Материалдар / Батыр баба Бейбарыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Батыр баба Бейбарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 25.05.2023ж.

Сыныбы: 9 В

Сабақтың мақсаты: «Батыр баба - Бейбарыс»

Мақсаты: Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру;
Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру арқылы сол елде құрметтелгенін, ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету;
Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру;


1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Биылғы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойын атап өту барысында «Батыр баба - Бейбарыс» тақырыбында өткізіліп отырған сынып сағатына қош келдіңіздер.

2 жүргізуші: Иә, Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы – крест тағушыларды талқандады. Моңғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған.

1 жүргізуші: Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген Сұлтан Бейбарыс Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз. Байбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын де зерттеуші ғалымдарымыз дәлелдерімен келтіріп кеткен.

2 жүргізуші: Олай болса бүгінгі шарамыздың шымылдығын «Қазақ биімен» ашқымыз келіп отыр. Қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші: Египетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Э. У. Лэйн: «Каир каласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек Сұлтан Бейбарыс ғұмырнамасы атты шығарманы жатқа айтады»— дейді.

2 жүргізуші: Египеттің осы заманғы тамаша ғалымы, классик жазушысы Таха Хуссейн (1889—1975) де өзінің «Аййам» деп аталатын өмірбаяндық жазбаларында бала кезінде өзінің ең көп естігені Бейбарыс батыр жайлы риуайаттар еді деп еске алады. Мұнда да бір белгілі шындық бар екені даусыз.

1 жүргізуші: Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген. Осындай қыпшақ батыры, жауынгер азаматы жайлы қиссалардың бір нұсқасын шығыстанушы В. Н. Кирпиченко араб тілінен орыс тіліне тәржімалап, 1975 жылы Мәскеуде басып шығарған.

2 жүргізуші: Иә, Бейбарыс жайлы осындай классикалық дүние өткен заман оқиғаларының сәулесін елестетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған шынайы да көркем шығарма ретінде ғасырдан ғасырға жетіп, елеулі мұра ретінде ел аузынан түспей келеді. Ендеше, сіздердің құрметтеріңізге күй: « » Орындайтын: Жанұзақ Жібек

1 жүргізуші: Туған елден жатқаныңмен тым алыс,
Өзің жәйлі тоқтамаған ой ағыс.
Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған,
Египетте сұлтан болған Бейбарыс.
Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның.
Тұмар қылып топырағын бір уыс,
Исін жұттың ел қорғаған бабаңның.

2 жүргізуші:
Даналардың данасысың ақиық,
Әр ізіңнен жыр тыңдаймын мен ұйып.
Жүргендейсің туған елде жан баба,
Ұрпағыңның тамырына қан құйып!

Өзіңе ерген қыпшақтарың болаттай,
Тұрды оны Египетке жолатпай.
Қалың бұлттай қанға құмар әскерін,
Мысын басып, илеп тастап тулақтай.

1 топ оқушылар ортаға шығып, Бейбарыс туралы деректерді жатқа айтады:

1 оқушы: Жамақұлы Бейбарыс– түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екенін анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.

2 оқушы: Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.

3 оқушы. Бертін келе Бейбарыс Египеттің тағына отырады. Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. Негізгі шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен кейін бірі алынады. Бұдан кейін Кіші армения патшалығына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.

4 оқушы: Бейбарыс сұлтан тұсында Мысырдың егін шаруашылығы мықтап дамыған. Суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген. Қыпшақ текті көптеген әскербасыларға Сирия мен Египеттен жер бөліп берілген. Бейбарыс басқарған жылдары Мысыр, сөйтіп, тез дами бастады. Сауданың өсіп-өркендеуіне Бейбарыс барынша жағдай жасауға тырысқан. Мұнда Венеция Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін.

2 жүргізуші: Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр. Осындай кемеңгер бабамыз туралы шағын көрініске кезек берейік.

Көрініс: Кетбұға мен Сұлтан Бейбарыс

(Израиль жеріндегі бір оазисте 30 қанат ақ шаңқан қазақтың киіз үйіне ұқсас жасалған Египет патшасы Бейбарыс Сұлтанның көшпелі алтын ордасы. Төрдегі алтын тақта Бейбарыс отыр)

2 жүргізуші: Терме «Қазалым», Орындайтын: Өмірзақ Аружан

1 жүргізуші: Аңыз болып әрбір басқан қадамың,
Тағылыққа найза болып қадалдың.
Кең әлемді жаулап алған Шыңғысқан,

Саған қарап ата алмады садағын !

О,Бейбарыс! Ешкім төстеп жеңбеген,
Әулиенің әулиесі сен деген.
Сан ғасырлар өтсе дағы ерлікпен,
Ұран салған жеңіс атты мінбеден!

2 жүргізуші: Құрметті Ұстаздар және оқушылар, бүгінгі Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!