Материалдар / Батылдық пен табандылық 4 "а" сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Батылдық пен табандылық 4 "а" сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2020
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары.

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 03.02.2020 жыл

Мұғалімі: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

Сыныбы: 4 «а»

Оқушылардың саны: 11

Тақырыбы: №: 20 Батылдық пен табандылық

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: турашылдық, әдептілік ізеттілік және т.б.

Мақсаты: Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды үнемі әдепті болуға бағыттап отыру

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы турашылдық қасиеттерін орынды пайдалануға бағыт беру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі:

  1. Тәртіп.2.Талап. 3.Тыныштық.4.Тазалық.5.Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

2. Үй тапсырмасы.

20, «Жекпе - жек» мәтінін оқып келу.

Тапсырма.

Әңгімені оқып, «Батыл адам» қандай болуы керектігі туралы ойланып, өз ойларыңды түйіндеңдер.


3 Дәйексөз Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.

Леонардо да Винчи

Леонардо да Винчи (15 ақпан 1452 жыл — 2 мамыр 1519 жыл)  — италияндық ұлы суретші әрі ғалым.

Сұрақтар:

1. Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндіңбе?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Төзімді, табанды адам қиындықтан қорықпайды. Айтылған сөзге де, алдынан шыққан қиындықтарға да, құбылыстарға да төзеді. Сол жолда табандылық танытады. Қандай кедергі болса да, жеңіп шығады. Леонардо да Винчидің «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген нақыл сөзі осыған байланысты айтылса керек.

Төзімділік – адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Әрдайым осы қасиеттерді бойымызға дарыта білейік.


4. Әңгімелеу. Талшыбық пен алып ағаш Н. Қадырбаев

Жол бойында талшыбық пен алып ағаш өсіп тұрды. Бір кезде қатты жел ұйтқи соғып, демде алай-түлей дауыл көтерілді. Алып ағаш міз бақпай, аласапыран дауылға: «сабыр ет, сабыр ет» дегендей, жапырақтарымен сусылдай үн қатты. Жанындағы жас талшыбық солқылдата соққан дауылға иіле берді.

Мына дауыл көкке ұшырып жіберер ме екен, қайтер екен? – деп, алып ағашқа үрейлене тіл қатты.

Иіліп тұру – жас талшыбық, сенің еншіңе тиген асыл қасиет-ау, біле білсең. Бәлкім, өзіңдей балауса шағымда иілуді білмей өссем, алып ағаш болуым, әй қайдам, екіталай шығар, – дейді алып ағаш сабырлы мінезбен ой құшағынан серпіле.

Сұрақтар:

1. Жас шыбықтың қорқынышының себебі неде?

2. Алып ағаш жас шыбыққа қандай ақыл айтты?

3. Төзімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Адамға өмірде төзімділік, табандылық не береді?

5. Қандай құндылықтар арқылы төзімділікке жетуге болады?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 – топ: «Табандылық» 5-тапсырма

2 – топ: «Қайсарлық» 6-тапсырма


  1. Топпен ән айту.

Жас дәуірдің гүліміз

Өлеңін жазған Ермек Өтетілеуов

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!


7. Үй тапсырмасы.

. №21, «Балмұздақ» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!