Материалдар / Бастауыш сыныпты оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпты оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2018
801
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныпты оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану


Г.Б.Алипкалиева,

п.ғ.магистрі, мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«БҚО ПҚБАИ» Орал қ.


«Оқу - тәрбие мақсаты - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманға лайық қып шығару» - Мағжан Жұмабаев.

Қарқынды өзгеріп отырған әлем жағдайында оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін, мұғалімдердің өздерінен де сол дағдыларды толық меңгеруді талап етеді. Сондай дағдылардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды игеру.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып есептеледі. (МАН, ІІ деңгей, 110 б)

Қазіргідей қарқынды дамып келе жатқан заманда жас жеткіншектерге заман ағымына қарай білім беру мен өмір сүріп отырған кезеңіне сай қажеттіліктерін қанағаттандыру мұғалім үшін аз жауапкершілік емес. Бүгінгі күннің талабына сәйкес, ақпараттық - коммуникациялық технологиясын жүзеге асырудың ұтымдылығын, пайдаланудың жолын түсіндіруіміз керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.

Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не?

Пәндік білім — оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. ( МАН ІІ деңгей, 112 б)

АКТ-ны пайдалануда «Microsoft Word», «MS PowerPoint» бағдарламаларымен қатар «YouTube» желісіндегі көрсетілімдерді көшіріп алуды білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, әрбір мұғалім «Activstudio», «ActivInspire» бағдарламаларымен де жұмыс жасай білуді үйренулері қажет.

Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.

ACTIVstudio - ның объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын көптеген құралдары бар. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Бүгінгі таңда интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген бағдарламалардың бірі – ActivInspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері оқытушының оқу – тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Сабақ барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD – ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Мен ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Мектебімізде интернет желісі іске қосылды. Кейбір кабинеттерге интерактивті тақта орнатылды. Өткен жылдары тек бір ғана, мультимедия кабинетіндегі итерактивті тақтамен жұмыс жасау мүмкіндігі болса, биылғы жылы мұндай кабинеттер саны 6-ға жетті. Заман ағымына қарай оқушы сұранысын қанағаттандырамын деген ұстазға бұл да жетерлік. Сондықтан да, әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, «smk.edu.kz», «bilim land» сайтындағы интерактивті сабақтар жинағын қолдануды жоспарлаймын.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

Алған білімді жүйелеу;

Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бастауыш сыныптарды оқытуда  ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері 1-2 сыныптарға қарағанда 3-4 сыныптарда өте мол. Мысалы, 3-сыныпта, әдебиеттік оқу пәні бойынша бір сабаққа тоқталатын болсам, «Бесік жыры» тақырыбын өткізген кезде:

  • оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі, (web сайттар арқылы «Бесік той» туралы зерттеу нәтижелері, іріктеу, бөлісу.)

  • Көне бесік жырлары» мен «Бүгінгі бесік жырларын» салыстыруда,

  • Зерделеу мен талқылау мақсатында басқа топтардағы оқушылармен жұмыстарын алмастыру; («WhatsApp» желісі арқылы топ құру арқылы) көрсетілімдер дайындауға мүмкіндік беруге болады.

  • Берілген тақырып аясында фото-суреттерден бейнебаяндар немесе бейнежазбалар дайындау. Кейбір оқушылар отбасылық бесік тойларындағы суреттерден бейнебаян дайындаса, кейбірі әжелерінің айтатын «Бесік жырларын» бейнежазбаға түсіріп, сабақта тыңдалым жүргізлді.

Ал математика сабақтарында сандарды, нысандар мен модельдерді жасауда тиімді.

Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Әсіресе, мұғалімнің дайындап келген көрсетілім, тыңдалымдарынана гөрі, оқушы өздері жасап келген тапсырмаларымен бөліскенде ләззат алатынын байқадым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды.

АКТ ны қолдану 1-4сыныптарда аса өзекті болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті – көрнекілік - образды. Сондықтан, оларды оқытуда көптеген сапалы иллюстрацияларды қолдануда АКТ-ның үлесі зор. Тақырып мазмұнын игеруде тек көру емес, сонымен бірге есту, іс - әрекет орындау, эмоция мен қиял да қосылады.

АКТ сабақтың негізгі элементі емес, қосымша - көмекші элементі түрінде болуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ- ны қолдану жұмысы нақты сабақтың қай бөлімінде, қалай қолданылатыны ойластырылған және уақыт мөлшері ескерілген болуы тиіс. АКТ – ны қолдану арқылы өткізілетін сабақтарда баланың денсаулығын сақтауға аса назар аудару қажет. Сабақ жоспарына сергіту сәтін, динамикалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар, денсаулық сақтау технологияларын міндетті түрде енгізу керек.

Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттрыып, сабаққа деген ынтасын оятады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР ПҚБА курстарының бағдарламасы, МАН ІІ деңгей, үшінші басылым

  2. www.zkoipk.kz/2015smart2.html инернет материалдары,

3. https://support.prometheanworld.com/ru/product/activstudio













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!