Материалдар / Баяндама " Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын сыни ойлау технологиясы, оның ерекшелігі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама " Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын сыни ойлау технологиясы, оның ерекшелігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама " Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын сыни ойлау технологиясы, оның ерекшелігі"
Авторы:
28 Сәуір 2024
52
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» десек, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.



Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын

сыни ойлау технологиясы, оның ерекшелігі

«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in»

енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық,

өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым  деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.


Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқшыларда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең төменіде,тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да , қанша сүйресең алға баспайтыны да болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс. Өз оқушыларыма зерттеу жүргізгенде 8-9 сынып оқушыларында нақты білім бар екендігі, бірақ олар өз ойларын жеткізуге қиналатыны байқалады. Сондықтан оқушылардың ойын дамыту жұмыстарына көп көңіл бөліну керектігі көрінді. Осы жағдайда тиімді технологиялардың бірі- «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.

Бұл технологияның мақсаты сынауға емес шыңдалған ойлауға үйрету. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Бұл жаңа технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілетін, терең ойлау білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:
Бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.

Үйрену процесінде бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысында тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде қызмет ететін «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы да басқа әдістерді пайдалануға болады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты: үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйренуші енжарлықтан гөрі белсенділікті талап етенін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысалы: 6-сынып әдебиет пәнінен А.Байтұрсыновтың Крыловтан аударған аудармасы «Аққу,шортан, һәм шаян» мысалын өткенде қызығушылықты ояту сатысында «аққу,шортан,шаян туралы не білесіңдер?»деп сұралып, оқушылар пікірлері тыңдалады. Аққу киелі құс,шаян бұл жәндік, шортан балыққа жатады деген сияқты ойларын жұпта талқылап, жаңа білім арқылы ақпарат жинайды.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл оқудың екінші кезеңі «мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқу стратегияларының бірі-INSERT.Ол бойынша оқу тақырыбымен танысу барысында
«Ү»-білемін
«-»-білмеймін
«+»-мен үшін жаңа ақпарат
«?»-мені таңқалдырды - деген белгілерді қойып оқып отыру тапсырылады. Бұл әдіс оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудыңбірден-біркепілі.
Тақырып бойынша «ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушылардың ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты кезеңдерге уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді-маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді етуге бағытталған «бес жолды өлең», «венн көрсетуі», «еркін жазу», «екі түрлі түсініктеме күнделігі», «ойлану стратегиясы» т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақ ерекшелігіне, ауыр-жеңіліне қарай қолданылады.
«Ой толғаныс» сатысында «екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісін қолдануға болады. Оқушылар дәптерлерінің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.Мәтіндіоқубарысында олар:Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып болған соң,жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға әзірлеп келген сұрақтарын қойып жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықтап қойылғаныдұрыс.Мысалы:
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай ақ әдіс тиімділігі сабақтан тысқары қатыспай қалатын оқушы болмайды. Оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын пікірін білдіру арқылы оқушының ойы, тілі дамиды.
Үшінші кезеңде қолдануға болатын тағы бір әдіс «еркін жазу». Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені білу керектігі тағы басқа жайлы қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Жазуға уақыт беріледі.Уақыт аяқталғаннан соң оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады. Ал «торлы талқылау» әдісін сабақта былай қолдануға болады. Бұл стратегия мақсаты өз пікірін дәлелдеуге үйрету. Қ.Мырза Әлидің «Күз» өлеңімен танысықан жоқ, сұраққа жауап жазады.
Маған күз мезгілі өте ұнайды. Маған күз мезгілі ұнамайды.
Айналаңда бояудың барлық тү сін көресің. Жазғы демалыс бітеді. Ағаштан үзіліп түс кен жапырақ көбелек секілді.Жиі ауарайы бұзылып,жаңбыр жауып,батпақ болады.Ойнағанда киімің былғанса апаң ұрсады.
Қаншалықты нақты дәлел келтіргендеріне назар аударылып, бағаланады. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәліл келтіре білуге жетелейді. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан ойлай отырып, ой толғау,суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлем жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып,оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып,болашақта ойлауға құлшыныс алады.Сондықтан сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі де маңызды құбылыс.

Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлау теориясынан егізделген,жаңа әдіс – тәсілдерді өз сабақтарымда қолдануға тырысамын.Сабақтарым сәтті шығуы үшін,алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру бағытында,сабақтарымды әртүрлі тренингтер арқылы бастаймын,одан әрі оқушыларды түрлі әдіс – тәсілдермен шағын топтарға бөлудің өзі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Оқушылар,әсіресе үлгерімі төмен оқушыларда топтық жұмыс кезінде сабаққа қызығушылықпен қатысып,өздеріне деген сенімділіктері орнайтынын байқап жүрмін.Топтық жұмыс барысында олар үнсіз отыруға,басқалардан қалыс қалуға болмайтынын түсініп, өз – өздерін реттей бастайды.Оқушылар жұптасып,топтасып ойланады,ой бөліседі,пікір алмасады,талқылайды.

Менің сабағымда көбіне қолданып жүрген әдіс – тәсілдерім:«Шың», «Серпілген сауал»,«Венн диаграммасы», «Постермен жұмыс», «Бес жолды өлең», «Адасқан әріптер», т.б.

Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақ барысында қолданған стратегия немесе әдіс – тәсілдерді оқушылардың белсенді жұмыс жасауына,сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ойтолғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса,ой толғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады.Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасап отыруға тиіс. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлел келтіре білуге жетелейді. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан ойлай отырып, ой толғау,суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлем жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып,оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып,болашақта ойлауға құлшыныс алады.Сондықтан сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі де маңызды құбылыс.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!