Материалдар / Бастауышым-бал бұлағым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауышым-бал бұлағым.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушыларымызбен қоштасар кезімде дайындаған болатынмын. Сіздермен бөліскім келеді .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышым – балбұлағым


Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы  болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : слайдтар , гүлдер мен шарлармен  сахнаны безендіру,қанатты сөздер.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сахнада көрініс жүреді( «Бастауышым-бал бұлағым»такырыбының жанында колдарына шар,гүл ұстаған оқушылар өз ұстаздарымен мерекеге қызу дайындық үстінде.Жай музыка ойналып тұрады.)Сол кезде ғарыштан келген құлтемір –қонаққа келеді.

Құлтемір: -Мен,мен қайда тап болдым? Қандай елге,қандай мерекеге келдім? Маған кім түсіндіреді екен?

Мәдениет: Сіз Қазақстан жеріне

Манас: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылына келіп қондыңыз!

Маржан: Бүгін №9 мектепте бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі өткелі жатыр.

Манас: Ал сіз кім боласыз? Қайдан келдіңіз?

Құлтемір: Мен басқа ғаламшардан келдім. Мен мынадай кеш туралы білмейді екенмін.

Балалар: Қош келдіңіз! Біздің кешімізді көріңіз! Кейін қайтуға асықпаңыз!

Мәдениет: ия, кешіміздің төрінен орын алыңыз!

Құлтемір: Қандай қонақжай едіңдер! Жақсы кештеріңді тамашалайын! (сахнадағы балалармен бірге сахнадан түсіп көрермен болып отырады).

Мәдениет: Олай болса, біз кешімізді бастайық!

Ф------а-----н------ф-----а-----р

Жүргізушілер шығады.

Мәдениет: Ассалаумағалейкум, ағайын!

Маржан: Армысыздар немересінің қуанышына ортақтасуға келіп отырған ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер!

Манас: Есенсіз бе, «менің балам бүгін қандай өнер көрсетер екен» деп тағатсыздана күтіп отырған ардақты әкелер мен аналар!

Мәдениет: Сондай-ақ, мектебіміздің аяулы ұстаздары!

Мәдениет: Және де «Мына сымбатты жігіттер қай сыныптан екен»- деп отырған ару қыздар!

Маржан:Ой жігіт бола қалған түрлерін! Одан да мен сендерді таныстырып өтейін. Бүгінгі кештің сәнін келтіріп тұрған менің әріптестерім Манас және Мәдениет.

Манас: Және де сүйікті апайымыз Маржан апай. Құрметті қонақтар бүгін бізде үлкен қуаныш.

Маржан: Ия, дұрыс айтасыңдар! Бұл қуаныштың негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі баршамызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бала болса, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш мектепте білім алып, аяқтап орта мектепке қадам басқалы отыр.

Мәдениет: Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын.

Маржан:

Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-деп «Бастауышым –бал бұлағым»атты мерекелік кешімізді ашуға

Мәдениет,Манас,Маржан:рұқсат етіңіздер.


Маржан: Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4»А»-сынып Бағила апайды шәкірттерімен ортамызға.

4 «А» сынып жетекшісі Мұсабек Бағила Жанатқызы. Жоғары санатты ұстаздарымыздың бірі, еңбек өтілі 32 жыл.

Жетістіктері:-Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында өткізілген «Үздік кабинет» сырттай байқауында 3 орын иеленді.

-Сондай-ақ, «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып 1 орынды иеленді.

Мәдениет: Бағила апайға деген қошеметтеріңіз!

4»А»-сынып хормен:Шәкірттер сізді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

4 «А» сыныбы. Сыныпта 28 оқушы, соның ішінде 6 үздік, 12 оқушы екпінді.

Манас:Қошемет көрсетейік:

Маржан:Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

4«ә» сынып, Жаңылша апайдың түлектерін,

Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!

Маржан: 4 «Ә» сынып жетекшісі:Ниязова Жаңылша Бекқызы

Сондай-ақ 1 санатты мұғалім. Сендер сияқты шәкірт тәрбиелеп отырғанына биыл 27 жыл.

Манас: Қошеметтеріңіз!

4»Ә» сынып хормен:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұям бастауышым киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен

Күллі шәкірт басын саған иеді.

4 «Ә» сыныбы 3 үздік, 14 екпінді оқушы. Аудандық Абай оқулары сайысында Мадреим Гүлсина 3 орын иеленсе, Бакытов Рамазан еркін күрестен республикалық турнирлердің жеңімпазы атанып жүр.

Маржан: Кеше ғана мектепке келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі –деп 4 «Б»-сыныбы Лариса апайды шәкірттерімен бірге қарсы алайық.

4 «Б» сынып жетекшісі: Қонарбаева Лариса Қонысбайқызы. Мектебіміздің ізденімпаз жас маманы.

4 «Б» сыныбы хор:Мектебім-білім берер алтын уям.

Ер жетіп сенде сөзім ,артты санам.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртердің серті деп біл.

4 «Б» сыныбы 28 оқушы. Үздік оқушылар 5 еу болса, екпінді оқушылар 8. Бастауыш сыныптар арасында өткізілген мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысып, «Қазақ тілі» пәнінен 3 орын иеленген Нуржан Ғалымжан. 4 б сыныбына қошеметтеріңіз!

Маржан: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында - деп ,4»В»-сынып ,Баян апайды шәкірттерімен қарсы алайық.

4 «В» сынып жетекшісі: Сейткалиева Баян Қазиқызы. Еңбек жолын бастаған еңбекқор жас маман.

4 «В» сыныбы хормен: Тыңдап ұстаз ақылын,мақұлдаймыз.

Тоқтамаймыз,жанамыз,лапылдаймыз.

Орта сыныпқа өтеміз,міне бүгін,

Болашаққа бір қадам жақындаймыз.

4 «В сыныбы 25 бала, 3 үздік, 10 екпінді. Аудандық пәндік олимпиадада Солтан Мөлдір 2 орын иеленсе, облыстан 3 орынды қанжығасына байлады.

Маржан:Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің – деп ,4»Г»-сынып ,Индира апайды шәкіртерімен қарсы алайық.

4 «Г» сынып жетекшісі: Айдархаева Индира Жандаулетқызы. Мектебіміздің жалынды жас маманы.

4 «Г» сыныбы хормен:Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенің,мұғалім

Ұстаз да ,ғалым да,дана да.

4 «Г» сыныбы 27 оқушы, үздіктер саны 3 болса, екпінділер 11.

Маржан:Есімде ерен ұстазым

Шашамнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің-деп , 4»Ғ» -сыныбы Раухан

апайды шәкіртерімен сахна төріне шакырамыз.

4 «Ғ» сынып жетекшісі: Избасарова Раухан Мажитқызы. Жоғары санатты ұлағатты ұстаз, еңбек өтілі 34 жыл.

4 «Ғ» сыныбы хормен: Үйретіп өмір заңдарын

Үлгі іске бастадың

Ақ көңіл , іскер қашанда

Ақылшым менің ұстазым

4 «Ғ» сыныбы 28оқушы, үздіктер 5, озаттар саны 10 оқушы. Аудандық «Алтын сақа» интеллектуалды сайысында 1 орын иеленген Майлыбаева Жібек болса, Халықаралық «Шексіз математика» турнирінің қола медаль жүлдегері Тайшибай Әсем. Құрмет қошеметтеріңіз!

Маржан: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.-деп 4»Д»-сыныбын Жанна апайды түлектерімен бірге қарсы алайық.

Сынып жетекшісі: Бейсембаева Жанна Қуатқызы. Мектебіміздің 1 санатты мұғалімі. Еңбек өтілі 13 жыл.

4 «Д» сыныбы хормен: Өтті сенде қызық шағым!

Бастауышым – бал бұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

4 «Д» сыныбы 4 үздік және 8 екпінді оқушыларымен мақтанады. Аудандық пәндік олимпиадада 1 орынды Айберген Азамат иеленсе, 2 орынды Джумабай Мадина қанжығалады.

Маржан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға –деп сахнаға 4»Е»-сыныбы Раушан апайды шәкірттерімен шақырамыз.

4 «Е» сынып жетекшісі: Диярова Раушан Зулфихарқызы . Еңбек өтілі 6 жыл. Мектебіміздің жас маманы.

4 «Е» сыныбы хормен: Үйреткені адалдық

Ұсынғаны адамдық

Бар ұстазға тілеймін

Бақыт,табыс,амандық

4 «Е» сыныбы 27 оқушы, үздік оқушылар-4, озат оқушылар-9. Мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысып қазақ тілі пәні бойынша 2 орын иеленген Бақтыбай Сандуғаш.

Маржан: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың –деп ,4»ж»-сыныбы Муслима апайды түлектерімен карсы алайық.

Сынып жетекшісі: Қалжанова Муслима Ілиясқызы. Еңбек өтілі 31 жыл. Тәжірибелі ұстаздарымыздың бірі.


4 «Ж» сыныбы хормен: Мектеп үйім, ұстазым – ата-анам

Сенен өсіп сенен ғана нір алам

Саяқ ыстық, сен мәуелі бәтерек

Тамырланып сан тарапқа тараған

4 «Ж» сыныбында 28 оқушы. 5 үздік, 11 екпінді. Бастауыш сыныптар арасында өткізілген мектепішілік пәндік олимпиадада қазақ тілі пәнінен 3 орын иеленген Алшенов Нұрхожа болса, математика пәні бойынша 3 орын иеленген Жалғасбек Ілияс. Құрмет көрсетейік.

Маржан:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
  Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
  Мейірлене қарап қойып біздерге 

  Күн астынан сабақ беріп тұрғандай –деп ортамызға 4»З» -сынып оқушыларын Ақілгек апайымен шақырамыз.

4 «З» сыныбы хормен: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
    Барар жерге тез жетеміз.
    Төрт жыл алған білім нәрін ,
      Азық етіп ер жетеміз.

Маржан:  Біз еліміздің –жас өркеніміз!

Желді көрген желкеніміз.

Желбіретер көкте туын

Біз еліміздің ертеңіміз! –деп жүрген қыздарымыздың биін тамашалаңыздар! Алдарыңызда «Қазақ биі». Қабыл алыңыздар!

Олай болса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашып беру үшін сөз мектеп директоры Асамадинова Гүлжан Ерғалиқызына сондай-ақ, бастауыш сыныптың оқу ісі меңгерушісі Султанкереева Рузия Дүкенбайқызына беріледі.



Маржан: балалар, биыл біздің елеміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толды?

Манас: биыл біздің тәуелсіздік алып, зайырлы ел болғанымызға 25 жыл толып отыр.

Маржан: дұрыс айтасың, сонымен қатар ұлттық Ассамблеяның құрылғанына 21 жыл толып отыр.Ия , Отанымызға қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше балалардың орындауында өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Өлең жолдары 5-бала, Отан туралы


Ән: Жаса Қазақстан. Орындайтын: 4 «Ғ» сынып оқушысы: Зайдин Назерке. Қарсы алыңыздар.

Маржан:Өнерпаздар ортамызда әлі бар.

Бишілердің билеп берер сәні бар.

Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық

Вальсті де билеп берер ұл қыз бар-деп

4 «ә» сыныбының вальсін тамашалайық.

Маржан:Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Алдарыңызда Хор: «Қазақтай ел қайда» қабыл алыңыздар!


Маржан: Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені. –деп оқушыларымыздың алтын ұя мектебімізге арнаған шұмақтарына кезек берсек.

Өлең жолдары:5-бала.

4»в,з,ә,

Жүргізуші: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Хор: «Мектебім» қабыл алыңыздар.

Маржан:

Біз күні кеше ғана Ұлы Жеңістің 71 –жылдығын атап өттік. Ол тақырып та бүгін біздің кешімізге арқау болмақ.

Шара апайдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға биші қыздарды «Катюша» биімен шақырайық.

Маржан: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған-деп бала жүрегін мейірімімен жаулап алған ұстаздарына деген алғысын өлең жолдарымен жеткізсін,олай болса оқушыларды қарсы алайық.

өлең жолдары:5-бала.4»в,ғ,д,е,ж,г»

Маржан:Дәл осылай ұлағатты ұстаздарына ізгі тілектерін әнмен жолдайтын өнерпаздарды ортаға шақырайық: Хор: Ұстазым!




Маржан: Биыл біздің елімізде 1-наурыз «Алғыс айту »күні деп жарияланды. Осы мереке біз де аталып өтті.


Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген- деп балаларымыздың ата-аналарына алғыс ретінде өлең шумақтарына кезек берейік.


Ән: Ана Әке. Орындайтын 4 «Б» сынып оқушысы: Сапарниязов Нұршайық

Маржан: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі алғысымызды ұстаздарымызға арнаймыз .

4»ғ»-сынып. Ұстаздың жазы да аңыз, қысы да аңыз

Өмірі оның өнеге- қызығамыз ,

Мол мейірім ,көңілге шуақ төккен,

Сіздерге біз ән гүлін ұсынамыз.

4»ә»-сынып : Анашымдай сыр шерткен,
                               Ақыл білім үйреткен.
                               Ана тілін оқыдық,
                               Ерекше зор құрметпен.
                               Ана тілін сүйеміз ,
                               Құрметпен бас иеміз.
4 «з » сынып : Ойланып есеп шығартып,
                Төрт амалды  білдірген.
                Ғылымдардың патшасы ,
                 Математика данасы.
4»д »сынып : Қазақ тілі пәнінен,
                 Білім алды балалар.
                 Сөйлемді, сөз таптарын ,
                  Етістіктің шақтарын ,
                 Жалғаулар мен жұрнақтар.
                  Ережесін жаттадық
                  5 – сыныпқа  барған соң,
                 Тіл мамандары  бағалар.
4» б »сынып : Ой жіберсең бәріне,
                   Дүниетану пәніне.
                  Өмір сырын үйретер ,
                  Пәннің жақсы бірі де.
                  Жер байлығы көп екен,
                  Игеруді қалайды.
                   Осының бәрін білдірген ,
                   Дүниетану сабағы. 
4»в»

Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.

Батырбек,Роза,Айгерім, Айман мұгалімдерім,
Қабыл алың, алғысын шәкіртеріңнің..

4»г « сынып Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Малика апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

4» ж « сынып Сейілтіп дене құрлысы мен тұргысын

Дене пәні үйретеді дұрысын

Абылай мен Бақытжан ағайларың жетелеп,

Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.


4» з»сынып. Әр баланың мінезі де көп делік,

«өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп,

Гүлжан ,Сәуле,Жанна,Шынар апайлармен сөйлессең

Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.


4» А «сынып Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін .
Әріп танып білім алып,
Рахметімізді жаудырамыз.

Хормен : Білім берген біздерге,
                  Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Ән: «Улыбка» қабыл алыңыздар!





Маржан:Құмарымыз қана ма?

Ән салдық жаңа да.

Кезекті берелік,

Ғарышкер ағаға!

Құлтемір: Ал, оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!

Осынау бір жан тебірентер яғни айтқанда кешке қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз ғарыш адамдары өз сезімімізді білдіре алмаймыз, яғни сіздер сияқты күле алмаймыз.Біздер ән салып ,күй де шала алмаймыз.

Сіздерге бақытты өмір тілеймін! Келесі келгенде барлықтарыңа сыйлық алып келетін боламын. Мен енді өз ғаламшарыма аттанайын.Мен асығыспын.Ал,сау болыңдар!


Мектеп вальсі


Жүргізуші:«5 сыныпқа бірге барам»
Айжан:Достар менің де сендерге арнар тілегім бар.5 сыныпқа бара жатырсыңдар ,сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар,қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін.2 мен 3-тің керегі жоқ
1,2 мен 3 бейнесіндегі қыздар кіріп келеді: -бізді неге апармай жатырсыңдар,біз де ереміз
Айжан:-сендер кімсіңдер?
Үшеуі:- мен сұлу да сымбатты баға  «1»-мін.Мынау менің аққу мойын апам  «екі»,ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: -біз сендерді ертпейміз
Үшеуі:-неге, біз де барамыз.
Балалар ақылдасады.
Эльдана:-жақсы бағалар ,біз сендерді ертіп апарамыз,бірақ баға ретінде емес.Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда иемденетін орындарға айналдырамызАйналғыларың келе ме?
 Үшеуі:Әрине,бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс,ән аты.2-ден басталатын қала аты...3 санының көбейту кестесі)
Бағалар орындарға айналады.(І орын,ІІорын,ІІІорын)

Маржан: Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп аялаған алақанын.

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын.

Ата-аналарға тілек сөз беріледі.



Жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.


Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Біз сіздерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен

ФЛЕШМОБ.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!