Материалдар / Баяндама: 9-сынып оқушыларының оқылым дағдыларын дамыту

Баяндама: 9-сынып оқушыларының оқылым дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорытынды аттестаттауға дайындық тәжірибесімен бөлісу. Бұл материалда оқылым дағдыларын дамыту жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі » КММ







9 сынып оқушыларының оқылым дағдыларын
дамыту жолдары










Пән мұғалімі Жакиянова Жанна Мадениетовна

























Ғалым Ф. Оразбаева оқылымның маңызын төмендегідей жіктейді

1) Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.

2) Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, ішкі ой-санасын дамытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.

3) Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйренуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды

Сонымен қатар, оқылым әрекеті оқушылардың бойында тілдік біліктілікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды басшылыққа алып, мәтінді меңгерту үшін түрлі тілдік жаттығулар орындату – оқылым әрекетіндегі басты тәсілдердің бірі.

Оқылым әрекетін басқа әрекеттерден бөліп қарастыруға болмайды. Оқылым – тыңдалым, оқылым – сөйлесім, оқылым – жазылым әрекеттерінің тығыз байланыста болуы ғана ұстаздың күткен оң нәтижесін береді

Бағалау міндеттері:

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы: оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас мәтіндердің мазмұнын түсінуі;

сөздердің айқын және астарлы мағынасын, мәнін түсінуі;

өзектілігін анықтай отырып, дереккөздерден қажетті ақпаратты алуы;

белгіленген оқу стратегияларын пайдалануы тиіс.

 

Тілдік құзырлық
Білім алушы:
• орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтауы тиіс.

«Отбасылық құндылықтар»

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз

  1. Жұмыссыз –

  2. Мықты-

  3. Қағидаларының-

  4. Қарсы тұрады-

  5. Шыдамдылық-

Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.

Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Өзара құрмет, мейірімде өскен бала жақсылыққа бейім болады.

Бала________________________________________

Көптеген халықтың өсіп-дамуына, қиын кезеңдерде жойылып кептеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі-дәстүрлі отбасылық құрылым.

Маңызды фактор ________________________________

  1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

  2. -Қандай отбасы қиындыққа төтеп береді?

  3. -Адамды адам ететін не?

«Отбасы күні» тақырыбы бойынша 100 беттегі мәтін бойынша төменгі жұмыстар жүргізіледі

«Отбасы күні» тақырыбы бойынша 100 беттегі мәтін бойынша төменгі жұмыстар жүргізіледі

    1. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Мейрамдар-

Бірінші-

Бекіту-

Негізі-

Азаюда-

2)Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.

Отбасы адамға бақыт, толыққанды тыныс-тіршілік әкеледі.

Бақыт______________________________________

Соңғы кездері қоғам рухани құндылықтардан алыстап барады.

Қоғам ___________________________________

Отбасының бұзылуына есірткі тәуелділігі, маскүнемдік, құмар ойындары да кері әсер етуде.

Маскүнемдік __________________________________

3) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

-Адамдар отбасын қандай мақсатпен құрады?

-Рухани құндылықтардан алыстау қандай кері әсерін тигізеді

Тарихы тамырлас елдер» тақырыбы бойынша төменгі тапсырмалар әзірленді

  1. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Халық -

Азайды -

Құрметті -

Келешегін-

Көшіп кетті-

) Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.

КСРО тараған соң барлық республиканың әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты бала туу көрсеткіші азайып кетті.

Бала туу _____________________________________

Бала туу көрсеткіші халықтың өсімін айқындауда негізгі фактор саналады.

Негізгі фактор______________________________________


Осы модульдің келесі тақырыбы «Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері» атты сабағы бойынша «Онлайн-мектеп платформасында» жақсы сабақтар әзірленген.Осы сабақтарды орындау барысында оқушылар сөздік қорын молайтады, мәтіннің мазмұнын,мәнін түсініп, өзектілігін анықтайды

Айталық, сөздерді синонимдермен сәйкестендір:

Ызалы ызақор,булықпа

Долы уы бар, уы күшті

Улы тұщы емес, тұзды

Ащы ашулы,зәрлі,қаһарлы

Тапсырма соңында «Түсіндіру» және «Білгенің жөн» айдарлары

оқушылардың өз бетімен білімдерін шыңдауға мүмкіндік береді.Өлеңнің әр шумағын тыңдап, негізгі идеясы мен тақырыпты анықтау-бұл жұмыстар да қорытынды аттестаттауға сапалы дайындалуға өз әсерін тигізеді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ