Баяндама: Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік туралы

Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты.

Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.

Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсеңдегенінің куәсі болдық. Сонымен бірге еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.

Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке әртүрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде. Қазіргі жағдайда жауапкершіліксіз ата-ана көбейіп кетті. Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Баланың әлеуметтік даму деңгейі қала береді. Әлеуметтік даму деңгейі деген не? Ол мінез-құлқы мен қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасындағы берілтін тәрбиеге келер болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондайбала үйдежалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.

Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі- баланың тілін дұрыстамаймыз. Бала еркелікпен тілін бұрап, басқаша сөз айтады.

Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде әсіресе жастарымыз арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуінің салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда.

Ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстағаны жөн:

Баланың бойына өзелініңсалт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;

  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;

  • Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;

  • Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;

  • Отбасында баланың рухани байлығын ( эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық, т.б.) дамыту;

  • Отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;

  • Баланың өзін-өзі басқаруы (финанс, іс-әрекет, т.б.);

  • Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.

Сонымен, жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты, жан-жақты жетілген, ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.






DrawObject1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі