Батылдық пен табандылық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батылдық пен табандылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 19

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Батылдық пен табандылық

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Батылдық, табандылық, уәдені орындау.

Мақсаты: Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды табандылықпен жұмыс жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды берген уәделерін орындай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

https://angimeler.wordpress.com

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Кім жоғын тауып ал»

Ойыншылардың барылығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады.Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте сақтау қабілетін және бақылауды тексереді.


2. Үй тапсырмасы.

1. №18 – сабақ. Жауапкершілік туралы мәтін құрастырып келу.

2. Келесі сабақ. №19, «Өрт» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Мақсұттың бұл іс-әрекетінің себебі неде?

Батылдық қандай жағдайларда көрініс береді?

Мақсұттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Өзіңнің батылдық танытқан кезің болды ма? Қалайша?


3. Сабақтың дәйексөзі.

«Батыл болмай, батыр болмайды» 
Халық даналығы 

Сұрақтар:

1. Батылдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 
2. Өжеттік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
- Бір - бірімізді қиын сәтттерде қолдай білейік.
- Деніміз сау болсын.
- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.уквкае


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Кім кінәлі?

Г.Әзімбаева


Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.

Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас,байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын. Сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:

Бұтақты сен сындырдың ба? – дейді.

Мен емеспін... – дейді Алмас бірден.

Неге екенін оның жанында тұрған Думан өз-өзінен қызарып кетті.

Күзетші енді Думаннан:

Әлде, сындырған сенсің бе? – деп сұрады. Ол үндемеді.

Онда, кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұрған, – дейді күзетші Думанға тесіліп.

Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.

Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:

Тоқтай тұршы!.. – дейді дауыстап.

Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ, үндемеді.

  • Алмас неліктен өз әрекетіне жауап беруден бас тартты?

  • Неліктен Думан жауап беруге қиналды?Осы әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

  • Алмас неліктен өзін ыңғайсыз сезінді?

  • Осы оқиғадан қандай сабақ алуға болады?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Батылдық»

2 – топ: «Қайсарлық»

3 – топ: «Өжеттік»

Тапсырма:

1 - топ Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, дәптерге жазыңдар.

Батылдық дегеніміз ...

Батыл іс деп ...

Батыл адамның бойында ...
2 - топ батырларға тән қасиет, талға жапырақтарын жабыстырады. 
3 - топ батыл болу үшін не істеу керек,хатқа жазғандарын салады. 


  1. Топпен ән айту.

Жас дәуірдің гүліміз

Өлеңін жазған Ермек Өтетілеуов

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!


7. Үй тапсырмасы.

1. №19 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №20, «Жекпе - жек» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі