Материалдар / Баяндама: Бала тәрбиесіндегі жаңаша жұмыс тәсілдері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: Бала тәрбиесіндегі жаңаша жұмыс тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі жаңаша жұмыс тәсілдері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
266
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала сүю әр ата-ананың арманы. Бала дүниеге келісімен әке-шешесіне зор қуаныш сыйлайды. Тек қана әке-шешесіне емес, айналасындағы алыс-жақын туыстарын да қуанышқа бөленеді. Ал немерелі болған ата-әженің қуанышын сипаттау тіпті мүмкін емес шығар.


Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.

Бала болмысын қарым-қатынас өнімі ретінде қарастырсақ...

Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасы.

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, —  сөзінен белгілі. Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын. Ал бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.       Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана  және бала құрайды.  Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды.  Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Мен осы мақаламды жаза отырып өзімнің осы азғантай өмірімнен алған тәжірибемді өзім секілді бір – бір отбасының ұйтқысы, мәні мен сәні болып отырған аналармен бөліспек ойым бар.  Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ.  Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың  жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі.  Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес.  Отбасының ең басты тірегі ол  — әке. «Әке» дегенде баланың көзіне үлкен қорған елестеуі керек, ал қазіргі нарық заманында сол қорған құлаудың аз – ақ алдында тұр десе болады.  Осы жерде «Неге?» деген  сұрақ үлкенді де кішіні де мазалайтыны анық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі  алғашқы 7- 8 жыл халқымызға көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі. Осы кезеңде ел арасын жұмыссыздық ,  ақша жоқтық  сияқты жағдайлар жайлап, өмір сүруге қабілеті жоғары адамдар алға шығып, адал еңбек жолындағы азаматтар орта шенде қалып, ал тірлік қылуға құлықсыз адамдар қолда барын сатып бітіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына қосылды. Сөйтіп осы 7-8 жыл халықты түрлі таптық жікке бөліп жіберді.Ешкім өмірге де, өз тағдырына да өкпелеуге тиіс емес деп ойлаймын. Адамды Алланың өзі жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыдан құдіретті етіп жаратқан. Сондықтан әр адамзат сол құдіретін пайдаланып, өз өмірінің жақсы болуына мүмкіндік жасауы қажет. Жаңағы қорған бола алмай отырған әкелер өмірдің сынын көтере алмай отырған азаматтар десе болады.   Енді «бақытты бала» деген әңгімеге қайта оралғым келіп отыр. Бала бақытты болу үшін оған барлық жағдай жасалуы керек деген ұғым бар халық арасында.   «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп ертеден – ақ адамдар арасындағы айырмашылық ажыратылып отырған. Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол  — отбасы.  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек.  Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды?  Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ «Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі. Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. «Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата –анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің  қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмейміннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қойылары хақ. Бала тәрбиесі ол — үлкен бір ғылым. Бір отбасында жалғыз бала болса да, 6-7 бала болса да балаға берілген тәрбиеде кемшілік болып жатады. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, қазіргі уақытта ол күндердің әдебін көру көп жағдайда мүмкін болмай отыр. Ең әуелі олар баланың алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Ол дегеніміз, байлық пен барлық қана емес, балаға рухани байлық керек. Жақсы мен жаманды ажырата білгені жөн. Өмірдің мәні тек ақша мен байлық деген ойдан баланы аулақ салу қажет. Адами қасиетті бала бойына дарыта білу кез – келгеніміздің қолымыздан келе бермейді. 

Тіршілік қамымен жүріп балаға мүлдем көңіл бөлмейтін де, өз машақатымен айналысып балаға тәрбиенің керек екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды деп баланың ыңғайымен жүретін де, менің жиған – тергенім балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Мен өз өмірімдегі осындай жағдайларды ескере жүріп, балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің  де өз шегі болуы керек енеіне көз жеткіздім. Демек, бала мен ата – ана арасында өте тығыз байланыс жүру керек. «Баланы жастан» деген, бала тәрбиесі бесікте жатқаннан басталу керек. Бала жылады деп көп көтерсе ол соған дағдыланады.  Мезгілсіз мекенсіз тамақ берсе соған да үйренеді.  Бесікке байласа жылай береді деп бесіктен жиі босата берсе, нәресте бесіктен мүдем шығып алады. Осылайша бала бесіктен белі шықпай жатып өз дегенін  жасатуға дағдыланады. Бала үшке толғанда «болады» мен «болмайдыны» білуі тиіс. Бала тәрбиесін бес жастан бастаймын дейтіндер де бар. Бес жастан қазір мектепке барады. Сонда мектепке келгенде бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтінді ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам ұстап жазуды үйрете ме, әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме. «Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл сөз тек қыздарға ғана қатысты деуге болмайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез  — құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Өзге біреуге әлім – жеттік көрсету, үлкенге қарсы келіп сөз қайтару сияқты үйде көрсетпейтін мінездерді далаға шыққанда көрсетіп жатады. Мұның бірін де ата – ана үйретеді деуге болмайды. Бірақ бұл да тәрбиеден кеткен қателік деуге болады. Ата – ана балабақшамен, мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Бірақ сол нәрсеге уақыт тауып, менің балам басқа жерде қандай, оның сабағы қалай, өз тобында немесе сыныбында оның ролі қандай деп көңіл қоятын ата – ана жоқтың қасы. «Уақыт жоқ, мектептегі баланы қарасам үйдегі шаруам қалады немесе жұмыстан қолым тимейді» деген сияқты біздің тарапымыздан сылтау көп болып жатады. Сол сылтауларымыз сиресе, ата – ана үшін бала өзінің орнының бөлек екенін, оның болашағы олардың назарында  жүргенін сезінер еді деп ойлаймын.

Бала тәрбиесі мәселелерін әрбір ана не әке өмірлік тәжірибеден көріп үйрену керек. Балаға жылы қабақ қандай мөлшерде болса, қатал көзқараста сондай мөлшерде болуы тиіс. Балаға ата – ана тарапынан талап үнемі қойылу керек және оның орындалуы қадағалануы тиіс. «Балаға жаның ашыса, оны аяма» деген де сөз бар. Сол айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, одан басқасында бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата –анамен бірге үй шаруасында болуы керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсектенеді, ең қарапайымы теледидардан мүлдем қарауға тұрмайтын жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай. 12 жастан асқан бала отбасында ата – ананың оң қолы ретінде барлық шаруаға дерлік қабілетті болғаны жөн. Қазіргі уақытта ата – ана емес бала талап қоюға бейімделген. Ал, ата – ана сол мүмкіндікті балаға неге беретінін түсінбеймін. Ата – ана баланың алдындағы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып отырса, әр нәрсені өз орнымен орындап, содан соң балаға талап қойса, ешбір бала қойылған талаптан бұлтармайды. Егер бала талап қояр болса, онда бұл талап тек баланың қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейде ғана  орындалуы тиіс. Бала талабын жеткілікті деңгейде орындау дұрыс емес. Есін білетін баланың бәрі тұрмыс жағдайында адам баласына қажет болатын әрбір нәрсенің қайдан, қалай, қанша еңбектің, қаржының  арқасында келіп жатқанын оның құнының өтелуі тиіс екенін ұғынып өсу керек. Үлкендер кішілерге, аяқ астында тегін жатқан нәрсенің жоқтығын, оның бәрі тек еңбек арқылы келетінін, бала санасына жеткізіп отыруға міндетті.  «Ана» – ол өте терең ұғым. Ана болу ол тек дүниеге бала әкелу ғана емес, ол бала тауқыметін налымай көтеріп, балаға саналы тәрбие бере білу. Баланы дүниеге әкеліп, оны анасыз баладан да қиын өмір азабына салатын болса, ондай адамды ана деуге болмайды. Ол тек көп әйелдің бірі ғана.  Әр баланың анадан күтері көп. Ең бірінші сәби анадан мейірім, жылылық күтсе, есейе келе ана тарапынан марапат, өмірде кездескен әр сұрағына жауап күтеді.  Біз аналар баланың ойлағанынан да жоғары деңгейде ойлауға тырысуымыз керек. Сонда ғана бала қиялындағы ғажайып, данышпан ана бола аламыз.  Бала тәрбиесіне көбірек назар аударайық құрметті ата – аналар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ол біздің қолымызда. Бала бақыты ол — өміршең ата – ана. Баланы бақытқа бөлейтін ол — ана мейірі мен әкенің қатқыл қабағы.
Психоаналитик маман бала тәрбиесі жатырда емес, ата-анасының болашақ бала туралы ойланған сәтінен басталатынын айтады. Тіпті, жатырда жатқан сәбидің дүниеге көзқарасы анасы арқылы қалыптасады. Бірақ, бала тәрбиесі мұнымен аяқталмайды. Ата-ана балаға 5 жасқа дейін аса мұқият болып, психикасының дұрыс қалыптасуына жағдай жасауы қажет. Себебі, баланың болашағы осы кезеңмен тікелей байланысты. Мұнымен қатар, жасөспірімдік шақта да дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп отыру маңызды.


Осы орайда, қазақстандық психоаналитик Жанар Оспанова балаға қандай сөздер айтылуы керектігіне және олардың бала үшін қандай пайдасы бар екеніне тоқталды. Мұнымен қатар, күнделікті балаға бірнеше сауал қойып отыруға кеңес берді. 

Мен сені жақсы көремін

Кез келген бала үшін өзін біреудің, әсіресе ата-анасының жақсы көретінін сезіну маңызды. Мұнымен қатар, ата-ана тарапынан берілетін махаббаттың бала болашағы үшін орны ерекше. Себебі, махаббаттың не екенін сезініп, біліп өскен бала ғана өзгелерді осы сезімге бөлейді. Яғни болашақ жары мен балаларын бақытты ете алады. Назарын белгілі бір салаға бұрып, мықты маман болып шығады. Мықты маман болу арқылы адамзаттың игілігіне жарайтын істерді қолға алады. Осы сезімнің жетіспеушілігі баланы суицид жасауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өйткені, суицид жасау арқылы бала ата-анасын жазалайды.

Бала үшін бұл сөзді естігеннен артық бақыт жоқ шығар. Себебі, ата-анасы ұрысып қалса, ажырасып кетіп жатса, бала бірінші кезекте бұл жағдайға өзін кінәлайды. Тіпті, өзінің мүлдем қатысы жоқ болса да. Ал кінәні сезінген адам үшін жазаның да барын ұмытпауымыз керек. Бала өзін әртүрлі жолмен жазалауы мүмкін. Әрине, мұның барлығы бейсаналы деңгейде жүзеге асады. Осындай жағдайлардың алдын алғыңыз келсе, жоғарыдағы сөздерді балаңызға жиі айтып отырыңыз.


Мен саған сенемін

Бұл сөздер баланы жастайынан жауапкершілікті сезініп, жетістіктерге жетуіне жағдай жасайды. Балаңыз сіз осылай айтып тұрған кезде "сүрініп" жатса, оған қолдау көрсете білген жөн. Өйткені, ол "Маған үлкен сенім артып отыр" немесе "Мен ата-анамның үмітін ақтай алмадым" деген оймен күйзеліске түсіп кетуі де ғажап емес.

Мен өзіңмен мақтанамын

Қоғамда көп ата-ана баламды өзгелермен салыстыратын болсам, бәйгеден оза шауып келеді деп қате ойлайды. Керісінше перзентіңізді өзге балалармен мүлдем салыстырмауға кеңес беретін едім. Осы қате түсінік салдарынан кейін бала бүкіл өмірін өзгелерден асып түсуге арнап өтеді. Ол үшін "әр сәттен ләззат алу" және "шынайы сапа үшін жұмыс істеу" сынды түсініктер жат болып қалады. Балаңыз балабақшада сахнаға шығып өнер көрсеткен болса да, бәтеңкесінің бауын байлап, әліппеден жаңа әріп үйреніп келген болса да, мақтай түсіңіз. Себебі, бұлардың барлығы ересек адам үшін болмашы дүниелер болғанымен, кішкене балапандар үшін үлкен жетістік. Мұнымен қатар, бала белгілі бір жетістікке жеткен кезде ғана назар аударудың салдары жаман болмақ. Осылай жасайтын болсаңыз, бала кез келген нәрсені сізге ұнау үшін жасайды. Ал біреуге ұнауды бірінші орынға қойып өсетін баланың өзіндік мені қалыптаса қоймайды.

Кез келген сәтте өзіңмен біргемін

Балалардың қиындықтары ересек адамдар үшін болмашы дүние болып көрінгенімен, бұл келеңсіздіктердің оларға қатты әсер ететінін ұмытпайық. Міне, осындай сәтте балаңыздың жанынан табылып, құшағыңызға басып, "Кез келген сәтте өзіңмен бірге боламын" деп айту маңызды. Сонда ғана бала ересек өмірде жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға қорықпайтын болады. Әрине, кейбір келеңсіз жағдайларда балалардың өздері кінәлі болып шығады. Мұндайда балаңызды кінәлауға асықпаңыз. Керісінше оның жақтасы болып, осы кінәсін өзінің түсінуіне мүмкіндік беріңіз.


Ақылдым сол

Балаңыздың бойында белгілі бір қасиеттің көбірек болғанын қаласаңыз, назарын соған бағыттаңыз. Кез келген ата-ана баласының мейірімді, махаббатқа толы әрі ақылды болып өскенін қалайды. Қазіргі таңда кей адамдар табысты, әлемге танымал тұлғаларға қарап, "Олар — жаратылысы ерекше жандар. Маған қарағанда әлдеқайда ақылды, мен олар секілді бола алмаймын" деп ойлайды. Бұл — қате. Есейген шақта балаңыздың осылай ойлаушылардың қатарынан болғанын қаламасаңыз, бүгіннен бастап ақылды екенін жиі айтыңыз. Ақылы мен ой-өрісін дамытуға арналған кітаптар сыйлап, ойындар ойнатыңыз.

Рахмет!

Балаңыз ойыншықтарын жинап, үй тазалауға немесе т.б. нәрселер жасауға көмектескен болса, бұл үшін міндетті түрде алғыс айтыңыз. Бастапқыда оның бұл жұмысты қаншалықты сапалы орындағаны маңызды емес. Кемшіліктерін кейін айтып үлгересіз. Бар болғаны осы сөзді есту арқылы бала сізге көмектескісі келіп тұратын болады. Мұнымен қатар, бала қарапайым сыпайылық ережелеріне үйренеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда баланы мектепке киіндіру қанша тұрады?

Сені сағындым

Бала үйде ата-анасымен қарым-қатынасы қандай екеніне қарамастан, жырақта жүргенде міндетті түрде оларды сағынады. Әсіресе, бұрын-соңды барып көрмеген жерде жүрсе. Осы орайда өзі ғана емес, өзін де сағынатын адамдардың бар екенін білу маңызды. Бұл сөздер балаға есейгенде екінші бір адаммен дұрыс қарым-қатынас орнатуына септігін тигізеді. Яғни ол біреумен танысқанда немесе сезімін білдіргенде, бетімді қайтарады деп қорықпайды. Ал қорқыныш жоқ жерде өзін қабылдай алатын адамдар жолығатыны сөзсіз.

Мен өзіңмен ақылдасқым келеді

Кейбір баланың белгілі бір салаға бейімділігі ерте жастан-ақ көріне бастайды. Мысалы, қызыңыз үйдегі қайшыны ашып, шүберек қырыққанды ұнатады делік. Мұндайда бетін қағып, бірден ұрысып кеткен жөн емес. Керісінше оған осы салаға жақындай түсуіне жағдай жасау қажет. Үйге перде сатып алғанда немесе қандай да бір киімді үйлестіріп киетін кезде қызыңыздан кеңес сұраңыз. Сол кезде бала өзінің пікірі маңызды екенін сезініп өседі.

Дәл осы сұрақты жасөспірімдік шаққа таяп қалған немесе жасөспірімдерге қоюға болады. Бұл жерде отбасыға қатысты ортақ мәселе талқыланатын болса. Мысалы, балалар бөлмесіндегі жиһаздың орнын ауыстыру немесе үйге жаңа бір зат сатып алу. Ең бастысы, баланың өз көзқарасын дәлелдей білуіне жағдай жасау қажет.

Шешіміңді құрметтеймін

Баладан пікірін сұрау бар және пікіріне құлақ асу бар. Құлақ асу дегенді бірден пікірін орынды етіп шығарумен шатастырмау қажет. Бала қандай шешім қабылдаса да, таңдау жасаса да, оған құрмет білдіріңіз. Жоғарыда айтып өткендей, балаңыз неліктен мұндай шешім қабылдағанын түсіндіруі тиіс. Яғни шешімінің жағымды және жағымсыз тұстарына талдау жасауға көмектесіңіз. Бұл баланың сыни көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді. Балаңыздың жанында тәулігіне 24 сағат жүрмейтініңіз анық. Уақыт өткен сайын бірге өткізетін уақыт азая береді. Қандай да бір жаман ортаға кіріп кетпеуі үшін осылайша сыни көзқарасын қалыптастырған ұтымды.


Өскенде сенің өз сүйіктің болады

3 және 5 жас аралығында әкесі ұлына, анасы қызына "Өскен кезде сенің өз сүйіктің болады. Анаң — менің әйелім/ Әкең — менің күйеуім. Ал сен басқа біреумен біз секілді отбасын құрасың" дегендей айтса игі. Қазіргі қоғамымызда сүрбойдақтардың көбеюінің бірден-бір себебі осы. Психикалық дамудың бірнеше кезеңі болады. Соның бірі — осы 3-5 жас аралығындағы Эдипов комплексі. Егер осы кезеңде психика дұрыс дамымаса, бұл баланың толыққанды отбасын құруына кедергі жасайды. Яғни бұл сөздер баланың ертерек отбасын құрып, жұбайы/жарымен бақытты өмір сүруіне пайдасын тиг3зу7

Бала үшін ғана емес, ересек адам үшін де күнінің қалай басталып, қалай аяқталатыны маңызды. Көзін ашып, төсегінен тұрып келе жатқан бала үшін өзіне "қайырлы таң" тілеген ата-анасын көруден асқан бақыт жоқ. Осы сөзбен бірге ата-анасы сыйлаған сезім оның бойындағы күш-қуатын арттыра түседі. Сондай-ақ, ұйықтар алдында да өзімізді барынша жайлы сезіну маңызды.


Бәрібір сені жақтаймын

Балаңыз балабақшада немесе мектепте біреуге ренжіп келген болса, оған осы сөздерді айтыңыз. Ренжітіп емес, ренжіп келген болса. Себебі, бұл екі ситуацияның арасы жер мен көктей. Мейлі балаңыздікі дұрыс емес болса да, оған осы кішігірім "шайқаста" жақтасы барын көрсетіңіз. Мұнымен қатар, адам баласы орынсыз ренжімейтіні сөзсіз. Жақтасы екеніңізді айтып қана қоймай, мұндай дөрекі қадамдарға ата-анасының жылуын сезінбеген балалар ғана баратынын түсіндіріңіз. Сол кезде бала мұндай құрдастарына іштей жанашырлық танытып, олармен болатын жанжалдың алдын алады.

Сенің қателесуге құқығың бар

Өзін қоярға жер таппай, жанын жегідей жеген бала үшін бұдан артық жылы сөз жоқ. Расымен де, кез келген адам қателусе құқылы. Маңыздысы қателеспеу немесе осы қателіктің алдын алу емес, керісінше одан сабақ алуды үйрену. Кейде ата-аналар "Болды жылама. Кез келгеннің адамның басында болады" деп жылдам жұбатуға тырысады. Бұл — қате. Жараны дер кезінде емдемесеңіз, балаға жылап алуға мүмкіндік бермесеңіз, уақыт өте келе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін.

Бәрі де шаршайды

Белгілі бір салаға бет бұрып үлгермегендіктен, балаға бәрі де қызық болып көрінеді. Бір мезетте барлығына үлгеруге тырысады. Кейде құрдастарымен жарысып, шаршамаған кейіп танытады. Мұны, тіпті, ата-анасына көрсеткісі келмейді. Балаңызға шаршағанын мойындау өте маңызды екенін айтыңыз. Себебі, жер бетінде мінсіз адам жоқ. Кейде, шыны керек, аналардың туған балаларының тынымсыздығынан шаршап, жек көріп кететін кездері болады. Қазақта "Ауруын жасырған өледі" деген сөз бар. Қандай да бір жағымсыз сезімдерді жасыра беретін болсақ, ол әйтеуір бір күні денеміз арқылы көрініс табады. Егер балаңыздың дені сау болғанын қаласаңыз, осы сөздерді айтып, демалыстың қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге тырысыңыз.


Ботам сол…

Қыз бала болсын, ұл бала болсын ата-анасына еркелегісі келеді. Әртүрлі қошемет сөз айтып, балаңызды жиі құшақтауды ұмытпаңыз. Осылайша айналадағылар үшін ересек адам болып, жауапкершілік алып жүрсе де, кез келген уақытта еркелеп алуға мүмкіндігі бар екенін еске алады. 

Келші құшақтайын…

Баланы құшақтаудың маңызы әлдеқайда көп. Оның қаншалықты пайдалы екенін кемінде екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, бала өзін біреу құшақтаған кезде әрдайым қорғайтын адамның бар екенін сезінеді. Таудай болған қиындығы әп-сәтте кішірейіп шыға келеді. Екіншіден, адамның психикалық денсаулығы тактильді қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты. Адам өмір бойы осы қажеттілікті өтеуге ұмтылады. Тіпті, оны мысығымен немесе итімен құшақтасу арқылы өтеуі мүмкін. Дәлірек айтсақ, құшақтасқан кезде иммунитет жақсарып, қан құрамында гемоглобин деңгейі көтеріледі. Гипоталамус қанға окситоцин гормонын бөліп шығарады. Осы процесс әсерінен баланың сыртқы ортаға деген көзқарасы да жақсара түседі.

Маған… ұнайды

Жоғарыда айтып өткенімдей, баланың бойында белгілі бір қасиетті дамытқыңыз келсе, екпінді соған түсіріңіз. Барынша сол қасиетін немесе әрекетін мақтаңыз және бұл кез келген қасиет болуы мүмкін.

Бүгін мен сені ренжітіп алмадым ба?

Бұл сауалдың орны ерекше. Бір ситуацияны әр адам түрліше қабылдайды. Ата-анасы ренжітпедім деп ойласа да, белгілі бір жағдай бала үшін ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Кейін осының барлығы жинала келе, бала кірпік шешеннің күйін кешетін болады. Жанына қадалған тікен уақыт өте келе көбейе береді. Көп тікенді алған кезде қалай ауыратынын айтпаса да түсінікті. Ал алмаса, жағдай мүлдем ушығып кетеді. Кейін мамандарға, ауруханаға қыруар қаржы жұмсамас үшін күнделікті осы сауалды қойып, жауабын міндетті түрде тыңдаңыз.


Кешір мені

Жанға салынған жараны бірден бір емдейтін құрал — сөз. Бұл сөздерден кейін балаңыздың сізге деген реніші басылып қана қоймай, "кешір мені" деген тіркестің адамның жанын қаншалықты жылытатынын түсінеді. Есейгенде өзі ренжітіп алған жандардан кешірім сұрауға қорықпайтын болады. Кей жағдайда тәкаппарлық жібермеуі мүмкін.

Осы кезде не сезіндің?

Бұл сауалды бала біреуге деген ренішін айтып жатқан кезде қойған абзал. Бүгінгі қоғамда көп ересек адам бұл сауалға жауап беруге қиналады. Тіпті, сезім туралы сөз қозғау оларға күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бұл — орынды. Тәуелсіздік алғанға дейін қиын-қыстау заманда өмір сүрдік. Ата-аналар бала-шағасын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеді. Бірақ оларға лайық мөлшерде махаббат бере алмады. Ал махаббатқа қанықпаған бала ертең өзгелерді бұл сезімге бөлей алмайтыны анық. Оның үстіне бала ата-анасының отбасын асырау үшін жұмыс істегенін ескермей, оларға қартайғанша ренжіп өтуі мүмкін. Яғни осы сауал арқылы сіз балаңызды сезім туралы еркін сөз қозғауға үйретіп, кейін немерелеріңіздің әлдеқайда бақыттырақ тәрбиеленуіне жағдай жасайсыз.

Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады

Көп ата-ана баласының сұрақтарына шынайы жауап бере бермейді. Кейде бала да тоқтамай сауалдарын қоя береді. Мұндайда логикаға жат емес мардымды жауап айтылса, бала ол туралы міндетті түрде ойланады. Зерттей бастайды. Бұдан кейін жасөспірімдерде етеккір мен жыныстық қатынасқа қатысты көптеген сұрақ туындайды. Отбасыңызда мұндай тақырыптарда ашық сөйлесу мәдениеті қалыптаспаған болса, балаңызды маманмен жолықтырыңыз.

Сен бақыттысың ба?

Балаңызға бұл сауалды бірінші рет қоятын болсаңыз, оның бірден жауап бере алмайтынын байқайсыз. Дұрысы — бұл сауалды "Бүгін өзіңді қай кезде бақытты сезіндің?" деп кеңейту. Бұл сауал жиі қойылған сайын баланың назары бақытты сәттерге бағытталады. Тіпті, сіздің осы сауалды қоятыныңызды біліп, жақсы әсер қалдырған сәттерді көбірек есінде сақтайтын болады.

Өткен күнде не өзгертетін едің?

Бала үшін де, жасөспірім үшін де өзгерткісі келетін сәттердің аз болғаны жақсы. Өкінішке орай, толыққанды тұлға болып қалыптасқанша, өзгерткісі келетін дүниелері көп болады. Десе де, бала уақыт өте келе ертеңінде өкініп қалатындай іс-әрекет, таңдау жасамауға тырысады.

Сен осы үйдің ханшайымы/ханзадасысың

Жер бетіндегі жалғыз ханшайым/ханзада емес, осы үйдің деп айтуды ұмытпайық. Себебі, бала өзінен әлдеқайда алда келе жатқан құрдастарын көріп тосылып қалуы мүмкін. Кейін бар энергиясын өзге біреуден асып түсуге немесе өзін іштей жегідей жеуге жұмсайды. Кейде осындай қате тәрбие баланы өзімшіл, тәкаппар етіп шығарады. Сол үшін "осы үйдің" деп айтуды ұмытпаңыздар.

Арманың қандай?

Ұшқыштар А нүктесінен В нүктесіне бағыт алған ұшақтың тұмсығын минут сайын жетуі тиіс жерге бұрып отырады. Яғни ұшақ өздігінен ұшпайды. Сол секілді бала да арманына оны әйтеуір бір еске алу арқылы жетпейді. Күнделікті арманын еске салып отыратын болсаңыз, ол ертерек мақсатқа айналады. Кейін көп ұзамай жоспар да құрылады. Ересек адам бала күнгі арманын жүзеге асырған кезде ғана бақытты болатынын біліңіз. Тіпті, өзіне сай мамандықты да бала күнінде таңдап қояды.Саған көмегім қажет пе?

Әрине, баланың кез келген істі өз бетімен жасағаны жақсы. Десе де, барлығы бірден болып кетпейтіні сөзсіз. Осы сауал арқылы баланы ересек өмірде көмек қабылдай білуге үйретіп, қиын сәтте кеңес сұрайтын адамның бар екенін есіне саласыз.

Сені ұрыссам да, жақсы көремін

Кей ата-ананың туған баласын бір сәтке жек көріп кетуі заңдылық. Әсіресе, әйел адам баланың жанында көп уақыт өткізетіндіктен, кейде қатты сөздер айтып ұрысып жібереді. Осындай сәтте балаға біз оны жақсы көрмегендіктен емес, пайдасы тиер деген оймен ұрысқанымызды түсіндіру пайдалы. Қажет болса кешірім сұрағанның еш әбестігі жоқ. Бұл болашақта баланы объективті сынды қабылдай білуге үйретеді және байланыс үзілген сәтте тез татуласуға мүмкіндік жасайды.

Қазақтың отбасы, көбінесе, көп балалы болып келеді.Осыған байланысты болса керек, біздің халқымызда «балалы үй – базар» деген ұлағатты сөз де бар.

Көп балалы, барынша тату тұратын отбасының ерексек ұл-қыздары өзінен кейінгілерді тәрбиелеуде

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!