Материалдар / Батылдық пен табандылық 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Батылдық пен табандылық 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2022
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Адам болам десеңіз ...

Педагогтың аты – жөні

Құспанова Аңсағаным

Күні

08.02.2022 ж

Сынып: 4

Қатысушылар саны: 13

19

Сабақтың тақырыбы

Батылдық пен табандылық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Мінезді тәрбиелеу

Құндылығы

Дұрыс әрекет

Қасиеттері

Батылдық, табандылық, өжеттілік.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларды табандылықпен жұмыс жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өжеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күйге ену


5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар жайғасып отырып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, презентация, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал


  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Өрт» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Мақсұттың бұл іс-әрекетінің себебі неде?

Батылдық қандай жағдайларда көрініс береді?

Мақсұттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Өзіңнің батылдық танытқан кезің болды ма? Қалайша?


Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бала Мақсұттың бойынан ештеңеден қорықпау керектігін біледі. Мақсұттың бойынан төзімділікті, батылдықты, ержүректікті үйренеді.

Оқулық,

4-сынып

  1. Сабақтың дәйексөзі.


«Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуы тиіс» 
Бауыржан Момышұлы. 

Сұрақтар:

1. Батылдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 
2. Өжеттік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
- Бір - бірімізді қиын сәтттерде қолдай білейік.
- Деніміз сау болсын.
- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.

Оқушылар дәйексөзді қыз балалар 3 рет, ұл балалар 3 рет және хормен қайталайды. Абай Құнанбаевтың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды. және дәптерге жазады.


Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

«Бәйдібек би батыр» халық ертегісі бейнекөрсетілім

Сұрақтар:

  • Бәйдібек батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

  • Бәйдібек батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

  • Адам батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  • Өздеріңнің бойларыңда батылдық қасиеті бар деп ойлайсыңдар ма?

  • Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

Оқушылар ертігіні тыңдап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар ертегіден өзінің істеген ісіне жауапкершілік таныту керектігін, батыл әрі батыр болу керектігін түсінеді.

https://youtu.be/oqu4HbwGsLQ


  1. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды екі топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады:

1-топ:

1-тапсырма: Жұмбақты шешіп, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың батылдығы туралы парталастарымен әңгіме құрастырып жазады.

1.Мерген қыздың аты кім?

Құралайды көзге атқан,

Бір атқанда жүз атқан.

Қағып түскен бір оқпен

Жау атқышын дзоттан,

Мерген қызды айтшы, сен

Өткің келсе, сынақтан ( )

2-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, дәптерге жазыңдар.

Батылдық дегеніміз ...

Батыл іс деп ...

Батыл адамның бойында ...

Батыл болу ...

2-топ:

1-тапсырма:

Максимкасы» есіліп,

Тайраңдаған есірік,

Қырып жаудың қосынан,

Аңыз болған осы күн,

Айта қойшы, сен қане,

Батыр қыздың есімін. ( )

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова туралы постер қорғау.

2-тапсырма: «Батылдық», «батырлық» туралы мақал-мәтелдер жазу.

Оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындап,, өз жұмыстарын ортада талқылайды.

1-топ 1-тапсырмада жұмбақты шешіп,қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың батылдығы туралы парталастарымен әңгіме құрастырып жазады.

2-тапсырмада сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырып, дәптерге жазады.



2-топ 1-тапсырмада жұмбақты шешіп,қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың батылдығы туралы парталастарымен әңгіме құрастырып жазады.

2-тапсырмада «батылдық», «батырлық» туралы мақал-мәтелдер жазады.

Баяу әуен қосылады.

  1. Топпен ән айту

Мұғалім оқушылармен бірге Ж.Дәулеттің «Батырлар ұраны» әнін орындайды.

. «Батырлар ұраны»

Сөзін жазған: Б.Әлқожа, Б.Есенхан

Әнін жазған: Ж.Дәулет

1. Өзгелерден дара туған

Өр намыстан жаратылған о-о

Бабасының батырлығы

Қанмен бойға таратылған о-о

Алатаудай алашымның

Қаратаудай баласымын

Қ-сы: Қастерлі алашымның

Қорғаймын бар асылын

Намысын қолдан бермес

Қазақтың баласымын


2. Сұм білекпен, өр жүрекпен

Намыс туын желбіреткен

Белдескеннің белін үзіп

Егескенді еңіреткен

Алатаудай алашымның

Қаратаудай баласымын

Қ-сы: Қастерлі алашымның

Қорғаймын бар асылын

Намысын қолдан бермес

Қазақтың баласымын

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

https://youtu.be/KzN0TCCPE6E


  1. Үйге тапсырма

Оқулықта 87 – беттегі «Табанды бала»аңыз әңгімесін оқу және 86 – беттегі 3 – тапсырманы орындау.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Баяу композиция қойылады.

  1. Сабақтың қорытынды сәті.


Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!