Материалдар / Баяндама "Әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жұмыс жасауға нұсқаулық, сөйлеу ақаулығы бар балалармен жасалатын түзету жұмыстары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
993
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ

«Болашақ» бөбекжай-бақшасы МКҚК

















«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс»

















Орындаған:Логопед мұғалім

Оралова Курбанай Уткировна







2021 жыл


Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім



  1. Негізгі бөлім

«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс»

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі











































Кіріспе



Сөйлеу тілінің бұзылуы - қазіргі таңдағы кең таралған мәселелердің бірі. Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы оның психикалық дамуына, оқуда жетістіктерге жетуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің бұзылуы тәрбиеленушілердің таным қабілеттерімен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті төмен, есте сақтау қабілеті нашар, тез шаршағыш болып келеді. Бұл санаттағы тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылығы төмен. Сөйлеу тілін дамыту балаларды оқу үрдісіне қызықтырумен тығыз байланысты.



Ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері баланың жеке басының қалыптасуына, барлық психикалық процестердің қалыптасуына әсер етеді. Балалардың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері бар, олардың әлеуметтік бейімделуін қиындатады және бар бұзушылықтарды мақсатты түрде түзетуді талап етеді.

Сөйлеудің ауыр бұзылуы мынандай топтарға бөлінеді:

  • сөйлеудің болмауы немесе дамымауы(алалия)

  • сөйлеудің толық немесе ішінара жоғалуы (афазия)

  • сөйлеудің айтылу жағын бұзу (дизартрия)

  • дауыс тембрінің және дыбысты айтудың бұзылуы (ринолалия)

  • тұтығу


Сөйлеу қабілеті бұзылуының себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдаулары – ананың жүктілік және босану кезіндегі аурулары мен қиындықтары (ұрықтың гипоксиясы, құрсақ ішіндегі инфекциялар, шала туу, босану кезіндегі жарақаттар), артикуляциялық аппарат қызметінің ақаулары, есту қабілетінің зақымдануы, баланың жалпы психикалық дамуындағы артта қалушылық, тұқымқуалаушылық пен жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалы. Дене дамуында ақаулары бар, ерте жасында ауыр ауруларға шалдыққан, әлсізденген, дұрыс тамақтанбайтын балалардың да сөйлеу қабілеті бұзылады. 









«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс»

Баланың сөйлеу тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Алайда,соңғы кездері балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.


Ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында тұрған басты мақсат :

– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;


Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы оның психикалық дамуына, оқуда жетістіктерге жетуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сөйлеу тілінің бұзылуы тәрбиеленушілердің таным қабілеттерімен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті төмендеген, есте сақтау қабілеті нашар, тез шаршағыш болып келеді. Бұл санаттағы тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылығы төмен. Сөйлеу тілін дамыту балаларды оқу үрдісіне қызықтырумен тығыз байланысты. Сондықтан сөйлеу тілін дамыту үшін ең алдымен балаға оңтайлы орта қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ынталандыру керек. Балабақша білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып табылады және балаларды мектепке дайындаудың маңызды қызметін атқарады. Дәл осы кезеңде бала бойында мынадай қасиеттерді дамыту өте маңызды:

-жалпы және ұсақ моториканы

-фонематикалық жүйені қалыптастыру

-сөйлеу тілін дамыту.


Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер – есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу - перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің – дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.


Логопедиялық түзету – балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Тіл кемістігі – балалар арасында қазіргі кезде көп тараған патологиялардың бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар, тәрбиешілер мен арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны тиімдірек.


Күрделі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыстағы

тиімді шаралар :

  • Артикуляциялық жаттығулар

  • Логоритмикалық жаттығулар мен логомассаж

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Су-джок терапиясы

  • Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар


Артикуляциялық жаттығулар – дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің(еріндер,тіл,төменгі жақ) жаттықтыруына арналған жаттығулар. Бұл жаттығулар сөйлеуге қатысатын бұлшық еттерді дайындайды.


Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.

Логопедиялық массаж – бет бұлшық еттерінің, нервтердің жұмысын белсендіруге арналған механикалық әдіс. Массаж сөйлеу бұлшық еттерінің күйін, қызметін қалыпқа келтіреді.


Логоритмикалық жаттығулар – сөзді, әуенді, қимылды біріктіру арқылы баланың даусын, тыныс алуын, тепе – теңдігін жақсартуға арналған жаттығу ойындар кешені.


Су-джок терапиясының практикадағы пайдалы қасиеттері:

* Баланың ертерек сөйлеуіне ықпал етеді

* Алақан мен табандағы нүктелерді қозғау арқылы,миға сигнал түсіреді

* Сөздің анық, дұрыс шығуына әсері мол


Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарының алар маңызы зор. Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – бұл өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант.

Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.


Дегенмен, оң нәтижеге жету үшін отбасының, ата – анасының белсенді көмегі қажет. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата – анасыда қатысса жұмысымыздың тиімділігі арта түседі.

Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балармен жұмыс жасауда ата-аналарға, тәрбиешілерге әдістемелік нұсқау

  1. Жаттығуларды баламен бірге орындау.

  2. Барлық нұқсауларды жәй, мейірімді дауыспен, артық сөз қолданбай, нақты түсіндіру. Қажет болса балаға көмек көрсету.

  3. Балаға жаттығуды ешқашанда мәжбүрлеп орындатпаңыз. Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға тырысыңыз, оларды жөнге келтіріңіз, қажет болса тапсырманы өзгертіңіз.

  4. Баланы қызықтыруда және жаңа материалды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап,мадақтап қоюды да ұмытпаңыз.

Осы жұмыстарды жүйелі жүргізу негізінде көздеген нәтижемізге жетеріміз анық.

Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып,қолдау көрсетіп, дамыту біздің қолымызда. Назарларыңызға рахмет!

























Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

Ж.Жанділдаева «Инклюзивті білім беру мазмұны». //Қазақстан мектебі, 2011, № 7

Богомолова А.И. «Нарушение произношения у детей» М., 1979 г.

Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.

Намазбаева Ж. «Дефектологтың  кеңесі» Алматы, 1980 ж.

Жарықбаев Қ.  «Жалпы психология » . -  Алматы, 2000 жылы

Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы, 1996.



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!