Материалдар / Баяндама "Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда әдебиеттің орны ерекше екендігі туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1076
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұрасы - бата-тілек, өсиет, өнегелі сөздер, ата салттары мен олардың өмірі. «Елің түзу болсын десең, бесігіңді түзе» демекші, әр балабақша жас ұрпақтарға ертегі, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, батырлар жыры, халық болжамдарын үйретіп, саналы түрде жеткізіп келеді.Жас бүлдіршіндерді балабақша есігін ашқан күннен бастап, сауатын ашып, машықтандырумен бірге олардың тіл мәдениетін дамыту арқылы халық қазынасын ұрпақ бойына халық педагогикасының аңыздар мен ертегілер сияқты тәрбие өрнектерімен сіңіруге бізде тырысудамыз. Балалардың бойына тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнарын, халықтық құнды мұраны жете сіңіру үшін сахналық қойылымдардың пайдасы өте зор.Болашақ жеткіншектеріміздің көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен, өзін де, өзгені де сыйлай білетін, жан-жақты мәдениетті , тәрбиелі, білікті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымға айналдырып, өздерін кейіпкер ретінде қатынастырып отырудың маңызы орасан зор.Әрбір ата-ана, әрбір тәрбиеші қысқа ертегі, әңгімелерді, аңыздарды, өлеңдерді рөлдерге бөліп, сахна көрінісін жасап, қойылымдар жасауға мән бергені жөн. Бұл әдістің пайдасы біздің кішкентай бөбектерімізіді сахнада ойнау арқылы жан-жақты өнегеге жетелейді.Жалпыға міндетті білім беру Стандартының 5 саласын қамтып, балалардың білімін арттыруға болады:Біріншіден, қарапайым шығармадан кереметтей сахналық көрініс жасауға болатынын сезініп, оған кіп-кішкентай болып өздері қатысқандарына қуанады, арман, қиял құшағына енеді, ақыл-ой белсенділігі күшейеді, бара-бара өз тарапынан да өнерін көрсете алады. Бұл жерде шығармашылығы дамиды, «Таным» білім беру саласы да кеңінен орын алып отыр.Екіншіден, өзі жасаған кейіпкердің сөзін жаттайды да тіл байлығы жетіледі. «Қатынас» білім беру саласын қолға алуға болады.Үшіншіден, сахнаны безендіруге қатысу кезінде әдемілікке, әсемдікке тәрбиеленеді, айналаны қоршаған ортаны тани түседі. «Әлеуметтік орта» жүзеге асыптұр.Төртіншіден басқа балалармен ұжымдық қарым-қатынасқа түсіп, адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмашылдыққа тәрбиеленеді. «Денсаулық» білім беру саласы бізді әдемілік-әсемдікке жетелейтіні сөзсіз.Сондай – ақ сахнада жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне үйренумен қатар жан-жануарларға, құстарға қамқорлық жасауға бейімделеді.Ендігі бір ұтымды жағы ретінде рөлді атқару арқылы бала жағымды, жағымсыз әдет, қылық, қасиеттерді ажырата білуге үйреніп, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады.Яғни тіл дамыту жұмыстарын қазақ халқының ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы – ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар балаларды байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.Ойыншықытар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар, т.б. туралы жұмбақтарды жасырып отырса, балалардың сөздік қорлары молаяды. Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтан да әрбір сабақта негізінен көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек еткен жөн.Осылайша, жан-жақты тәрбиеге баулынған бала бар жаттаған, оқыған, естіп, білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда да орынды қолдана алады. Бұдан шығатын қорытынды педагогтар балабақша сабақ үстінде тәрбие жұмысын тақырыпқа сәйкес 3-5 миныттық қойылымдар көрсете отырып жүргізсе, баланың қабылдау қасиеті күшейіп, көрген, білгенін, естігенін жаңғырта отырып, қайтара әңгімелеуде жетістікке жетеді.





















КММ «№42 орта мектеп» шағын орталығы













БаяндамаТақырыбы: Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы



Орындаған: Шабалова Алия Ибраимовна







Өскемен 2017жыл
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!