың дамыту функциялары.Музыканы оқытудың білімділік функциясы – бұл оқушыларды музыкалық гылыми білім, іскерлік, дағдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкі нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде қолданыла білуі болып саналады.

Жалпы орта білім беретін мекемелердегі (мектеп, лицей, гимназия) музыкалық тәрбие мен білім беруде оқушылардың рухани өмірін байыту, музыкалық мәдениетті қалыптастыру, адамгершшілік қасиеттерін жоғарғы дәрежеге, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бақылауға дұрыс бағыт беру көзделеді. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы – біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғарғы саналылық пен адамгершілікке және адамзаттық қасиеттерге дағдыландыру болып табылады.

Көркемдік тәрбиелеудің бір компоненті – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаны және жүйелеп дамыту, оның бойына музыкаға тебреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметінің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету үдерісін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму үдерісі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму үдерісі өзінше жүретіні мәлім.

Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген мәселелерін нақтылау мақсатымен шартты түрде 3 салаға бөлген:

1. Музыкалық теориялық білімді игеру. Музыкалық теориясыз музыкалық іс- әрекетпен айналысуға болмайды.

2. Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойнаумен, эмоциямен, қабылдаумен т.б. байланысты психикалық-физиологиялық үдеріс екенін еске ала отырып, ансамбльде, аспапта ойнау дағдыларымен шеберліктерін , басқа да маңызды қасиеттерді қалыптастыру.

3. Баланың бойындағы қоғамдық белсенділігін арттыру және олардың бойында жоғары идеялық саяси, эстетикалық, адамгершілік мұраттарын тәрбиелеу.

Музыканы оқыту процесінде оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптастады. Оқушы тек музыкалық білімдерді меңгеріп қана қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі музыкалық құбылыстарды пайымдауға, өз бетімен білім толықтыруға, меңгерген білімдерін практикада қолдануға талпынысы, қажеттіктері дамиды. Мұғалім болса, ол тек жалаң білім берумен шектелмейді, оқыта отырып тәрбиелейді, оқушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін, музыкалық қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, музыкалық-педагогикалық процеске басшылық жасайды.

Музыкалық білім беру үдерісі өзіне тән құрамдас бөліктерімен сипатталады. Олар: музыканы оқыту (музыкалық білім, музыкалық іскерлік, музыкалық дағдылар), музыканы оқыту мақсаты, музыкалық білім мазмұны, музыканы оқытудың әдістері және құралдары, музыканы оқытуды ұйымдастыру, музыканы оқытудың нәтижелері.

Музыкалық тәрбие мен білім беру тар мағынасында оқушылардың музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту деп анықталса, ал кең мағынада музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың музыкаға деген эмоционалды-құндылықты тәжірибесі мен музыкалық шығармашылық іс-әрекеттері тәжірибесің қалыптасуын айтамыз.

Бүгінгі таңда музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты – оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық тәрбие мен білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:

  • балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту;

  • өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін сезім мәдениетін дамыту;

  • оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдагы музыка өнері туындыларымен таныстыру;

  • өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;

  • музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;

  • тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

  • көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;

  • өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.


Оқушылардың білім, іскерлік, дағды (БІД) деңгейлерін тексеру оқу үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек тексеру ғана емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерді де атқарады. Ол үшін мына төмендегі элементтер есепке алынуы тиіс:

  • білімді қабылдау;

  • ой қорыту;

  • есте сақтау, яғни оқушыға сабақта мұғалімнің берген білімі мен окулықтардағы теориялық материалдарды өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!