Материалдар / Баяндама "Бала құқығы туралы конвенция"

Баяндама "Бала құқығы туралы конвенция"

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың құқығы турала мәлімдеме беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2018
4230
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала құқығы туралы конвенция.Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде  жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек  1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысалшешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.Балалардың  құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы  ұйым әлемде  1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.Балалардың  ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету  мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін  неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция  1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылыбалаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.Алайда, Қазақстан  бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін  қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды  Конвенциялар бар. Осындай халықаралық  құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция (Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).Барлық  көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция негізгі құқық қорғау шарттарының санатына жатады, олар бойынша конвенциялық бақылау органдары құрылған. Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы еңбекшілер отбасын қауыштыру, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларын жергілікті білім беру жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларына олардың ана тілін үйрету мәселелерін реттейді, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан айрылған жағдайда, балаларының құқықтарын қорғау тетіктерін көздейді.Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы  ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясышетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы  2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды.Нормалары Қазақстан  аумағында қолданылатын, балалар  құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге тиіс шекараларын белгіледі.Конвенция нормалары  баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі  екі жылдан соң ұсынуды көздейтін  уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады.Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында  БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады.Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың  ішінде негізгілері ретінде еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі  іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру қажеттігін атауға болады.Балалардың  жағдайын жақсарту жөніндегі  іс-қимылдардың ұлттық жоспары, Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары сияқты Қазақстан Республикасында әлі әзірленген жоқ. «Баланың құқықтары туралы» Заңда балалардың мүдделеріне орай мемлекеттік саясат мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан – балалықты қорғау тұрғысында» атты  2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі, алайда қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама балаларды қорғау және олардың құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы халықтың барлық санаттарының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін жасауды көздейді.Кәмелетке толмаған балалардың құқыққа қарсы қызметін ескерту мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заң кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жорамалдайды, бұл балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты мемлекеттік саясат элементі болып табылады және кәмелетке толмаған балалар үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді жасауды, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу жүйесін құрайтын органдар мен 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ