Материалдар / Баяндама : Оқушыларға оқытудың техникалық құралдары арқылы сапалы білім беру

Баяндама : Оқушыларға оқытудың техникалық құралдары арқылы сапалы білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2021
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ф-БЕ-10/10


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


ЖОЛ- КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ



Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндері циклдік комиссиясы











ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА




Тақырыбы: Оқушыларға оқытудың техникалық құралдары

арқылы сапалы білім беру








Орындаған: Дүйсенова А.













Шымкент 2021ж.



Мазмұны:



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

А) Білім беру сапасы – жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы, даму      болашағының қажеттілігі .

Б) Оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір      талабы

В) Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – оқытушылар мен оқушыларға      өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеу.

Г) Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдануда ұстанатын      қағидалар

Д) Оқыту құралдары жүйесін қолданудағы принциптер



ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
























Shape1 Кіріспе

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, колледждегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік – компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.

Оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді

Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра түспек.

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

  1. мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

  2. мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

  3. мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.

  4. мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.

  5. мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.

  6. балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.

  7. сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.

  8. әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Оқыту құралдары. Оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык кұралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны , жиһаз, бұйымдар т.б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т.б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.

Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет:
1. Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т.с.с
2. Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек.
3. Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.
4. Оқыту құралдары нақты оқыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Көрнекілік кұралдары төмендегі функцияларды орындауы қажет:
— мектепте көрсету мүмкін емес құбылыстар, үдерістермен таныстыру;
— заттың қазіргі түрін және өткен тарихи дамуын бейнелеп көрсету;
— кұбылыстар мен үдерістер сипаттамаларындағы өзгерістерді көрнекі түрде көрсету;
— бұйымды қолдану, дайындау немесе жобалау кезеңдерін көрсету;
— нәрсенің кұрылысын және жұмыс істеу принциптерін, оларды басқаруды, техникалык кауіпсіздігін көрнекі түрде көрсету;
— ғылым тарихы мен оның даму болашағымен таныстыру. Көрнекілік кұралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемдік кұралдар
(модельдер, коллекциялар, аспаптар, аппараттар т.б.); 2) баспа құралдары (картиналар, плакаттар, портреттер, графиктер, кестелер және т.б.); 3) проекциялық материалдар: кинофильмдер, видеофильмдер, слайдылар және т.б.

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.

 Оқыту құралдарының дидактикалық мұмкіндіктері

 Оқу кұралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының тұріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.

Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мұмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында тұрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде  қарастырылатын  дидактикалық  мұмкіндіктер  дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады.  «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстұрге айналған.

Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:

-   оқушылар   қабылдаған   хабарларды   ұғынып   тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;

-  хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады,  яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;

- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;

-   бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;

-  интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда біз жалпы дидактикалық тұрғыдан оқу құралдарының қалай жіктелетіндігін атап өттік. Ал сол белгілердің ішіндегі ең мәндісі - бізді қоршаған ортаның заттарын бейнелеу тәсілі арқылы ғана олардың жалпы дидактикалық функцияларын белгілі бір дәрежеде көрсетіп бере алған сияқтымыз. Ендігі жерде өзіміз атап өткен оқу құралдарының топтарына сипаттамалар беріп көрелік.

Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.

Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің әр тұрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.

Дәл осы мақсатқа сай оқылатын ұғымдардың мазмұнын ашып-көрсетуге қажетті өзіндік белгілері айқындалған объектілер таңдап алынады. Табиғи объектілердің көрнекілігін одан әрі күшейте түсу мақсатында кодтың әр тұрлі әдістері қолданылады. Атап айтқанда: түспен, сандармен, әріптермен белгілеу (кодтау).            Оқу процесінде табиғи объектілерді қолдануда олармен жұмыс істеудің ең басты әдісі - бақылау мен тәжірибе (эксперимент) болып табылады.

Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезектегі табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол — құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген бөлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапқаларына, сыртқы жақтарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы терезелер ойылады, ішкі қуыстарына жарық  тұсіріледі,  белгі беретін шамдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.

Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер - табиғи объектілерді жасанды түрде қабылдап және оның құрылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере алатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (ұлкен және кіші әлем) да жол беріліп отырады: оның көлемін ұлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың тұстерінің шартты тұрде алынуы және т.б.

Ұлгілердің ең типтісі және көп таралғаны материалдык, (заттық) үлгілер болып есептелінеді. Олар көлемдік және жазықтық болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы аралық жағдайды рельефтік кестелер алады.

Көлемдік ұлгілер жиналатын (кескіш, жонғыш, атомдардың өзекті жиынтығы, (түтік) муфта), статикалық (таңба салатын құралдар комплектісі) және динамикалық (су тартатын аспап (насос), іштен жанатын двигательдің ұлгісі) болып бірнеше түрге бөлінеді.

Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.

Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.

Іріктелуіне қарай кестелерді жекелеген және сериялық деп екіге бөлеміз.             Кестелердің ең соңғы түрінде жекелеген тақырыптар бойынша жасалған кестелер сериясын, анықтамалық және нұсқаулық кестелерді жатқызуға болады.

Соңғы кездерде тұрлі пәндердің оқу тәжірибесінде электрлендірілген кестелер (стендтер) барған сайын жиі қолданылуда. Оларға, ең бірінші кезекте анықтамалық және нұсқаулық кестелер (әсіресе, техника қауіпсіздігі бойынша) жатқызылады.

Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған тұрі - плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықтарға оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз болмайды.  Ал мұндай оқу плакаттарының мазмұнын жасау мен оларды дайындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады: плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, ал мазмұны мұмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оқу бөлмесінің кез келген жерінен көре алатындай үлкен болуы керек;

бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де болады.           Оку құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары.

Оқу кестелерінен кейінгі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын оқу құралдарының бірі - экрандық және экрандық-дыбыстық құралдардың әр түрлері болып есептелінеді

Оқудың экрандық және экрандық-дыбыстық жұйесін қалыптаскан дәстүр бойынша оқу пәндері мен пәнаралық курстар шеңберінде жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіндік ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туындайтын аудиовизуальдық көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жұйесін айкындап береді.

Оку кинолары кейінгі кезге дейін оқудың ең көрнекілік әдісі ретінде саналып келді. Өйткені оку киносының дидактикалык мұмкіндіктері өте бай болып келеді. Солардың ішіндегі ең басты-лары: хабарлар легінің көптігі. Бұл тәсілдің арқасында ауызшадан гөрі хабарларды әлдеқайда көбірек алуға мүмкіндік туады.          Соңғы жылдары оку кинофильмдері шығарылмайтын болды да, оның орнын оқудың видео жазбалары баса бастады.

Оқудың видео жазбаларының кино, радио, телевидение, диафильмдер, диапозитивтер сияқгы жекелеген экрандық-дыбыстық оқу кұралдарына тән болып келетін хабарлардың барлығын да біріктіре алатындай мүмкіндігі бар.

Бір артыкшылығы, видео жазбаларды қажет болған жағдайларда бірнеше рет кайталауға, тіпті бейнелерді экран бетінде көрсетуге де болады (стоп-кадр), көрсету барысында кадр мен оның жекелеген жактарының көлемін өзгертіп отыруға да мүмкіндік туады және видео жазбалар уақытында түрлі түсті «көрсеткіштер» қолданылып, нәтижесінде экрандағы кадрлар-да қажетті жазбалар пайда болады.

Видео жазбалар окытушылар мен оқушылардың оқу процесіне қажетті маңызды материалдарымен қатар білім берудің мазмұндық-хабарламалық, уақытша параметрлері мен ұйымдастырушылық және әдістемелік тәсілдерін де тан-дап алуларына жол ашып береді. Видео камералардың табиғи көріністерді тұсіру мұмкіндіктері өте мол болып келеді. Оларға жататындар: жергілікті объектілер, ғалымдар мен атақты адамдардың видео әңгімелері, білікті мамандардың еңбек ету барысында алдыңғы қатарлы жұмыс тәсілдері мен әдістерін қолдануы; эксперименттік сабақгар өткізу барысынан алынған видео материалдар; окушылардың жауаптары, пікірталаста-ры, видео баяндамалар





Қорытынды

      Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

  Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері: 
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 
2. Ақпараттық мәдениет орталығы. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп: 
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді. 
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды. 
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. 
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. 

      Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.



 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология, – Алматы, «Білім» 1996 ж.

  2. Аймауытұлы Ж. Психология. –Алматы, «Рауан» 1995ж.

  3. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

  4. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка. Вопросы психологии, 1966, №6.

  5. Дарындылықтың психологиялық диагностикасы. – Астана «Дарын», 2007.

  6. Елікбаев Н. Ұлттық психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1992ж.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ