Қазақ тілі сабағында
оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш
нәрсе
үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы
үшін
жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты өзінің кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға
жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі
жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып
өтті.
Сондықтанда, қазіргі заманғы
мектептеріндегі ең маңызды міндеттерінің бірі - функционалды
сауатты адамдарды қалыптастыру. "Функционалды сауаттылық" дегеніміз
не? Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы
ортамен қарым-қатынасқа түсе алуы және сол ортаға барынша тез
бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени
ортада өмір сүруі үшін оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан
құралады.
Функционалдық сауаттылығын
негіздері бастауыш мектепте қаланып, сөйлеу әрекетінің барлық
түрлері оқыту –жазылым мен оқылым, айтылым мен тыңдалым қарқынды
жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мектептерде оқылым мен жазылым
дағдыларын үйретуде тек академиялық мақсаттарға ғана шектеліп
қоймай, оның күнделікті өмірі мен еңбек қызметіне байланысты
функционалдық мақсаттарды қамтуы тиіс. Жаңа мемлекеттік бағдарлама
мұғалімді оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
бағыттайды.
Қазақ тілін оқытуда мағынаны
тануға баса назар аударылады, коммуникативтік тәсіл жандандырылып
және мәдени орта ерекшеліктері ескеріледі.
Оқу бағдарламасында "Тіл және
әдебиет" бөлімінде оқытудың әртүрлі сатыларында өмірлік маңызды
міндеттерді шешетін дағдылар мен іскерліктер қайталанып
отырады:
-
түсініп оқу, тыңдау арқылы қабылдау, сондай-ақ түрлі
типтегі мәтіндерді құрастыру (ақпараттық, әдеби
мәтіндер);
-
әртүрлі ақпараттық көздерден қажетті ақпаратты ала білу
;
-
БАҚ және Интернеттен ақпаратты табу және оларды сыни
тұрғыдан бағалау
-
ақпараттық көздерін пайдалана білуі және оларға сілтеме
жасау;
-
кестелерді, диаграммаларды, схемаларды, шартты белгілерді
оқи білу және олардың өз мәтіндерін дайындау кезінде қолдана
білу;
-
мәтінмен жұмыс кезінде әр түрлі стратегияларды
қолдану.
Мәтінмен жұмыс істеудегі
өнімді тәсілдер:
Қазір кезде мәтінмен жұмыс
істеуге арналған көптеген тиімді әдіс -тәсілдері бар. Мысалы,
оқушылар мұғалімнің басшылығымен білік дағдыларын қалыптастыруда
өздері сабақта мақсат қоюға машықтанады. Содан кейін олардың уәжін
тудыру үшін мақсат қою мен
алгоритмімен танысады.Бұдан әрі оқушылар алған
білімдерін пән сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында өз
тәжірибесін негізге ала отырып, өз іс-әрекеттерін нақтылауға және
түзетуге, өзін-өзі бақылауға қолданады.
Міне, осы жерде оқушылардың
функционалдық сауаттылығы қалыптасады, талап етілетін білім
бекітіледі, пысықталады, осыдан кейін мұғалім
баланың білімінің өсу деңгейін
бақылайды.
Мысалы, тақырыпқа сәйкес
диалог құрастыру , сұхбаттасының сөзін тыңдап және жағдаятқа сәйкес
пікірлесуді біз жұмыс тәжірибемізге 2 сыныпта енгізе
бастаймыз.Жоғары ұсынылған әдіс неғұрлым қызықты болады, себебі
түрлі қарым-қатынасқа түсу қабілеті қалыптасып, тілдесім нормалары
мен ережелеріне сәйкес әрі қарай өрбітеді.
Мұндай әдіс өз ойларын,
пікірін, көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік
береді.
Сабақта мен сондай-ақ постер
жасау, оқиғаны өздігінен әңгімелеу ,
оған қатысты қорытынды жасау
әдісін қолданамын. Өйткені жеке күйзелістерінің әсерінен туған
ыңғайсыздық , сенімсіздік сезімдерін жеңуге көмектеседі. Жеке
жұмыстарында "Ассоциограмма ", «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Төрт
сөйлем», « Оқиға қартасы», «Класстер» «Қойылым» т.б әдістерді
қолдану оқушылардың түсінуіге, жүйелеуге, сыни тұрғыдан бағалауға,
ақпаратты талдауға, міндеттерді шешуге, қорытындылауға, дәйектеуге,
интерпретациялауға үйретеді .
Біз өз сабақтарымызда
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай
тапсырмаларды жүйелі түрде қолданып
жүрміз:
-
Сұрақ-жауап
- Өз ойын айту
-
Тілдесу
- Әңгімелесу
- Жағдаяттық диалог
Қазақ
тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, осыған байланысты
біз оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамыз:
1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу
2.
Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін
таратылады , бірақ ол мәтінде әртүрлі қателер болады. Оқушылар сол
мәтіннен қателерді табу керек,мәтіндегі оқиғаның жүйесін сақтап
,мазмұндайды. ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардың қаншалықты
мәтінді мұхият оқиды екенін байқаймыз) .
3. Мәтінге сүйеніп постер немесе класстер жасайды. Біз оқушыларға
постер мен классттердің бірнеше түрлерін жасауды үйреттік. (сурет
салу ,суреттер жапсыру,аппликация жасау, кесте, сызбалар, ағаш
т.б.) Оқушылар осы дайындаған постер мен класстерлерді қорғау үшін
жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты
түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз) .
Сондай –ақ қазақ тілі сабақтарында ActivStudio мүмкіндіктерін
қолдану өте тиімді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы
оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін
«сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Оқушылардың білімін көтеруде
Power Point бағдарламасын және электрондық оқулықтарды қолданамыз.
Мәтінді оқығаннан кейін сөйлемдер құрастырып, өздерін, бір-бірін
тексере алады. Мәтінді қаншалықты мұхият оқығандарын тексеру үшін
мынадай «дұрыс-бұрыс», «артықты тап» деген тапсырмалар беруге
болады.
Төменде
орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі 2 сыныпқа арналған
мәтіні берілген.
1.Тапсырма.
Мәтінді оқыңыз
және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Бір күні жылы қорада
тұрған үй жануарлары дауласып қалыпты.
-
Адамға ең пайдалы
жануар – менмін! – депті жылқы. – Мен адамға
ет,
қымыз
беремін. Адамдар мені көлік ретінде пайдаланады.
-
Жоқ, адамға ең
пайдалысы менмін – депті
қой.
- Адам
менің сүтімнен кұрт,
май дайындайды.
Жүнімнен киім тігеді.
Сол кезде түйе
тұрып:- Адам менің сүтімнен шұбат
дайындайды. Мен ең шыдамды және пайдалы жануармын,
-
депті.
Дауға басқа
жануарлар да араласыпты.
1. Мәтін
не туралы?
А)
жануарлардың достығы туралы
В)
жануарлардың дауласуы туралы
С)
жануарлардың қоректенуі туралы
Д)
жануарлардың төлдері туралы
2. Мәтін
бойынша дұрыс/бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз. Сөйлемнің тұсына "+»
немесе « - » таңбаларының тиістісін қойыңыз.
Адам қойды көлік ретінде
пайдаланады.
|
|
Түйенің сүтінен шұбат
жасалады.
|
|
Жылқы адамға ет, қымыз
береді.
|
|
3. Мәтін
бойынша берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
Дауға
қандай жануарлар қатысты ?
_________________________________________________________
Қой
адамға өз пайдасы туралы не деді?
_________________________________________________________
4. Мәтіннің бірінші, үшінші
сөйлемі бойынша сұрақтар құрастырыңдар
Бағалау критерийлері: 1.мәтіннің тақырыбын анықтайды
2.мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс сөйлемдерді
анықтайды.
3.мәтіннің мазмұнына қатысты бұрыс сөйлемді
анықтайды.
4.мәтінге
қатысты сұраққа жауап жазады .
2.Тапсырма 4 сынып оқушыларына
:Кубизм әдісін пайдаланып,
«Жағажайда демалдық» тақырыбы бойынша жұмыс
істеңдер
(6 топқа
бөлініңдер, кубиктің әр қырына тапсырмалар жазылған – ассоциация,
суретте, талда, дәлелде, ұсыныс, салыстыр, кубикті лақтырыңдар
немесе өздерің таңдап алу арқылы тапсырмаларды
орындаңдар).
1.
Ассоциация. «Жағажай » дегенде көз алдыңа не
елестейді?
2.
Суреттеу. Жағажайды суретте.
3.
Талдау. Жағажайдың ерекшеліктерін талда.
4.
Дәлелдеу. Жағажайдың адам денсаулығына пайдасын
дәлелде.
5.
Ұсыныс. Жағажайда демалуды кімге ұсынар едің? Неге
?
6.
Салыстыру. Жағажай мен қаланы немесе ауылды
салыстыр.
Бағалау критерийлері :
Тапсырма
толық орындалса – 2ұпай
Толық
орындалмаса – 1 ұпай
Тапсырма
орындалмаса – ұпай қойылмайды.
Сонымен,
жоғарыда көрсетілген тапсырамаларды орындауда оқушылардың білім
жетістіктерін анықтауға, белсенді оқыту жолдарын ұйымдастыруға,
белсенді стратегияларды қолдануға, жағымды орта құруға мүмкіндік
туғызады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
Қаулысы).
-
ҚР білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.-Астана, 2010.
-
Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы,
2012.