Материалдар / Батылдық пен табандылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Батылдық пен табандылық

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныптың өзін-өзі тану пәнінен "Батылдық пен табандылық" тақырыбы арқылы рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес батылдық, табандылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
842
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Адам болам десеңіз...

Педагогтің аты-жөні

Өмірқұлова Айгерім Өмірсерікқызы

Күні:

12.12.2021

Сынып: 4 «А»

Қатысушылардың саны: 16

Қатыспағандардың саны: 0

Сабақтың тақырыбы №19

Батылдық пен табандылық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес батылдық, табандылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру

Құндылық:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Қайсарлық, табандылық, батылдық

Сабақтың мақсаты

оқушыларға батылдық пен табандылықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік



  • Оқушыларға батылдық ұғымы туралы түсінік беру;

  • Табандылық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды қайсарлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

(1мин)





1. Жағымды көңіл күй

(1-3 мин)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. Оқушыларға 5 Т – ережесін еске түсіріп, сыныптың тәртібін сақтауын сұранады.


Мұғалім «Тыныс алу» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.





Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.





Джонотан Слэттердің
«Eternity
» аудиожазбасы

https://music.yandex.ru/search?text=Eternityjonathanslatter

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу)

(3-5 мин)

Сейілғазы Әбдікәрімовтың «Өрт» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мақсұт өртте қалған балаға қандай қасиеттері арқылы бірінші болып көмек берді?

2. Мақсұттың қай сөзі саған ерекше әсер етті?

3. Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болады?

4. Мақсұттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

5. Өзіңнің батылдық таныту арқылы біреуге көмектескенің туралы ой бөліс.

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды «батылдық» және «қайсарлық» ұғымдарын түсінуге жетелейді.

Оқулық, 19 сабақ,

83-бет

Сейілғазы Әбдікәрімовтың «Өрт» әңгімесі

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

(3-4 мин)


Табандылық — батылдық қалқаны.

Б.Момышұлы


1. Табандылық қасиеті қалайша батылдықтың қалқаны бола алады?

2. Табандылық, батылдық қасиеттерінің адам үшін қандай маңызы бар?

Оқушылар

Б.Момышұлының қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.

Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982) - әскери қолбасшы, батырлықтың ерліктің, қайсарлықтың, үлгісі.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) Мұғалім сыйы

(4-8 мин)



Мұғалім «Батыл есек» ертегісінің бейнеролигін көрсетеді.

Сұрақтар арқылы әр оқушының табандылық, батылдық қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашады.

1. Есек пен түйе неліктен өз қожайынынан қашып кетуді ұйғарды?

2. Есек қожайынынан қашудың қандай амалын тапты?

3. Есек жыртқыш аңдарды қалай сескендірді?

4. Есектің өз мақсатына жетуіне қандай қасиеттері көмектесті?

5. Батылдық танытып жасаған іс-әрекетің қалай жақсы нәтижеге жетуге көмектесті?

Оқушылар әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, батылдық пен табандылық қасиеттерінің адам өмірінде алатын орны туралы туралы терең ойланады.

«Батыл есек» ертегісі

https://www.youtube.com/watch?v=25jKbDmNDfk

5. Шығармашылық жұмыс / Жобалау қызметі

(12-15 мин)



Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады:

1. Мұқан Иманжановтың «Жекпе-жек» мәтінін оқып, «Батыл адам» қандай болуы керектігі туралы ойланып, өз ойыңызды түйіндеңіз.


2. Халқымыздың батыл, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазыңыз.


3.«Батылдық», «қайсарлық» туралы берілген нақыл сөздерді жалғастырып, өзіңізге ұнаған нақыл сөзге қатысты өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

1. Батыл болсаң,...

2. Тайынбаған тауды жығады,
Тайсалмаған ....

2. Табандылық — батылдық...





Оқушылар Мұқан Иманжановтың «Жекпе-жек» мәтінін оқып, «Батыл адам» қандай болуы керектігі туралы ойланып, өз ойларын түйіндейді.

2. Халқымыздың батыл, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазады.

3. «Батылдық», «қайсарлық» туралы берілген нақыл сөздерді жалғастырып, өзіне ұнаған нақыл сөзге өз ойын жазады.

Оқулық №19 сабақ, 85-бет.

Жұмыс дәптері

6. Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

Мұғалім оқушыларға әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беруді тапсырады.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық №20 сабақ

87-бет

«Табанды бала» аңыз әңгімесі

7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге «Батырлар ұраны» («Алашұлы» тобының орындауындағы ән) орындайды.


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

«Батырлар ұраны»

Сөзін жазған:Б.Әлқожа, Б.Есенхан

Әнін жазған: Ж.Дәулет


https://www.youtube.com/watch?v=qaF69VSyS7Q

8.Сабақтың қорытынды сәті

(1 мин)


Мұғалім оқушыларға тілек білдіріп, бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Баяу композиция қойылады.


Ричард Клэйдермэнның
«Tell Him» аудиожазбасы


https://mp3push.com/collections-music/soul/



2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!