Материалдар / баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кішкенекөл қазақ мектеп гимназиясы














Баяндама

«Дарынды білім алушылармен жұмыс әдістемесі:әскери- техникалық және спорт конкурстарына даярлық»















Дайындаған: Молдыбаев М.Б





Спорт - сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.

Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорттық жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.

Қазіргі таңда спорттық қозғалыс негізгі екі бағытқа бөлінеді: бұқаралық(жалпы көпшілік) спорт және жоғарынәтижелер спорты.

Бұқаралық спорт спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысуы қатынасымен сипатталады. Бұқаралық спортта спорттық нәтижелерді арттырумен қатар елеулі орын мен уақыт сауықтыру міндеттерін шешуге, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік-сауықтыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби-қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт тұрғындарды дене тәрбиесіне және салауатты өмір салтына насихаттап, тарту міндеттерін шешуде басты рөль ойнайды.

Ал, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалық ойындарда, Әлем, құрлық чемпионаттарында және ҚР біріншіліктерінде). Алайда спорттық нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.


         Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет:

1) Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету.

2) Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу.

3) Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, көп ойланып толғанбау.

4) Өз бетінше жүйке жүйесінің өзгерісін бақылауда ұстау.

Мұндай нәтижеге тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты – олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда өзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік көрсете біледі. Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы – спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан төмен дәрежеде жетілсе, оның психикалық регуляцияның жағымды әсеріне қарамастан, команда немесе спортшы жоғарғы көрсеткіш жетістіктерге жете алмайды. Мұндай жағдайда нәтижесі мүмкіндігіне тура келетін болады, демек жоғары емес.

Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.

Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.

Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.

Жарыстық-әталондық қызметі. Жеңіске спорттың негізгі спецификасын немесе жеке өзіндік жоспарда жоғары спорттық нәтижеге жету немесе жарыста орын алуға бағдарланған сайыстар барысында нақтылы адам мүмкіндіктерін жүйелі салыстыру және әділ бағалаудың максимальды мәнін айқындаумен тұжырымдалатын меншікті жарыстық қызмет құрайды.

Спорттағы есепке алынып, белгіленген рекордтар мен жетістіктер спорттық дәреже талаптарын орындау жалпы адам мүмкіндіктерін және өзіне тән көрсеткіші қызметін атқарады, және кең танылымға ие болады. Техника эталонынан (өлшемінен) айырмасы "спорттық эталон" тарихта өзгеріссіз қалмайды, спортшының өзін жетілдіруіне, күшті жұмылдыруына бағыттап, ынталандырып, барлық уақытта алға озады. Спорттың эталондық қызметі жоғары жетістіктер спортында анық көрінеді, алайда белгілі шамада бүкіл спортқа, оның ішінде арнайы ұйымдастырылған жарыстар жүйесі арқылы жалпы көпшілік бұқаралық спортқа да тән.

Спортшының жеке дарындылығы. Осы заманғы ғылым адамның таланттылығын, дарындылығын және қабілеттілігін айқындайды. Кез келген спорт түрімен шұғылдану адамнан бір немесе бірнеше қызмет түрлерін табысты орындау жағдайы болып табылатын жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерінен көрінетін белгілі бір қабілетті көрсетуді талап етеді. Қабілеттіліктің білімге, біліктілікке және дағдыларға байланысты емес екенін, яғни ол шапшаңдықта, белгілі бір қызмет түрінің әдістері мен тәсілдерін меңгерудің тереңдігі мен беріктігінде көрінетінін атап өткен жөн. Қабілеттіліктің табиғи себепші болатын компоненті дарындылық болып табылады. Ол адамға өзіне сәйкес келетін қызметін табысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Спортқа байланысты анықталған жарыстық қызметті іске асыруға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның дене және психикалық сапалары мен қасиеттерін айтуға болады. Дарындылық біртіндеп спорт мектебінде шұғылданушының бір топтан екінші топқа, бір құрама командадан екіншісіне, яғни жоғарырақ сатыдағысына ауысуы кезінде басты өлшем критериі болады. Спорт түріндегі белгілі бір қабілеттің даму негізінде туа бітті табиғи анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері болып түсіндірілетін белгілі бір келешектігі жатыр. Алайда адамның әртүрлі қабілеттілігінің жоғары деңгейі оның қызмет түрін үйлесімді құру процесіндегі даму нәтижесі, ал спортта дайындау жүйесі болып табылады. Өзінен өзі адамның талаптылығы, оның қабілеттілігін дамытуға тек қана жәрдемдесуі мүмкін. Бұл үшін бағытты тәрбиелеу, дамыту және оқытып үйрету қажет. Осы бейнеде, адамның талаптануы дарындылығымен үйлесімділікте, ұтымды педагогикалық әсер ету жолымен, ал жекелеген жағдайларда бұрынғы өткен буынның жинақталған тәжірибесін пайдалану арқылы белгілі деңгейде қабілеттілікті дамытуға болады.

Спорттық қабілеттілікті бағалау кезінде жаттықтырушы үш шешімді сәттермен тоқайласады:

- белгілі бір спорт түріндегі қабілет құрамымен;

- әрбір адамның бұл қабілеттілігін өзінің одан әрі жетілдіру ерекшеліктерінің барысын болжалдау мақсатында әділ және барынша ерте бағалауымен;

- егер бұл қабілеттер әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған болса немесе олардың төменгі деңгейін немен орнын толтыруға, қандай жолмен қалыптастыруға болатынын білуімен.

Спорттық жетістікке дайындық дәрежесі. Жоғары нәтижелер жетістігін анықтайтын, спортшының мақсатты бағыттағы дайындығының шешуші маңызы бар. Жаттықтырушы спортшының табиғи талантына бағытты әсер ету жолымен оның таңдап алған спорт түрінде алға басушылығын қамтамасыз ететін қажетті қабілеттілігін дамытуға қол жеткізеді. Сонымен бірге басты және аралық (кезеңдік) мақсатқа жету және жаттығуға мақсатты ұмтылыспен спортшының өз еңбегін жоғары дәрежеде ақтауы басты шарт болып табылады. Мұнда спортшының өзін-өзі жетілдіруі үшін жұмсалған күш салуы міндетті шарттардың бірі болып саналады. Дарынды спортшылардың бірде бірі табанды еңбексіз жоғары нәтижелерге жете алмайды. Осыған байланысты спорттық жетістік – бұл спортшының өзін-өзі жетілдіруге жұмсаған пайдалы күш салу көрсеткішінің мөлшері, осы жолдағы оның жетістіктерінің көрсеткіші. (Матвеев Л.П. 1977).

Қазіргі таңда спортшыларды дайындау процесіндегі жаттығу жүктемелері мен оған жалпы жұмсалған уақыт айтарлықтай жоғары мөлшерге жетеді. Әртүрлі спорт түрлеріндегі жаттығуға және жарысқа жұмсалатын уақыттың жалпы көлемі жылына 800 ден 1500 сағатқа дейін ауытқитынын айтудың өзі жеткілікті. Нақтылы спорт пәндерінде күніне үш және төрт реттік жаттығу сабақтарын өткізу қолданылуда.

Осылардың барлығы спортшының тұлғалық, психикалық сапалары мен қасиеттеріне жоғары талап қояды. Тек жоғары ұстамы бар, қажырлы спортшы ғана өзіне жоғары талап қою және еңбекті ақтау үшін мұндай жүктемеге шыдауы мүмкін.

Осындай бейнеде, спортшының дайындалғандық дәрежесі оның тиімді жаттығу және жарыстық жүйені тиімді пайдалануына, сонымен бірге спорттық жетістіктердің алға басушылығын қамтамасыз ететін, осы қызметтің мақсатын қалыптастыратын қоғамдық және жеке қызметтері мен мотивтерінің маңыздылығын сезінуіне байланысты.

Спортшының дайындық жүйесінің тиімділігі келесі қозғаушы күштермен анықталады: осы заманғы жаттығу әдістемесімен; жарыстың үйлесімді жүйесімен; озық әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен; материалдық және техникалық қамтамасыздандырумен; спортшыларды, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді және т.б. ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыз етумен.

Бұл топтардың ішінде бірінші орынды спорттық дайындық жүйсінің ғылыми-әдістемелік негіздері алады. Осы заманғы ғылыми мәліметтердің негізінде спорттық жаттығу жүйесінің құрылымында өзінің орынын тапқан жете өңделген әдістемелік зерттеу жұмыстары мен спорттық жатттығудың құрылымында орнын тауып пайдаланғанда ғана спортшыны дайындаудың тиімділігі туралы сөз қозғауға болады.

Жаттығу процесінде спортшылардың жоғары жаттығу және жарыстық жүктемеден кейінгі қалпына келтіру құралдары мен әдістері, сол сияқты олардың спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыру жолдары елеулі рөл ойнайды.

Спортшыны дайындау жүйесінің тиімділігіне жоғары сапалы спорт құрал-жабдықтары, спорт қондырғылары, киім, аяқ киім, қорғағыш құралдарды әртүрлі конструкциядағы және бағыттағы тренажерларды (механикалық, электромеханикалық, электрондық) дайындау және қолдану маңызды әсер етеді.

Спортшыларды дайындау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіндегі маңызды кезең, олардың әдістік және тәсілдік дайындығын жетілдіру болып табылады. Көптеген спорт түрлерінде әдістік және тәсілдік дайындық барлық жүйенің жетістігін анықтайтын басымырақ шеберлік жағы болып табылады. Жаңа элементтермен айлалы әрекеттерді (комбинацияларды) әдістік тәсілдерді уақытында үйлестіруден соңғы нәтижеде спорттық жетістіктер деңгейі тәуелді.

 

Спорттық қозғалыстың даму бағыты. Қазіргі заманғы спорт спорттық жетістіктердің тұрақты өсуімен сипатталады. Сонымен бірге, әрбір жеке спорт түрінде немесе жеке пәнде олардың бүкіл даму тарихында бірқалыпты емес жетістіктер динамикасы байқалады. Бір кезеңдерінде оның нәтижесі тез өседі, ал басқаларында – бір қалыпты, үшіншілерінде – біртіндеп және үздіксіз өсумен жүреді. Бұл қозғаушы күштердің мына бүтіндей қатарымен байланысты: жаңа жаттығу құралдары мен әдістерін ендіру; жарыстық жүйелерді экономикалық ынталандыру; спорттық құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, киімдерді, аяқ киімдерін жетілдіру; спортшының жұмыс қабілеттілігін арттырудың жаңа әдістерін қолдану (психологиялық және физиологиялық бағыттағы).

Бұл қисық сызық үш фазадан тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады және белгілі дәрежеде спортшының жеке шеберлігінің өсуін және спорт түрінің қалыптасу тарихын көрсетеді. Бұл фазалардың созылу ұзақтығы әртүрлі спорттық пәнде әртүрлі болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!