Бала тәрбиесіндегі ұлттық
ойындардың маңызы
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда
заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ
қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып
тұр. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан
қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі.
Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау
жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы
спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына
жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан
зор.
Ойын дегеніміз ұшқын,
білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Міне, ойын
дегеніміз – тынысын кең алысқа меізейтін, ойдан-ойға жетелейтін,
адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Мектеп жасына дейінгі жас
ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі
мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата – бабамыз
ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың
ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы,
мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп
санаған.
Ойын – мектеп жасына
дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы
Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп
айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады.
Ұлттық ойындардың мектеп
жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия
жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық
– Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш
ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы
баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке,
батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау
кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн
тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен
біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша
арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене
сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу
көзделеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің
мақсаты:
– ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана
отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық
шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
– қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес
үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз
жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі
бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
– жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі
тәрбиелеуге дағдыландыру.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың
қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса
құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты,
дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген
орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың
сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік
қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін
тигізеді
Шындығына келсек, адамның
өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше.
Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге
бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге
үйретеді.