Материалдар / Баяндама «Балаларды мектепке дайындау жұмыстары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Балаларды мектепке дайындау жұмыстары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама «Балаларды мектепке дайындау жұмыстары»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
858
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Баяндама

«Балаларды мектепке дайындау жұмыстары»

































Мектепке бару - кез келген баланың өміріндегі маңызды бір сәт. Оның мектепке аяқ басқан алғашқы күндері қалай өтіп, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қалай қалыптасса, оның сабақ үлгірімі де, келешек әлеуметтік табыстары мен өзін-өзі керсете білу қабілеті де кәбіне-көп солай қалыптаспақ. Осыған байланысты мектеп басшылары мен педагогтары алдында оқудың алғашқы кезеңін тиімді ұйымдастыру, білім ұясына жаңа келген баланың тез үйренісіп кетуіне жағдай жасау мәселесі алдыңғы кезекте турады. Бұл проблема әсіресе 12 жылдық оқуға көшу жағдайында айрықша кәкейкесті сипат алып отыр. Өйткені мұнда мектептік білім бөру жүйесі алты жастан басталмақ.Бейімдеу кезеңінің қажеттігін түсінбеу бала жүйкесініңжұқаруына, көпшілігінің соматикалық ауруға ұшырауына, мінез-қулықтарында келеңсіз жәйттер - «мектеп стресінің» пайда болуына әкеліп соқтырады. Тіршілік режимінің қайта құрылуы мен қозғалыс белсенділігінің күрт шектелуі, балада жауапкершілік сезімдерінің, жаңа міндеттердің пайда болуы, тәртіпке қойылатын қатаң талаптар, әрі ұзақ әрі жүйелі түрде жүргізілетін сабақтар, күрделі оқу бағдарламасы, айтарлықгай статистикалық жүктемелер, күн режимінің тиімсіздігі, мектепке дейінгі ұйымда белгілі бір тәртіппен берілетін тағам түрлерінен бөлек әрі сапасы да бөлек ретсіз тамақтану, күндізгі ұйқыдан қағылу - осының бәрі оқудың алғашқы аптасында кездесетін қиындықтар.Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балалардың жақсы оқып кетуі үшін қажетті алғышарттар жасалуы тиіс. Балалардың айнала қоршаған орта жөнінде,жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы, адамдар жайлы элементарлық, бірақ жеткілікті дәрежеде таным-түсініктері болуы; эстетикалық және адамгершілікі тәрбиенің бірқатар элементтері, атап айтқанда: мейірімділік пен зұлымдық, шындық пен өтірік туралы ұғымдары қалыптасқан болуы тиіс. Бұл міндеттер үйде және мектепке дейінгі сыныптарда, жексенбілік мектептердің «әзірлік топтарында», даму орталықтарында т. б. орындарда өз шешімін табуға тиісті. Мұнымен қатар мектепке даярлық тек интеллектуалдық дамумен ғана шек- телмейді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, туындайтын қиындықтардың негізгі бөлігі мектепке біржақты, тек интеллектуалдық даярлаудан келіп шығады. Баланы тұлғалық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да дамыту қажет. Бұл компоненттердің бірі жетілмеген болса, проблемаға әкеліп соқтырады. Ол проблеманы үш типологиялық топқа бөлуге болады.Бірінші топқа «энергиялық» интеллектуалдық пассивтілікпроблемасы. Мектепке физикалық тұрғыдан жеткілікті даярланбаған балалар осы топқа жатады. Мұндай балалар сабақтан тез шаршайды, енжар болады, қимылсыз немесе бір нәрсеге қобалжып отырады. Педагог мұны баланың салғырттығынан, қимыл-әрекет үйлесімділігінің сәйкессіздіктерінен байқай алады. Мұндай балалар материалды есінде дұрыс сақтай алмайды. Энергия запасының тым аздығы оларға ой еңбегімен көп шұғылдануға мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің түсіндірмелерін дұрыс қабылдап, өз қызметін өзі ұйымдастыруға шамасы келе бермейді. Олар оқу жүктемелерін келесі сыныпта да жөнді игере алмайды. Мұндай балалар шамшыл, ашуланғыш, жылауық және сотқар болып келеді. Әнергиялық пассив балалар тым баяу қимылдайды, өзіне-өзі сенімсіз болады, батыл шешім қабылдай алмайды.Екінші топтағы балаларға -«операциялық-техникалық» интеллектуалдық пассивтілік - ойлау процесінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту және т. б.) нашар дамуы тән. Олар қоршаған орта туралы таным-білімдерінің жет- кіліксіздігінен оқу материалын дұрыс игере алмайды, оқыған ережелерін жаңа материалға қолдануға шорқақ, оқып-үйрену жұмыстарын ұйымдастыру дағдысы төмен, тапсырмаларды өздігінен орындауға қабілеті жетпейтін бола- ды. Мұндай балалар ой қызметіне салғырт, пассив, абстракты ойлауды қажет ететін теориялық материалдарды игерулері нашар болып келеді.Үшінші топ - «мотивациялық» интеллектуалдық пассивтілік - оқып- үйренуге тұлғалық даярлықтың жеткіліксіздігі. Мұндай балалар өзінің оқушы ретіндегі рөлін түсінбейді, нашар баға қойғанға өкпелеп қалады, оның себебі не екеніне мән бермейді, бастаған ісін дұрыс аяқтай алмайды. Олар белсенді ой еңбегінен қашқақтайды, жұмыстан тез айниды, жеткілікті негіз жасамастан- ақ жылдам нәтижеге қол жеткізгісі келеді. Интеллектуалдық пассивтілік себептерінің бірі бала айналасындағы жеңіл-желпі көңіл көтеру бағытындағы ақпараттарға байланысты.Балалардың мектеп проблемаларына себептер де аз емес: отбасын- да психологиялық қолдаудың жоқтығы, мұғалім тарапынан педагогикалық көмектіңжетіспеуі, үлкендердіңавторитаризмі, отбасылық қайшылықтар. Бұған қоса мектепте жаттығу тапсырмаларын күштеп беру, жеке ерекшеліктерді ес- кермеу, балалармен қарым-қатынас жасау стилінің дұрыс таңдалмауы секіл- ді керіністер де байқалады. Мектепке дұрыс бейімделмеудің негізгі бір себебі,біздің ойымызша, мектеп табалдырығын жаңадан аттайтын балаларға қойылар бірыңғай талаптардың жоқтығынан. Мұндай талап бүлдіршіндердің мектепке әзірлік жағдайларын анықтап берер еді.Балаларды мектепте оқуға әзірлеу диагностикасының дер кезінде жасалуы алдағы мүмкін болатын мектеп қиындықтарын болжап білуге, олардың алдын алуға бағытталған педагогикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика әдістері арасынан баланы оқу және оқудан тыс кездері бақылау, балалар қызметі процесі мен оның нәтижелерін зерделеу, әңгімелесу, арнайы тапсырмалар беру секілді түрлерін қолданған орынды деп білеміз.Балалардың мектепке даярлығын анықтауға байланысты психологиялық- педагогикалық диагностика жасаудың ұсынылып отырған схемасын бүлдіршіннің мектеп табалдырығын аттаған сәтінде және бірінші сыныптағы апғашқы апта- ларында толықтай немесе ішінара қолдануға болады. Балалардың мектепке даярлығындағы ерекшеліктерді анықтау өр қилы педагогикалық құралдарды бүлдіршіндер танымын жетілдіретіндей, олардың бойында оңды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыратындай деңгейде дифференциалды түрде және мақраткерлікпен пайдалануына мүмкіндік береді.Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық - мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының қорытынды нәтижесі. Ол бірте-бірте қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты. Мектепке оқуға даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын ескереді.Мектепте оқуға психологиялық даярлық баланың негізгі психикалық сфераларының қалыптасқандығынан көрінед: ықыластанушылық (мотивациялық) адамгершілік, еріктік, ақыл-ой. Және бұлар оқу материалын табысты менгеруді қамтамасыз етеді.Баланың мектепте табысты оқу бағдарламасын мөңгөруіне оның бойында психологиялық сапа қасиеттердің болуын талап етеді. Олар мектепке баруға талап-тілегі, оқуға ынтасы қызығушылығы, логикалық ойлауы жеткілікті деңгейде болуы шарт. Атақтыпсихолог Л.А.Венгер пікірі бойынша, балалардың психологиялық даярлығы мына төмендегі аспектілерден құралады.

  • Баланың тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік мектел құқығы мәр- тебесін қабылдауға, оның құқығын біліп міңдеттерін орындауға дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне мұғалімдерге, өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық дайыңдыққа ықыластанушының белгілі даму деңгейі кіреді.Болашақ оқушы өзінің тәртібін, мінез- құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін басқаруы қажет.

  • Интеллектуалды даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-өрісінің нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Бала бірқалыпты және бөлшектенген таң- дамалы қабыпдауды қарастыратын материалға теориялық тұлғадан қарау элеметтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін және негізгі логикалық амалдарды, түсініп еске сақтауды меңгеру қажет.Интеллектуалды даярлықты дамыту мына жағдайларды қарастырады: таңдамалы қабылдау, аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен байланыстарды танып білу қабілеті, үлгілі қайталай алу қабілеті)

  • Мектепке оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығы.Даярлық бұл компоненті балаларды құрбы-құрдастарынан, басқа балалар мен мүғалімдермен - қарым-қатынас жасауға көмектесіп қасиеттерді қалыптастырады.Бала мектепте балалар ортақ іспен айналысып жатқан сыныпқа келеді. Бұл жерде оған басқа балалармен өзара қарым- қатынас орнату, балалар қоғамына ену, басқалармен бірлесе әрекет жасау тәсілдерін меңгеруін білу керек.Психологиялық даярлықтың аспектілері. Ақыл-ойының дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, әлеуметтік-психологиялық даярлық, еріктік-эмоциялықдаярлық.

Ата-аналарға кеңес.Баланың оқуға психологиялық даярлығы - оқу әрекетін меңгеруінің алғышарттарының бірі. Оқу іс-әрекетін табыстымеңгеруінемына төмендегі алғышарттар септігіи тигізеді.

  • Оқудың әлеуметтік және танымдықәрекеті.

  • Үлгі бойынша жұмыс жасай білу.

  • Ересектердің нұсқауын тыңдап орындай білу.

  • Баланың алған білімін қорытындылай білу.

Осы шарттарды меңгерген бала мектепте оқуға қабілеті жоғарылайды. Мектептеоқуға даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын ескереді.6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу оқу-тәрбие жұмыстарының жемісті нәтиже беруіне жағдайтуғызады.Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау психологиялық-педагогикалық зерттеу әдетте екі нұсқада жүргізіледі.

  • Мектептж жетілуді шамамен анықтау.

  • Тереңдетілген психолого-педагогикалық зерттеу.

Психикалық процестерді зерттеу үшін ұсынылатын тестілер жиынтығының үлгісі

  • Нүктелерді көшіру, зейін.

  • Кодпен хабарлау, зейін тұрақтылығы.

  • Ес, көру есі.

  • Мағынасы бойынша байланысқан он сөз, мағыналы ес.

  • Төртінші артық логикалық ойлау.

  • Сөйлеу тілі, сөздік қоры.

  • Қабылдауды анықтау.

  • Ерікті мінез-құлқын зерттеу, графи- калықдиктант.

  • Сөздік логикалық ойлауынбағалау.

  • Тілінің дамуын зерттеу.

  • Ұсақ қол бұлшықеттерінің дамуын зерттеу.

Балалар психологі баланың оқуға даярлығын жыл аяғында зерттеп тексеріп, нәтижесін шығарып отыруы қажет. Ата-аналарға осы зерттеулер нәтижесінің қорытындысы жөнінде хабардар етіп отыруы керек.Тәуелсіз Қазақстаннның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бүрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.А.С.Выготский бұл кезеңді “Жеті жастың өзгеру кезеңі” - деп атады. Балаларды мектепке дайындаудың нөтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек.Балалардың мектепке дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті психикалық жөне дене төрбиесінің сапалары қалыптасады. Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды.Баланы мектепке дейінгі оқытудың негізгі бөлімдеріне: балалардың дене бітімі дамуының, психикалық дамуының деңгейі және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жатады.Жалпы дайындық-ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір- бірімен тығыз байлаынсты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.Психологиялық дайындық- ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.Дене дайындығы - мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбек сүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.Жаңа ортаға үйрену. а)құрдастарымен ұрыспай, ренжіспей тіл табысу ә)үлкендермен тіл табысуБаланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын-әдістерін пайдалану, өзкезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.Мектеп алды тобында мектепке дайындау үшін психолог маман мынандай міндеттерді білуге тиісті:

  • Нені зерттейді оны қалай жүргізеді?

  • Кім оны зерттейді және қалай?

  • Шыққан нәтижені қалай пайдаланады?

Мектепке немесе гимназияға бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі шарттарды айтуға болады:

  • 1 .Үлкендермен қарым-қатынасы.

  • Құрдастарымен қарым-қатынасы.

  • Өзін-өзі бағалай білуі және сол бағаны төмендетуге үйрету.

Мектеп алды кезеңнің соңында баланың мінезі еріктіболады. Үлкендермен қарым-қатынасында балалар олардың берген білімдерін бар зейінімен қабылдайды. Балада еріктің дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбей, өз еркімен жасай алмайды. Сондықтан да мектепке баратын балалардың үлкендермен, қүрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуының зор маңызы бар.Құрдастармен қарым-қатынасы. Егер бала жанындағылармен тіл табыс алса, мектепте оқуға дайын деп есептеуге болады. Мұндай дағды баланың бойында кездеспесе, онда оған мектепте өте қиын болады. Мысалы: бірге оқып жүрген құрдастарының жауабын тыңдап, әңгімені толық аяқтай алмайды, бала өз көңіл- күйін білдіре алмайды (қуану, ренжу).Өзін-өзі бағалау нәтижесін әр түрлі жолмен зерттеуге болады (сырттай бақылау, сұрақ қою, белгілі бір жағдайға келтірілгенде).Ақыл-ой дамуы. Бүған психикалық процестердің, тілдің, есеп сабақтары арқылы логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады.6-7 жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмүнымен байланысты болады. Ес процесін жеке тексеру қажет.Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами береді. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей түрса, берген сүраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиісті.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!