Материалдар / Бастауыш сыныпты оқытуда оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуда логикалық тапсырмаларды орындатудың тиімді тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныпты оқытуда оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуда логикалық тапсырмаларды орындатудың тиімді тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
357
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныпты оқытуда оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуда логикалық тапсырмаларды орындатудың тиімді тәсілдері

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым- қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Олай болса, функционалдық сауаттылық оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және білім, білік дағдыларының жиынтығы. Ол тек білім мен білік әлеміне барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамуының өлшемі Қазіргі әлемдік ауқымды қайта құрулар, жедел ақпараттандыру, білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындататыны анық. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда жаңа технологияларды қолдану орын алған.Бұл оқушының логикалық, шығармашылық потенциалын арттыру, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау мақсатымен ұштасып жатыр.. Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әртүрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық ойлау қабілеттерін арттыру үшін қолданылатын логикалық жаттығулардың орны ерекше деп ойлаймын. Себебі, мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту-бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Өйткені, бастауыш сатыдағы кезең - оқушы іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық.1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету5. Оқушылардың білімдерін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудағы 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге ( TIMS, PISA және PIRLS) қатыстыру.Сапалы есептер шығару барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, өз бетінше шешім қабылдауға және болашақта мамандық таңдауына ынталандырылады. Сабақта сапалы есептер шығару арқылы алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстырып отырады, өйткені оқушы ойлауға да ойлануға да қабілетті. Логикалық ойлау қабілетін әр түрлі әдістермен мектепте, үйде дамытуға болады, бірақ қандай әдістер тиімді екені, әрбір мұғалім мен ата–анаға белгісіз. Баланың жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне байланысты логикалық тапсырмалар өзгеріп отырады. Сондықтан баланың жасына тән емес тапсырмаларды беріп, баланың ынтасын қашырып алуға, өзіне деген сенімсіздік оянып, негативті әсер беру мүмкіншілігі де бар. Сондай себептердің салдарынан, кейде жоғары сынып оқушылары логикалық тапсырмаларды орындауға қиналып жатады.Бала мектепке бару кезеңінде, оның психикалық дамуы жоғары деңгейде болады. «Баланың әр жас кезеңінде әрбір психикалық процестің дамуымен сипатталады. Бала кішкентай кезінде қабылдау процесі қалыптасады, балабақшаға бару кезеңінде есте сақтау қабілеті қалыптасады, ал мектепке бару кезеңінде ойлану қабілетінің дамуы жүзеге асады» [1].Бастауыш сынып оқушыларының ойлануының өз ерекшеліктері бар. Дәл осы кезеңде алдыңғы көрнекі – бейнелі ойлану, сөйлеу-логикалық, түсініктеме түріне ауысады. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушылары үнемі логикалық тапсырмаларды орындау арқылы, өздерінің логикалық ойлау қабілетін дамыта алады. Сонымен мұғалімнің оларға көмегі төмендегідей:
  • Қоршаған ортамен байланыс жасау;
  • Дұрыс түсінік қалыптастыру;
  • Теория жүзінде үйренгенін тәжірибиеде қолдану;
  • Ойлау операциялар көмегімен талдау (қорытындылау, салыстыру, классификациялау, синтездеу, және т.б.).
Осының барлығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дұрыс жасалынған педагогикалық жағдайлар ғана дамыта алады. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Бастауыш сыныптарда математика сабағынан балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынадай талаптарды басшылыққа алуға болады:
  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
  • Іс-әрекетке қызықтыра білу
Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынадай жолдармен дамиды[2].:
  • Ақыл-ой әрекеті үстінде;
  • Білімді меңгеру;
  • Тіл үйрену;
Жылдам есептеу.Затты әрекеттік.Көрнекі-бейнелі.Сөздік логикалы.Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімінарттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақ та әр түрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.1. Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру.2. Пәнге қызығып, оған көңіл қойып, тереңдете оқып үйрену.3. Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға қатысу.Осы мәселе тұсындағы өзім жүргізіп жүрген шаралармен таныстырайын. Есеп шығару көбінесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Аңғарымпаздық өз білімін пайдалана білудің көрсеткіші. Осы мақсатта күнделікті сабақта 1 - 4 сыныптарда дәстүрден тыс қолданылатын әдіс – тәсілдерге: математикалық ойындар, ауызша есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданылады. «Ойлан тап!», «Кім жылдам?», «Тез есепте!» секілді ойындар ойнатуға болады. Бұл ойындарға логикалық ойлаудың деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей есептер сабақ басында немесе сабақ соңында беруге болады. Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі:. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады. Атап айтсақ,«Сөз таптарын» өткендеБалық, қоян, қызыл, тас (Жауабы: қызыл- сын есім. Өйткені, балық, қоян, тас-зат есім)Жүгірді, жылады, бала, ұшты (Жауабы: бала-зат есім. Өйткені, қалғаны-етістік).«Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады)..«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. «Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, мыс: «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.«Сөйлем құра». Өзара байланыспайтын 3 сөз алынады. Мыс, «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (Аю көлге қарындашын түсіріп алды) немесе күрделі (Бала қолына қарындаш алып, көлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады.«Артық сөзді тап». Кез келген 3 сөз беріледі. Мыс, «ит», «қызан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған екі сөздің өзара ұқсастықтарын алынып салынған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мыс, «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән) т.б. Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.Осындай логикалық тапсырмаларды орындату барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды, шығармашылық пен дарындылық пайда болады, функционалдық сауаттылығы артады. Қорыта айтсам,. сондай-ақ, логикалық тапсырмалар оқушы білімінің деңгейін көтеріп, функционалдық сауаттылығын арттырып қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.



Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылыС.Бердіқұлов орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарыБақтыбаева Мақпал Сериковна
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!