Материалдар / Баяндама " Мамандық таңдау бағытында бағдар беру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама " Мамандық таңдау бағытында бағдар беру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндаманы жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына бағыт беру мақсатында ұстаздар, психологтар пайдалануына, өз тәжірибесіне енгізуіне болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2022
1304
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандық таңдау бағытында бағдар беру »

Теректі ауданы Подстепный ЖОББМ

педагог- психологы С.С.Сагингалиева

Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. .Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді.Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Практика барысында 9 шы 11 ші сынып оқушыларына Л.Йовяйшидің «Белігілі бір мамандыққа бейімділігін анықтау» әдістемесін және Е.А.Климовтың «Жеке тұлғаның кәсіби бағдарын анықтау» бейімділігін анықтау т.б сауалнамалар жүргізіледі. Не қалайтынын білмей жүрген оқушыларға мынадай жұмыс жүргізілді оқушыға 4 бөлікке бөлінген ақ бет қағаз берілді бірінші бөлікте «Қалаймын бірақ жасамаймын» екінші бөлікте «Қалаймын әрі жасаймын» үшінші бөлікте «Қаламаймын бірақ жасаймын» төртінші бөлікте «Қаламаймын жасамаймын» деп жазылған. Оқушылар әр бөлікті толтырады.Бірінші бөлімге қатты қалап бірақ жасамай жүрген әрекетті жазады. Шынайы қалау үлкен жетістіктерге жеткізеді. Мысалы:спортсмен болғыңыз келсе соны қаласаңыз үлкен потенциал,үлкен мүмкіндік жатыр.Дәл қазір уақыт қойып бастап кету қажет және әр жасаған әрекетті белгілеп отыру керек.Бұл әрекеттер сізге қуаныш сыйлай отырып күш-қуат жаңа мүмкіндік береді.Екінші бөлімге жазған іс-әрекеттерді көбейту керек,дамыту керек.Мысалы:ағылшын тілі пәнін ұнатсаңыз дамыту қажет.Ол сізге қуаныш,күш-қуат,ұнататын мамандық сыйлайды.Үшінші бөліктегі әрекетіңіз қаламайтын болсаңызда жасасаңыз ол әрекеттің пайдасы жайлы ойлаңыз.Мысалы:Тарих оқу маған ұнамайды оқығыңыз келмейді ол кезде тарихқа жақсы дайындалу арқылы мен оқуға түсемін,шәкіртақы аламын деген сияқты сізге пайдалы жағын ойлаңыз.Төртінші бөліктегі әрекеттер жайлы ойламаңыз,қажет емес белгісімен белгілеп қойыңыз.Миыңызда міндеттер болмайды.Нақты қалап жасайтын іс-әрекетті біліп алсаңыз қандай бағытқа баратыныңызды анықтай отырып мақсат қоясыз. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек.

Мамандық туралы айтқан бейне үзінділер,тренингтер,іздену-оқыту сағаттары,сұхбат кештері жасөспірімдерге мамандық таңдауда көп көмегін тигізеді.

Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:
– Беделді кәсіптердің жетегінде кету;
– Ата-анасы үшін мамандық таңдау;
– Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;
– Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;
– Басқалар не таңдаса, соны таңдау;
– Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;
– «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.

Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?
1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?
2.Өзіңізді толық зерттеңіз.
3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.
4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.
5. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
6. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?
7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.

Мамандық таңдауға байланысты психологиялық кеңес.

Алдымен өз қызығушы­лығы­ңызға назар аударыңыз. Немен ай­на­лысқанды қалар едіңіз? Мек­тепте қандай пәндер ұнайды? Бос уа­қы­тыңызда немен айналысқан­ды жақ­сы көресіз?

Маған не ұнайды? Мен нені қалаймын?(Жүрегің нені қалайды) Мамандығына қажетті қандай пән соны таңдау керек.Физика таңдағанда:ақпараттық,физ-мат,транспорт ,тау-кен,металургия,теңіз техника-технологя,ғарыш техника-технология .....

Неге қызығасың немесе неге икемділігің (қабілет) бар соны білген жөн.Егер қабілетіңізді анықтай алмасаңыз сүйікті ісіңіз қандай өз-өзіңізге анализ жасаңыз. Қай жұмысты жасағанда шынайы ләззат аласыз ,барлық қарым-қабілетті тізіп жазып соның ішіндегі жаныңызға жақынды өзіңіз таңдап сол мамандықты оқу ретінде жалғастырыңыз,дамытыңыз.

Грант бар ма емес ең маңыздысы жұмыс таба алам ба?

Мамандықты туралы іздену керек.

Бұл жұмыс маған не береді Жоғары жалақыға бола мамандық таңдағаннан көрі адамға даму жаңашылдыққа ұмтылу тән.

Мамандық таңдап,оқу орнын таңдау керек басты құндылығы оқытушылық құрамы мамандарды қалай дайындап шығатынына және кәсіби шеберлігіне аса мән берген жөн.

Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек. Болашақ маман­дығыңыз туралы мәлімет жи­нақ­тауға тырысыңыз. Таңдаған маман­дығыңыздың иелерін жұмыс үстінде көріп, мәселен, зауыттар мен түрлі кәсіпорындардағы техникалық мамандықтар жайлы әуел бастан таныса берген жөн.

Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет.Көп нәрсе адамның бейімділігіне байланысты.

«Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орындарыңызды табыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!