Материалдар / Баяндама "Ахмет шығармаларының өміршеңдігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ахмет шығармаларының өміршеңдігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Ахмет шығармаларының өміршеңдігі" Адамның жан дүниесін тәрбиелеуде әдебиеттің алар орны ерекше. Менің жүрегімнің мектебі қазақтың ұлыларының бірі биылғы 150 жыл толып отырған Ахмет Байтұрсыновпен байланысты. Жалпы қашанда қазақ тілі, қазақ әдебиеті туралы сөз болған сәтте түп-тамыры ерекше назарға ілігеді. Қазақ қоғамында зиялылар аз емес. Осы сәтте қазақ тілінің түп негізін құрастырып берген Ахмет Байтұрсыновты айтпауға болмас..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2022
274
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Блял Тналин атындағы Бірсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ








Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының өміршеңдігі



Утегенова Сымбат Мухамеджанкызы


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

қазақ-орыс сыныптарында





















2022ж



Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының өміршеңдігі

Адамның жан дүниесін тәрбиелеуде әдебиеттің алар орны ерекше. Менің жүрегімнің мектебі қазақтың ұлыларының бірі биылғы 150 жыл толып отырған Ахмет Байтұрсыновпен байланысты. Жалпы қашанда қазақ тілі, қазақ әдебиеті туралы сөз болған сәтте түп-тамыры ерекше назарға ілігеді. Қазақ қоғамында зиялылар аз емес. Осы сәтте қазақ тілінің түп негізін құрастырып берген Ахмет Байтұрсыновты айтпауға болмас. XX ғасырдың басы қазақ зиялылары үшін оңай заман болған жоқ. Соның ішінде рухани басшысы бола білген Ахаң ұлы көсем болды. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші - реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Бір жазбасында: "Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті", - деп жазды Сәкен Сейфуллин.

Ахаң жазған көп шығарманың басы болған туынды «Маса» еді. Қарапайым халыққа жаны ашыған Ахметтің бұл туындысын алтынға бергісіз қазына дерсіз. Астармен жеткізген бұдан өзге туындылары қаншама. Өзге өлеңдерінде Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндері, ауыр жолдары, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылды.

Әлемдік түсінікте «Ренессанстық тұлға» деген термин бар. Бұл халықтың адамгершіл болмысын бейнелеген және оны кеңінен насихаттаған, гуманистік идеяларды шығармашылығы мен күресінің арқауына айналдырған ұлттың тарихы мен мәдениетіне, өнеріне, білімі мен ғылымына үлкен бет­бұрыс жасаған тұлға деген мағынада қолданылады. Ал Ахмет болса сол әлемдік терминге сай келетін бірден-бір адам. Себебі қайраткерлік, шығармашылық тұтас өмірбаяны оны аса ірі ренессанстық тұлғаға айналдырды. Егер Ақаңның Алаш қозғалысы тұсындағы зор қайраткерлігін, ұлттық мектепті қалыптастырудағы ұстаздығын, ғылымның негізін салушы болғанын, дәуір ұранына айналған көркем шығармалар мен публицистикалық еңбектер жазғанын жіктейтін болсақ, онда оның жан-жақты тұлғалық қасиеттері Ренессанстың ең негізгі бағыттарын анықтағанын аңғарар едік. Ақаңды «Ұлт ұстазы» деуіміздің астарында оның осындай дәуірлік көшбасшы болғанына лайықты бағамыз жатыр. 

Ахмет өлеңдерінің негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерлерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдердің мазмұны осыны танытады. Алдыңғы ағалар суреттеп кеткен қазақ қоғамының жалпы қалпында дәл сол кезде айтарлықтай өзгерістер жоқты. Ахмет қоғамның сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды. Ол жан ауыртып, жүрек сыздатар «қасірет сөзін» айтып, хатқа жазады. А. Байтұрсынов қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, олардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады. Сонымен қатар оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Байтұрсынов ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Байтұрсынов - әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Ал Ахмет шығармаларында адамгершілік қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.  Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Сонымен бірге А. Байтұрсынұлының ел арасына кеңнен тараған бірнеше әндері де бар: «Аққұм», «Қаракөз», «»Екі жирен», «Қараторғай»т.б.  «Қырық мысал» ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.

Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерлерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдердің мазмұны осыны танытады. Өз кезегінде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша


Қорыта айтар болсам: Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол - халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту. Адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыру. ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болғанАхмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды.



















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса – Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9








6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!